Бір сағатқа кітапханашы

Бс, 18/10/2012 - 16:27 — Айжан К

Достар! Балалар мен жастарға арналған облыстық кітапханада кез келген ниет білдірген оқырман қатысушысы бола алатын «Бір сағатқа кітапханашы» дублер-шоуының шегінде Жастар кітабы фестивалі өтіп жатыр. Ал өзін кітапханашы ретінде сынаудан қорықпаған біздің алғашқы оқырмандар Ы. Алтынсарин атындағы ДБМ-нің оныншы сынып оқушылары Кульмагамбетова Аида мен Куанышпаева Салтанат. Қыздар кітапхана жұмысына үлкен жігерлілікпен және жауапкершілікпен кіріскендерін айта кету керек: абонемент келушілерінен олардың не оқығысы келетінін жөндеп білуге тырысты, кітаптардың орналасуының айлалы жүйелерін біліп, кітапхана қорының жолдарын өз бетімен табуғы тырысып бақты. Ал кітапханашылар қыздарға күтпеген жерден келесідей сұрақ қойды: «Қалай ойлайсыңдар, біздің заманда кітапханашылар керек пе?». Бұл сұраққа қыздар бір ауыздан – «Керек! Себебі, біз өмірімізді қызықты, таңғажайып кітаптарсыз елестете алмаймыз» - деп жауа берді. Жұмыс барысында уақыт та зу етіп өте шықты, көзді ашып жұмғанша ертеңгі күні осында қайта оралу үшін қоштасатын уақытта жетті.

Бір сағатқа кітапханашы


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 110 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана