Жалған ақпараттармен күресу керек пе?

Жм, 13/03/2020 - 13:22 — Ольга А

«Жажда человечности» клубының мүшелері осындай атаумен ток-шоудың «түсірілімдеріне қатысты», олар «білікті сарапшы» және оларды қолдап отыратын көрермендер рөлінде болды. Содан кейін әртүрлі әлеуметтік желілер мен мессенджерлеріне жалған жаңалықтар құрастырып, «жалған ақпараттар асханасына» тап болды. «Сиқырлы қорапшадан» үш жөн-жосықсыз заттарды таңдап алып, өздерін тәлімгердің көмекшісіміз деп елестетіп, қолда бар құралдарды қолданып медиасауаттылық бойынша ойын ойлап тапты.

Медиа әлемінде сауаттылықты дамыту үшін айла-шарғы жүйелерінің, жалған ақпараттардың қалай жұмыс істейтінін түсіне білу керек. Сондықтан интерактивтің мақсаты: тақырып бойынша бар білімді өзектендіру; тарихтағы жалған ақпараттардың рөлін еске түсіру, жалған жаңалықтардың айырым ерекшеліктерін белгілеу; өтірікті шындықтан ажырата білу; ақпаратты тексеру және құбылту. Жалған ақпараттарды құрастырудың себептері көп – күлкі ету ықыласынан арнайы ақпараттық оперцияларға дейін. Білу маңызды: фейк – ол сенен бірдеңеге жасырын түрде қол жеткізу (іс-әрекетінің бұрынғыдан өзгеруі немесе т.б.). Не істеу керек? Тексеру. Ақпаратты қайта-қайта тексеру. Фактчекерлердің достары – ғалымдар, дәрігерлер, мұғалімдер, саналы журналисттер, әрине – кітапханашылар мен сенімді ақпарат жазылған кітаптар. Мысалы: Ася Казанцева «В интернете кто-то неправ!» (Москва: АСТ: CORPUS, 2016 ж.), және Александр Соколов «Ученые скрывают?: мифы XXI века» (Москва: Альпина нон-фикшн, 2017 ж.).

Фото


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 386 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана