"Оқуды ілгерілету: дәстүрді сақтаймыз, жаңаны іздейміз"

Жм, 27/11/2020 - 18:00 — Ольга А

27 қарашада Қостанай облысының балалар кітапханалары мен аудандық және қалалық ОКЖ кітапханашылары үшін "Оқуды ілгерілету: дәстүрді сақтаймыз, жаңаны іздейміз" атты облыстық семинар өтті. Семинар онлайн форматта, ZOOM платформасында өтті.

Кәсіби мамандар арасында оқу туралы әңгіме өте мазмұнды болды.

Ол Ы.Алтынсарин ат. ОБЖК кітапханашысы Бек Маргарита  Абдулаевна дайындаған "Балалар мен жасөспірімдердің оқу белсенділігін ынталандыру жүйесіндегі ұрпақтардың өзара байланысу мәселелері" баяндамасынан басталды.

Педагогика ғылымдарының кандидаты, РФ, Челябинск қ. ОКДБ МКБК ғылыми жұмыс жөніндегі бас кітапханашысы Наталья Константиновна Сафонова, тақырыпты жалғастырып, қазіргі балалар және олардың ақпаратқа, атап айтқанда оқуға деген көзқарасы, сондай-ақ жаңа балалар әдебиеті туралы айтып берді.

Мария Валяева, "OYLA" ғылыми-көпшілік журналының шеф-редакторы, Алматы қ., өзінің "Ғылымды насихаттау: жақсы, нашар, қатыгез. Шешімі қандай?" баяндамасында танымал ғылыми әдебиеттер әлеміндегі жаңалықтар туралы және жалған танымал ғылыми әдебиеттердің желісіне қалай кірмеу туралы айтты.

Семинар белгілі қазақстандық прозашы, балалар жазушысы және Алматы қаласындағы ашық әдебиет мектебінің оқытушысы Елена Георгиевна Клепикованың қатысуымен аяқталды, ол ашық әдебиет мектебінің жұмысы туралы айтып, Қазақстан әдебиетінде жаңа есімдерді атап өтті.

Семинар, қатысушылардың өздері атап өткендей, бір деммен өтті.

Ал біз бұл жоба Қостанай облысының кітапхана қауымдастығының кәсіби өміріндегі жаңа кезеңде ынталандыру болады деп үміттенеміз.

Фото


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 277 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана