Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында келер ұрпаққа ашық аспан, жарқын күлкі, алғашқы махаббат пен шат – шадыман қуаныш, ең сүйікті кітаптар мен міндетті түрде орындалатын армандар сыйлау үшін өмірлерін сарп етіп, сұрапыл күндерді бастарынан өткізген аға ұрпақты еске аламыз еске аламыз. Осындай ержүрек, батыр адамдардың арқасында өміріміз қызықты, керемет, жарқын болып отыр. Ол аңыз адамдардың арасында біздің қостанайлық жерлестеріміз де бар.
23 сәуір күні Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында қостанайлық белгілі ғалымдар, саясаткерлер, журналистер ұзақ жылдар бойы тер төккен "Кустанайцы - герои тыла. Личный вклад" кітабының тұсаукесері өтті. Шын мәнінде, бұл құндылығын ауыз толтырып айтатындай үлкен ұжымдық еңбек, өйткені кітапта біздің жерлестеріміз туралы естелік жазылған.
Кітапхана оқырмандары осындай керемет басылымның редакторы Қостанай облыстық ардагерлер кеңесінің төрайымы Вера Григорьевна Семёнованы және кітап кейіпкерлерінің бірі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері Көпей Әбдірахманқызы Мальчубаеваны ыстық ықыласпен қарсы алды. Қаламыздың құрметті тұрғындары Вера Григорьевна мен Көпей Әбдірахманқызы балаларға роликтер, айпадтар, 3d фильмдері болмаған, балалар ересектермен бірдей еңбектеніп, күнбағыс тұқымын талғажау еткен тылдағы балалық шақтары туралы айтып берді. Ол кез бақытты болды ма екен? Өз Отанын шексіз сүйетін осындай керемет әйелдердің мейірімді жүздеріне қарап, бұған еш күмәнің қалмайды. Ал біз, құрметті достар, Вера Григорьевнаның арқасында "Кустанайцы - герои тыла. Личный вклад" кітабы біздің кітапханамызда пайда болғанын қуана хабарлаймыз. Ол кітапқа қаншама рухани күш жұмсалғанын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес - құжаттарды дұрыстап, мұрағаттарды көтеру, туыстарын іздеп табу, соның нәтижесінде, сан алуан, бірақ барлығы дерлік қаһарман адам тағдырлары әлемге паш етілді... Мүмкін оның беттерінің бірінде сенің әжең туралы сөз болған шығар?