Сыр елі – жыр елі

Сс, 15/10/2019 - 13:44 — Ольга А

Биылғы жылы "Бір ел – бір кітап" республикалық акциясында бүкілхалықтық оқу үшін екі кітап таңдап алынды: Әбіш Кекілбаев "Аңыздың ақыры" және Әбділда Тәжібаевтың поэзиялары. Акцияның мақсаты - оқуды алға жылжыту бойынша бағдарламаны дамыту, оқу сауаттылығы мен мәдениетін қолдау, ана тіліне деген рухани қарым-қатынасты сақтау, сондай-ақ жастардың адамгершілік және патриоттық ықыласын арттыру.

14 қазанда ғылыми-көпшілік әдебиеттер бөлімінде Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетімен бірлесе отырып 1 курс студенттеріне Ә. Тәжібаевтың шығармалары бойынша "Сыр елі – жыр елі" атты әдеби вернисаж өткізілді. Студенттер белгілі қазақ ақыны және драматург, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, өз дәуірінің шыншылдығын бейнелейтін ұлы мұра қалдырған А. Тәжібаев туралы білді. Оның сценарийі бойынша "Жамбыл" көркем фильмі түсірілді. Драматургтің көптеген шығармалары ТМД және шет елдер халықтарының тілдеріне аударылды. Ол А. Пушкин, А. Островский, Г. Гейне және т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударды. Көптеген орден, медальдармен марапатталған. Шара барысында оқушылар ақынның "Найзағай ақын", "100 жасыңды туған ел тойлап жатыр", "Сырым менің, Сырым менің-сырласым..." және басқа өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Іс-шара барысында жазушының шығармашылығы туралы презентация мен видеоролик көрсетілді. Кездесу соңында "Сыр елі-жыр елі" атты кітап көрмесі ұсынылды.

Фото


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 77 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана