«Өмірге күлімде, ол сені ұнатады» - осындай тақырыппен Қостанайдағы «Қостанай қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы» мемлекеттік мекемесінің балаларымен бір сағаттық жағымды қарым-қатынас өтті. Кітапхананың қабырғаларында балалар күлімсіреп, кейіпкерлердің эмоцияларын танып, күн мен смайликтің көңіл-күйін суреттеді, «Кім жылдам күледі» көңілді ойыны және «Жақсы-жаман» психогимнастикасы барлығына тамаша көңіл күй сыйлады.