Қыздар әлемі

Ср, 28/03/2018 - 16:06 — julia

27 наурыз күні көктемгі демалыс уақытында «Қыздар әлемі» клубының қыздары «миға шабуыл жасады». Әңгіменің сюжеті желісінде оның жалғасы туралы болжам айтылғанда, «Таным ағашы» сияқты сын тұрғысынан ойлаудың тәсілдері пайдаланылды.

Н. Богдановтың «Дружба» әңгімесі оқылды. Қатысушылар мәтіннің тақырыбына сүйене отырып, қағазға сюжет туралы өз болжамдарын жазу керек болды. Әңгімені 3 бөлімге бөлді және әр келесі бөлімді оқымас бұрын қыздар одан әрі не болатынын болжап, айтып отырды.

Айта кетсек, әңгіме соғыстағы екі жігіттің достығы туралы болды. «...Бұл өлең қызық болды: сөздері қазақша, ал сарыны рязандық. Қазақтың не туралы айтып жатқаны көбісіне қызық болды, дегенмен ол нақты аудара алмай, қызметте қалған, өз досы - Кузнецовқа сілтеді: оның аударатыны анық еді.

- Бір сөзбен айтқанда достық туралы, жақсы өлең!..- деп Иргаш әнін жалғастырды».

Іс-шараға қатысушылар мейірімділік пен бір-біріне деген құрметке тәрбиелейтін, достыққа қажетті маңызды адамгершілік қасиеттерді анықтады.

Фото


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 90 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана