Әр отбасында отбасылық мұрағат болуы мүмкін, ол кішкентай, бірақ ондағы заттар сіз үшін өте қымбат, отбасына жақын, жіп ретінде бізді өткенмен байланыстырады және тамырларын ұмытып кетуге мүмкіндік бермейді. Отбасылық жәдігерлер - хаттар, марапаттар, кітаптар, фотосуреттер, белгішелер, зергерлік бұйымдар т.б. мұрагерлік, қарапайым, тек сіздің отбасыңыз үшін ерекше құнды заттар.... Біз оларды ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, құрметтейміз және сақтаймыз. Бұл тізбекті үзуге болмайды!
«Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар Кеңесі және Ы.Алтынсарин атындағы Балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық кітапханасымен бірлесіп өскелең ұрпақты мәдени-әлеуметтік нормаларына, отбасының, қоғамның, мемлекеттің дәстүрлеріне баулу; отбасы мен еліміздің өткен тарихын және мәдени мұрасын зерделеу, үздік дәстүрлерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге және құрметтеуге негізделген отбасына деген құндылық қарым-қатынасты тәрбиелеу мақсатында «Отбасылық жәдігерлер» халықаралық қатысуымен желілік телекоммуникациялық жобаны өткізеді.
Жобаға қатысуға шығармашыл оқушыларды және олардың ата-аналарын, колледж студенттерін, сондай-ақ педагогтерді, кітапхана қызметкерлерін және барлық қызығушылық танытқан тұлғаларды шақырамыз.
Жобаның басталуы – 2021 жылдың 15 ақпаны.
Қорытындылау – 2021 жылдың 15 желтоқсаны.
Ата-бабалардың тарихына жүгіне отырып, біз өзімізді және балаларымызды өмірдің ажырамас тізбегіне қосамыз. Өткенді ойлай отырып, біз болашақ алдындағы жауапкершілікті өзімізге аламыз...
Жобаның шарттары туралы толығырақ сайттан оқыңыз: