«Кітап жабылғаннан кейінгі оқиға» фанфикшендер шеруі

 

Өзіңе қатты ұнаған кітаптың соңғы бетін оқып отырып,кітаптағы оқиғаның жалғасқанын қалайсың ба?! Мүмкін кітабындағы оқиғанын жалғасын ойлап тапқан шығарсың?! Онда сен біздің «Кітап жабылғаннан кейінгі оқиға»деп аталатын фанфикшендер шеруіне қатысуына болады. Енді сүйікті кітабыңның жалғасын қиялдап,қалауынша аяқтауға мүмкіндік бар.
Біздің байқау 2014жылдың 1 тамызынан 25 желтоқсанға дейін жалғасады.
Жазыңдар! Қатысыңдар! Біз сендердің жұмыстарыңды күтеміз.

 

«Кітап -жабылады, оқиға- жалғасады»

фанфиктер әдеби байқауының ережесі

1. Жалпы ереже                                                                                                                                               
1.1. Осы Ереже «Кітап -жабылады, оқиға- жалғасады» фанфиктер әдеби байқауының ұйымдастырылу және жүргізілу тәртібін айқындайды.
1.2. Байқауды Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырады.
2. Байқау мақсаты мен міндеті
2.1. Байқау мақсаты: жас талантты авторларды табу және қолдау, олардың әдеби шығармашыл құрдастарымен араласуына мүмкіндік туғыу.
2.2. Байқаудың негізгі міндеттері:
- көркем әдебиетті оқуға тарту;
- әдеби шығармашылықтарын дамыту;
- фанфиктерді жау ережесін, тәртібін меігерту.
3. Байқауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
3.1. Байқауға он жастан жоғары балалар қатысады.Әр қатысушыдан бір шығармадан қабылданады.
3.2. Байқауға қатысушы жасына сай келетін орыс, шетел немесе отандық әдебиеттен алынған кез келген шығармаға жасалған фанфик қабылданады.
3.3. Қатысушыларға орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, кітапханашылар кеңес бере алады.
3.4. Байқау 2014 жылдың 1 тамызынан 2014 жылдың 25 желтоқсанына дейін жүргізіледі.
3.5. 2015 жылдың қаңтарында байқау қорытындысы шығарылып, ұсынылған жұмыстар бағаланады.
3.6. Байқау жұмысы (электронды түрде) мына электронды мекен – жайға «фанфики» белгісімен жіберіледі: albiblio@yandex.ru немесе мына мекен – жайға тапсырылады: Қасымқанов көшесі ,74 (баспа түрінде немесе электронды түрде).
4. Байқау жұмысының мазмұны мен ресімделуіне қойылатын талаптар
4.1. Байқау жұмысын ресімдеу: - фанфик атауы мен авторы - фандом –автордың тегі және фанфик жазылатын шығарма атауы - фанфик мәтіні.
4.2. Фанфик мәтінінің мазмұнына қойылатын талаптар: - Байқау жұмысы таңдап алынған шығарманы мазмұндамау керек; - қызықты, нақты сюжеті болуы керек ; - қажетті жұмыс көлемі –3 тен 15 баспа бетіне дейін;

4.3.Жұмысты ресімдеудегі техникал талаптар:                                                                                                   
- шрифт - Times New Roman; 14 өлшем; 1,5 интервал арқылы

5. Байқау қорытындысын жүргізу және жеңімпадарды марапаттау
5.1. Байқау қорытындысын жүргізу үшін әділ қазылар алқасы сайланады;
5.2. Байқау жұмыстарын бағалау үшін әділ қазылар алқасы Ережеде бекітілген талаптарды басшылыққа алады;
5.3. Әділ қазылар алқасы байқау талаптарына сай келмейтін жұмыстарды қарамауға құқылы;
5.4. Байқау жеңімпазы дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады;
5.5. Жеңімпаздар дипломдармен, сыйлықтармен марапатталады және Ежик журналының арнайы шығарылымында шығармалар басып шығарылады .
 
Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК
Ғылыми - әдістемелік бөліміне
сұрақтарыңызды қоюларыңызға болады
Тел: 39-00-42

Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 135 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана