Халықаралық денсаулық күні жыл сайын 7 сәуірде атап өтіледі. Психикалық әл – ауқат адам өмірінің маңызды бөлігі болып табылады. Бүгін № 13 негізгі орта мектептің 6 сынып оқушылары үшін У. Сұлтанғазин атындағы Қостанай педагогикалық институтының магистранты, психологымен кездесу өткізілді. Виктория Бурикуловна Хакимова психикалық денсаулық, оны сақтаудың маңыздылығы туралы айтып түсіндірді. Балалар ертегі терапиясының көмегімен өздерінің, мінездерінің, артықшылықтары мен кемшіліктерін білді.
Денсаулыққа апаратын жол: Дүниежүзілік денсаулық күні
Жм, 07/04/2023 - 16:17 — Ольга А