Біздің кітапханада көптеген құпиялар сақталған. Бүгін қонақтарымызды нағыз қазынаны іздеу күтіп тұрды. Оны табу үшін балалар бұрынғы арбадан бастап, вагондармен және жүрдек пойызбен, ұшаққа дейін көлік құралдарын үнемі ауыстырып отырып саяхат жасады. Кітап корымыздан ең «қарт» кітаппен (1902 жылғы)танысып, «нейрондық желі» жазған цифрлық этикет бойынша қазіргі «зиянды кеңестерге» дейін саяхаттады. Олар Золушкамен бірге нағыз баллға барды. Үлкен өрмекшілер мен жарқанаттардан қорықпай, «зиянды кеңестерді», «пайдалы лайфхактарға» айналдырды. Соңғы аялдамада «кітапхана» сөзінен көптеген сөздер жасап, екі топ боп жарысқа түсті. Соңында қатысушы балалар мерекелік пазлды жинап, кітапхананың 65 жылдық мерейтойына арнайы жасалған тәтті шоколадты тортқа ие болды.
Кітапхана бойынша саяхат
Ср, 29/03/2023 - 14:41 — Ольга А