13 жылдан кейін Қазақстанда ұлттық мереке - Республика күні тағы да атап өтілуде.
Мұндай мереке бірқатар елдерде, әдетте, мемлекеттің Республика болып жариялаған күні немесе Конституция қабылданған күні өткізіледі.
Атаулы күнге арналған «Таулардың, дала мен күннің өлкесі» көрмесі Қазақстанның сұлулығын – сәулеттік жетістіктерін (Бәйтерек, Хан Шатыр), сондай-ақ табиғаттың өзі сыйға тартқан байлығын ашып көрсетеді. Көрменің бір бөлімі еліміздің жазушыларына арналған, атап айтсақ, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Серікбай Оспанов, Ақылбек Шаяхметов және басқа да танымал адамдардың кітаптары ұсынылған.