24 қазан Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханасында бірінші облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Балалардың басын біріктірген кітап пен оқу және сонымен қатар өз оқуларымен бөлісуге келгендер үшін бұл күн нағыз мерекеге айналды. Бұл байқауға қалалық және аудандық турдан жеңгендер қатысты. Барлық қатысушылардың саны 21 болды. Байқау аясында қатысушылар өздері таңдаған прозалық шығармадан үзіндіні қазақ немесе орыс тілінде дауыстап оқыды. Байқаудың басты шарты: шығарма мектеп бағдарламасына енбеген болуы керек.
Таңдалған шығармалардың ішінде көркем әдеби сөздің хас шеберлерінің туындылары: Сайын Мұратбековтың «Ананың арманы», Шыңғыс Айтматовтың «Материнское поле», Джеймс Гринвуд «Өгей бала», Владислав Крапивин «Болтик» және т.б. үзінділер оқылды.
Байқауға қатысушыларды білікті әділқазылар алқасы бағалады. Әділқазылар құрамында:қоғам қайраткері, ақын, оқытушы - А. И. Суслова, И. Омаров атындағы облыстық қазақ театрының актеры - Қ. Иманов, Облыстық орыс драма театрының актрисасы - Л. И. Ромадина, Л.Толстой атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының әдеби-кеңес орталығының жетекшісі - С. С. Юсупова, ал әділқазылар мүшесінің төрағасы - Қостанай облысының мәдениет басқармасының орынбасары - Әмренова Гүлнар Кабдуалиевна болды. Әділқазылар алқасы тек қана актерлік шеберліктерін ғана емес, сонымен қатар образға енуін, көркем мәтіннің сезімділігін бағалады.
Әділқазылар алқасына балалардың дайындықтарын бағалау өте қиынға түсті, өйткені қатысушылардың барлығы да нағыз талант иелері болды. Бірақ байқауда жеңісте, жеңілісте болады. Сол себептен қатысушылар мынадай жүлделерге ие болды:
1орын - Қ. Сегізбаевтың «Жылдың ең қысқа күндері» шығармасымен, Мендіғара ауданынан келген - Орналы Майя.
2орын - С. Есенгелдиевтің «Жетім қыздың монологы» шығармасымен, Науырзым ауданынан келген - Адай Аружан.
3орын - Ж. Төлендінің «Сатқын» шығармасымен, Таран ауданынан келген - Нұргалиев Мерей
Актерлік шеберлігі үшін жүлдесі - О. Бөкейдің «Айпара-ана» шығармасымен, Қарасу ауданынан келген - Боранбаева Айша.
Ерекше шығарма жүлдесі - В. Крапивиннің «Болтик» шығармасымен, Қостанай қаласының оқушысы - Ермоленко Артем. Бейне сомдауда шеберлігі үшін жүлдесі - Ш. Айтматовтың «Материнское поле» шығармасымен, Сарыкөл ауданынан келген - Жанбалтина Алиша.
Байқау Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының қаржылық қолдауының арқасында өтті. Сонымен қатар Татьяна Викторовна Двуреченскаяның "POZITIV" ЖК полиграфиясының арқасында барлық қатысушылар қосымша арнайы ынталандыру сыйлықтарына ие болды.