Қазағымның қазынасы - домбыра

Ср, 03/07/2019 - 11:07 — Ольга А

Елбасымыздың шешімімен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып жарияланды. Осы күнге орай 2 шілдеде Наурызым ауданының Наурызым орта мектебінің 5-7 сынып оқушылары Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының өнер бөліміне «Қазағымның қазынасы - домбыра» іс-шарасына қонаққа келді. Іс-шараның мақсаты ұлтымыздың әдет - ғұрпымен салт - дәстүріне жан бітіріп оның құнды қалпын сақтап, ата - бабамыздан қалған асыл мұраны жаңғырту болып табылады.

Қазақтың қара домбырасның қасиеті де көп. Жастардың Отанға деген, еліне деген сүйіспеншілік қасиетін арттырады. Қазақтың рухын көтереді. Қоңыр үнді қалыпқа келтіру арқылы қазақ жастарының ақыл - ойын, санасын өсіреді. Ертеде әр қазақтың үйінің төрінде домбыра болған және оны балаға жастайынан үйретіп отырған. «Домбыра тартқан бала ешқашан жамандыққа бармайды, адаспайды» - деп ата - бабамыз текке айтпаған.

Іс-шара барысында қонақтарға домбыраның қасиеті туралы, оның түрлері мен құрылысы жайлы, домбыра туралы аңыздарды, одан шыққан әсем ән мен күйдің шығу тарихы жайлы айтылып, кітаптармен таныстырылды.

Оқушылар музыкалық аспаптардың ішінде домбырада ойнай алатындықтарын көрсетті, бірі домбыраның сүйемелдеуімен халық әнін шырқаса, бірі күй тартып берді.

Фото


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 116 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана