Бұл оқу құралы қазақ тілін кешенді оқытудың бастапқы А1 деңгейіне арналған. Құралда қамтылған материал Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес «Қазақ тілін оқытуға арналған типтік бағдарлама» бойынша дайындалды. Қазақ тілінің фонетикасынан басталған оқу құралы тіл үйренушінің қарапайым қажеттіліктерін өтейтін тақырыптар мен оларды меңгертетін жаттығулардың тығыз сабақтастығына құрылған. Жазу, оқу, сөйлеу, тыңдау дағдыларын меңгерту қатар жүріп отырады. Грамматикалық тақырыптар қарапайымнан күрделіге қарай машықтану жаттығуларымен дамытылады. Оқу құралындағы көптеген сабақтар аудиторияларда сынақтан өтті. Оқу құралы қазіргі тіл үйретудегі сұранысты ескере отырып, коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру мақсатында жазылған. Оқу құралы тіл үйренушінің келесі базалық А2 деңгейге өтуіне негіз қалайды.
Ойла: З. Күзекова, Б. Ақбұзауова Қазақ тілі
Бс, 30/06/2022 - 09:55 — Ольга А