Барлығымызда өз өлкемізді, өз қаламызды сүйеміз. Өмір тәлкегі қайда апарып тастаса да балалық шағын өткен жерді әрдайым сағынышпен еске аласың. Сол кезді еске ала отырып, қазіргі таңда жаңадан бой көтерген үлкен-үлкен үйлер, жаңа көшелердің орнығуы, қалалық алаңдардың көркейіп кеңейтілгені көзді қуантады. Қазіргі таңда Қостанай өз ерекшілігін жоғалтпаған қала, ал облыс болса Қазақстанда аты шыққан. Бірақ қаламыздың осындай қазіргідей өзгеріп, көркеюі үшін көптеген біздің жерлестеріміздің адамдардың еңбектері сіңді. Солардың ішінде Андрей Михайлович Бородиндің атқарған еңбегі ерекше орын алады. Қазан айында өз аймағының социалды-экономикалық дамуына баға жетпес үлес қосқан дана да, мықты басшының туғанына 100 жыл.
Әрине Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы да бұл айтулы күнді атап өтті. 26 қыркүйекте №1 мектептің 7 сынып оқушылары «А. М. Бородиннің дәуірі» атты видеожурналға қатысып, Қостанай жерінде өмір сүріп, еліңе, жеріңе қызмет еткен ғажап адамның тағдырымен танысуға мүмкіндік туды. Қазіргі кезде қаламыздың ірі көшелерінің бірі-Андрей Михайловичтің атымен аталады. Ал өзі Бородин тұрған үйде мемиоралдық тақта ілінген: