Марафон «Бір ел – бір кітап»

Ср, 05/10/2016 - 10:30 — julia

Барлық елде жыл сайын «Бір ел – бір кітап» акциясын өткізу дәстүрге айналған. Қазақстанда Республикалық акция халық арасында еңбекке лайық атаққа ие. Оқырмандар жалпы оқуға ұсынылған шығармаларды қуана-қуана оқиды және авторлардың өмірбаянымен, шығармашылығымен танысады.

«Бір ел – бір кітап» Республикалық акциясы әділқазыларының шешімі бойынша, 2016 жылы Қазақстанда бір мезгілде қазақ әдебиетінде тарихқа танымал XІX ғасырдың ақыны- Дулат Бабатайұлының шығармалары таңдалды. Тұңғыш өлеңдер жинағы 1880 жылы Қазан қаласында «Өсиетнама» («Книга поучений») жарыққа шықты. Кітапта ақынның сегіз жүздей өлеңі жиналды. Кітапханада «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Дулат Бабатайұлына арналған іс-шара өткізілді. Марафонға Экономикалық, Индустриялық колледждерінің студенттері және Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп оқушылары белсене ат салысты, марафонға барлығы 50 адам қатысты. Бұл іс-шарада Дулат Бабатайұлының шығармашылығы туралы кітаптар қойылды және өлеңдері қазақ тілінде оқылды, марафон 3 күнге созылды. Марафонның мақсаты – студенттер арасында ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқыту, насихаттау, қазақ әдебиетіндегі атақты адамдарды таныту, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, ақынның өмір жолымен таныстыру, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі мейірімділікке тәрбиелеу.

Ақынның өлеңдері өсіп келе жатқан жас ұрпаққа өз елінің, жерінің азаматы болуға шақырады.

 

Фото

 


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 143 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана