«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму»

Дс, 01/02/2016 - 15:17 — julia

Қаңтар айының 26-28 күндері Ы.Алтынсарин атындағы кітапхананың оқу залында КМПИ 1 курс, 2 курс студенттерінің қатысуымен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2016 жылғы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арналған жолдауы талқыланды.
Елбасының жыл сайынғы жолдауы 2015 жылдың 30 қарашасында өтті. Президент өзінің халыққа арнаған Жолдауында нақты мәселелерді атап көрсете отырып, «Қазіргі әлемді жайлаған дағдарыс заманында не істеуіміз керек? Қандай міндеттерді жүзеге асыруымыз керек?» деген сұрақтарға тұщымды жауап беріп, одан шығудың жолдарын көрсетіп берді.
Жолдауда келесі тармақтарға ерекше назар аударды.Олар:
1.2017 жылдан бастаптехникалық мамандарды дайындайтын кәсіби-техникалық білім алу тегін болмақ.
2. «Жол картасының қамтуы» бойынша кадрларды қайта дайындау бағдарламасы.
3.Әлеуметтік бағдарлама-ешбір қиындықтарға қарамастан, халықты әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз ету.
Н.Әбішұлы: «Мен жастарымызды жұмысшы мамандығын белсенді меңгеруге шақырамын. Жұмысшы мамандықтарын меңгеру керек. Кезінде мен де жұмысшы киімін киюден бастадым, домна пеші от-жалынының жанында тұрдым. Үлгі алыңдар! Жылдар өтеді, бірақ, осы өмірлік тәжірибелерің, сендер қандай өмір жолын таңдап алсаңдар да, міндетті түрде кәделеріңе жарайды» деді өз сөзінде.
«Баршамыздың бір ғана мақсатымыз бар, ол мақсат –халық пен елдің игілігі! Бәріміз Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолында еңбек етіп, бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Біз бірлесе отырып, бүгінгі заман алдымызға тосып отырған барша қиындықтар мен сын-қатерлерді міндетті түрде еңсеретін боламыз», – деді.


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 157 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана