Кітап — білім көзі екені баршаға аян. Ол өзінің ұшы-қиыры жоқ кеңістігіне бойлайтын жаңа тылсым әлемнің терезесін айқара ашады.
Театрдың киім ілетін жерден басталатыны сияқты, кітап та мұқабадан басталады.
Мұқаба – кітаптың жұмсақ қағаз жабындысы, сондай-ақ оның көркем безендірілу элементі.
Қай кезеңде де мұқабаны безендіруге аса назар аударылған: оларды алтын әшекейлермен, бағалы тастардың қиыршықтарымен, өрнектермен, көркем оюмен жабдықтаған. Мұқаба кітаптың бет-бейнесі бола отырып, қазірдің өзінде маңызды роль атқарады. Әр адамға мұқабасы жақсы безендірілген кітап жағымды көңіл күй сыйлайды.
22 қаңтарда біздің кітапханамызда 2020 жылдың мерейгер кітаптарынының мұқабасының үлгісін жасаудан тұратын «Арт-мұқаба» байқауының қорытындысы мен қатысушыларын марапаттау бойынша іс-шара өтті. Байқау 2019 жылдың наурызы мен қарашасы аралығында өткізілді. Оған 70-тен аса үміткер атсалысты: қала мектептерінің оқушылары, Л.И.Русин атындағы көркем сурет мектебі, А. И. Никифоров атындағы мектеп, сондай-ақ изо-студиялар мен аула клубтарындағы үйірмелерге қатысатын балалар.
Байқау қорытындысы бойынша:
Лауреаттар:
1. Харитонова Маргарита - «Шешімнің ерекшелігі» номинациясы
2. Тетеренко Олеся - «Түс таңдауы» номинациясы
3. Полтавец Анастасия - «Шығармашылық орындау» номинациясы
Жүлдегерлер:
3-орын - Тюлькубаева Дамиля
2-орын - Сосова Алиса
1-орын - Асанова Аделия
Барлық қатысушыларға зор алғысымызды білдіреміз, шығармашылық жеңістер мен жетістіктер тілейміз! Байқаудың демеушісі - Забота дәріханалар желісі.