Ы. Алтынсарин "Қыпшақ Сейітқұл"

Жм, 18/10/2019 - 11:17 — Ольга А

16.10.19. ғылыми-көпшілік әдебиеттер бөлімінде Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың құрылғанына 135 жыл және ағартушының туғанына 178 жыл толуына орай іс-шара өткізілді. Іс-шара "Алтынсарин кездесулері" топтамасы аясында Ы. Алтынсарин атындағы ДБМ 10 сынып оқушыларының қатысуымен өтті.

Ақпаратты қызықты қабылдау үшін Эдвард де Бононың "Ойлаудың алты қалпы" әдісі қолданылды. Бұл стратегия балаларға ой еркіндігін сезінуге көмектеседі, іс-шара барысында оқушылар естігенін ой елегінен өткізуге, сондай-ақ өз пікірін айтуға және қорғауға үйретеді. Кездесуде балалар ағартушының өмірі мен қызметін зерттеу мен ұғынуға, өз жанынан пікір білдіру арқылы шығармашылықпен жақындады.

Талқылау ретінде Ы. Алтынсариннің "Қыпшақ Сейітқұл" әңгімесі алынды.

Балалар әңгімедегі басты кейіпкерлердің мінез-құлқын қызу талқылады. Мысалы, қызыл түстегілер өмірде еңбек ету арқылы көп жетістікке жетуге болады деген пікірде тұрақты қалдырды. Ал ақ "Болашақ" бағдарламасы бойынша білім алып, аз ақша жұмсап, бүгінгі күні де адал жолмен қаржылық әл-ауқатқа қол жеткізуге болатынына нақты мысал келтірді. "Сары" бас кейіпкер Сейітқұл еңбек пен ептіліктің арқасында бай болды деген пікір білдірді және "Еңбек бәрін жеңбек","Адам еңбегімен қадірлі" сияқты еңбек туралы мақал-мәтелдерден мысалдар келтірді. Ал "көк" адал еңбек ету арқылы байлыққа қол жеткізуге және ұзақ өмір сүруге болатындығымен қорытынды жасады.

Фото


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 147 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана