Бұл күн мақсаты – балалардың әдебиетке, кітап өнеріне және кітап мәдениетіне, балалар кітабының қол жетімділігі мен балалар оқулығының таралуына назар аудару. ХБКК-2020 жағдайында, IBBY атқарушы директоры Лиз Пейдж өзінің үндеуінде: «Бұл жыл Халықаралық балалар кітабы күні үшін ерекше болмақ. Біздің көпшілігіміз өз үйімізде оқшаулану тәртібінде отырмыз. Оған қарамастан, бұл ХБКК атап өтуімізге еш кедергі келтіре алмайды.
ХБКК-2020 демеушісі, IBBY Словен ұлттық секциясы бұл салтанатты барша әлеммен бөлісу тәсілін ойлап тапты. Сіздерге бар қажетті нәрсе – бұл бейне-үндеу түсіріп, жіберу үшін телефон».
IBBY Словен ұлттық секциясының басшысы Тина Билбан да барлық тілек білдірушілерді ХБКК-2020 мерекелеуге қосылуға шақырды: «Бізге осы болып жатқан жағдайда жақсы әдебиетпен байланыста болу маңызды. Біз ұстаздарға, оқу мамандарына, жазушыларға, кітап әуесқойларына Халықаралық Балалар кітабы күні – 2020 "Жажда слов" атты жолдауын IBBY Словен секциясының сайтында жарияланған аудармалардың бірінде немесе өз ана тілінде оқып, оны мына мекен-жайға жіберуді ұсынамыз: tinabilban@gmail.com. Бейнежазба Facebook парақшасында және секцияның веб-сайтында жарияланады".
Біз балалар аудиокітаптары мен спектаклдерінің сілтемелерін ұсынамыз:
https://www.litres.ru/detskie-knigi/skazki/
https://akniga.org/section/detskie/