Дария Жұмагельдинова

Жм, 16/06/2017 - 12:00 — julia

1951 жылы 14 маусымда металлургтер қаласы Теміртауда дүниеге келген.

Қазіргі уақытта Астана қаласында тұрып жатыр. Өмір бойы қызмет етіп, балаларын тәрбиелеген, көпбалалы ана (бес бала), кейін қолына қалам ала бастады. Әңгіме, ертегі, өлеңдер бірінен соң бірі шыға бастады. Жеті кітаптың авторы. Алғашқы кітабы «Мужчины умеют ценить умных женщин» 2006 жылы, ал екінші балаларға арналған «Еркетай есімді Еркеғали» повесі 2007 жылы жарыққа шықты. Ол 2012 жылы қазақ тіліне аударылып, қайта басылды. «Әсел-кисель», «Әкелер балалардан ажырамайды», «Озат-плебей» (2013ж.) жасөспірімдерге арналған кітаптар. «Өлеңдер мен ертегілер» жинағы үш рет қайта басылды (2009,2010,2012жж.). Ересектерге арналған «Мужчины умеют ценить умных женщин», «Мужчины не любят слабых женщин» кітаптары, сонымен қатар «Әзіл-сықақ әңгімелер» жинағы шықты, оған қазақстандық атақты жазушы Г.К.Бельгер алғысөз жазды. Жуырда «Әкелер балалардан ажырамайды», сондай-ақ Еркенің есеюіне арналған «Еркетай есімді Еркеғали» балалар повесінің екінші бөлімін басып шығарды. Туындылары қазақстандық «Простор», «Нива», «Театр kz» әдеби журналдарында басылып шықты. 2000 жылы «До шестнадцати и старше...» атты ресейлік журналда туындылары басыла бастады. Өлеңдері Қазақстан және Ресейдің поэтикалық жинақтарында жарияланған. «Менің отаным Қазақстан» екі дүркін жүлдегер атанды, «Қазақстан аңыздары» байқауында бірінші орынға және Қырғызстанда өткен «Сенің және менің қанымыз бір!» байқауында екінші орынға ие болды. 2013 жылы ресейлік «Халық жазушысы» сыйлығы белгіленіп, алтын қорға енді, Ресей Жазушылар Одағының мүшесі болып табылады. Егер Дария Жұмагельдиноваға әлемді не құтқарады деген сұрақ қойсаң, әлбетте «Мейірім» деп жауап берер еді. Өйткені оның өлеңдері шексіз мейірімге толы.

Біздің кітапханада:

Джумагельдинова, Д. Т. Еркегали по прозвищу «Кошмарик» / Д. Т. Джумагельдинова; худож. А. Мартынова.- Караганда: САНАТ - Полиграфия, 2007. - 94 с.

Джумагельдинова Д. Еркегали по прозвищу «Кошмарик»: повесть. Ч. 1 / Д. Джумагельдинова // Нива. - 2008. - № 11. - С. 127-151.

Джумагельдинова, Д. Еркегали по прозвищу «Кошмарик»: повесть. Ч. 2 / Д. Джумагельдинова // Нива. - 2008. - № 12. - С. 153-182. Джумагельдинова, Д. Джамиля - апа; Легенда об озере Шайтанколь: рассказы / Д. Джумагельдинова // Нива. - 2008. - № 2. - С. 182-191.

Джумагельдинова Д. Поэт и озеро Балхаш / Д. Джумагельдинова // Нива. - 2009. - № 6. - С. 146-165.

Ол туралы:

Мананникова Л. Дети - это маленькие взрослые: о творчестве Д. Джумагельдиновой / Л. Мананникова // Простор. - 2008. - № 10. - С. 134-138. Уюкбаева, М. «Заоблачные» сказки Дарии Джумагельдиновой / М. Уюкбаева // Простор.- 2009.- № 6. - С. 144-145.

Толығырақ:

Автордың жеке сайты


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 40 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана