Міне көптен күткен көктем де келіп жетті. Онымен бірге көктемнің алғашқы ерекесі 8 наурыз да тереземізді қағуда!
8 наурыз меркесі қарсаңында Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері өткізген «Анама арналған ашық хат» шығармашылық шеберлік сыныбы өткізілді.
Шеберлік сыныбына қатысушылар Қостанай қалалық ерікті мүгедектер қоғамының қоғамдық бірлестігінің балалары болды.
Балалар өз тәлімгерлерімен бірге жұмыс істеуге әуестенді. Нәтижесінде шығармашылық шеберхананың әрбір қатысушысы өздерімен бірге аналарға арналған әдемі, жарқын ашық хат, әдемі көңіл-күй мен осында қайта оралудың үлкен ықыласын алып кетті…