Масленица - бұл қысты шығарып салатын ежелгі мереке. Ежелгі заманнан бері бұл ең көңілді, шулы халықтық мереке. Бүгін сурет сабағында балалар осы мерекенің басты символын Масленица қуыршағы мен қызыл құймақ салды. Баршаңызды мерекемен құттықтаймыз!
Новости
Қазақ өнерінің үйі
Бс, 11/03/2021 - 14:19 — Ольга АӘ. Қастеев атындағы өнер музейі - Қазақстандағы ең ірі көркемсурет мұражайы және бейнелеу өнері саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу орталығы. Алматы қаласында орналасқан, 1976 жылы ұйымдастырылған. Бай, сан алуан, баға жетпес жинақ Қазақстанның, Еуропа мен Азия елдерінің, өткен дәуірлер мен қазіргі заман шеберлерінің көркем мәдениеті туралы айқын түсінік береді. Мұражайдың негізгі қорындағы экспонаттар саны 25 000 бірлікті құрайды. Осы жылы Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайына 45 жыл толады.
#қайырымды_істер_марафоны
Әжемнің ертегілері: Патша мен сарғалдақ
Бс, 11/03/2021 - 08:35 — Ольга АЕртегінің басты кейіпкері патша өте қатігез, халыққа қайырымсыз адам болады. Ол өз жұртынан ұнағанын тартып алып, уәзірлері болса оның айтқанын бұлжытпай орындап, халықты қан қақсатып, күн көрсетпепті. Бірақ ертегінің екінші бас кейіпкер Сарғалдақ құсы сол патшаның алдына келіп, қорықпай өз әнін айтып, патшаның ашуын келтіреді. Сарғалдақтың басын алғызуға әмір берген, патша: «өзі қазған орға өзі түседі», сөйтіп қатігез патшадан құтылған халық әділ де, батыл патша сайлап, еңбекші ел мұратына жетеді.
Әдеби бағдарлама: Асқар Алтай «Дегелеңдегі қызыл күн»
Бс, 11/03/2021 - 08:06 — Ольга АҚымбатты, әдебиет сүйер қауым! Бүгін сіздердің назарыңызға балалар әдебиетіне қалам тербеген жазушының бірі - Асқар Алтайдың «Дегелеңдегі қызыл күн» атты кітабымен таныстырғалы отырмын. Кітап Алматы қаласы, Арда+7 баспасымен 2017 жылы басылып шыққан. Жазушының бұл кітабына бұрын прозалық жинақтарында жарияланбаған «Сарытау серісі», «Аютамыр», «Бөкентұмсық» сияқты әңгімелері енген. «Дегелеңдегі қызыл күн» атты әңгімесінде автор Семейдегі атом бомбасы жарылысын аңдаусызда көзбен көріп, суқараңғы соқыр болып қалған Қажымұрат атты баланың аянышты тағдырын суреттейді. Жинақ балалар мен жасөспірім оқырмандарға арналған.
Оқу - бұл алға жылжу!
Сс, 09/03/2021 - 15:02 — Ольга А«Бірге дауыстап оқимыз! Облыстық акциясы «Оқу - бұл алға жылжу!» деген ұранмен оқуды жақсы көретіндердің барлығын біріктіріп, өз мәресіне жетті.
Облыстың 28 кітапханасында 2021 жылғы мерейтой-жазушылар: Ә.Табылдиев, Ә. Дүйсенбиев, Ы. Алтынсарин, М. Зверев, С. Мұратбеков, А. Волков, Е. Чарушин, М. Яснов және Ф. Л. Баумның шығармаларынан үзінділер шырқалды. Бұл күні 400-ден астам оқырман сөз сөйледі. Қатысқаны үшін барлығына алғыс айтамыз! Оның қалай болғанын көрейік…
Қуыршақшылар күні
Сс, 09/03/2021 - 14:54 — Ольга А21 наурыз Халықаралық қуыршақшылар күні.
Бүгін «Жанұя» отбасылық үйінің тәрбиеленушілерімен қуыршақ театры, алғашқы театр қуыршақтарының пайда болу тарихы, олардың түрлері және әрине қаламыздың облыстық қуыршақ театры туралы айтылды.
#қайырымды_істер_морофоны
Ойла: Ыбырай Алатнсарин. Шәкәрім Құдайбердіұлы
Сс, 09/03/2021 - 08:37 — Ольга А"Ыбырай Алтынсарин. Шәкәрім Құдайбердіұлы" "тұлғалар жинағы" жарық көрді. Кітапқа қазақтың ұлы ұстазы мен ойшылы-ақынның өмірі мен шығармашылығын жаңаша талдайтын зерттеу мақалалары мен еңбектері енген. Сондай-ақ жинақта ұлы бабаларымыздың хаттары мен естеліктері ұсынылған. Кітап көпшілікке арналған.
Әжелер туралы кітаптар – 2.
Жм, 05/03/2021 - 08:08 — Ольга АЖақында 8 наурыз - аналарымызды ғана емес, әжелерімізді құттықтайтын күн. Ең кішкентай оқырмандарымыз үшін - әжелеріміз туралы ертегілер, өлеңдер мен әңгімелерді ұсынамыз.
Шеберлік сыныбы: 8 наурызға ашықхат
Жм, 05/03/2021 - 08:05 — Ольга АКөптен күткен көктем мерекесі - 8 наурыз жақындап келеді! Біз бәрімізге қымбат және сүйікті жандар әйелдерімізді, аналарымыз бен әжелерімізді қуантқымыз келеді, олар үшін өз қолымызбен сыйлық жасағымыз келеді. Сізге гүлдермен шыныаяқ түрінде көлемді ашықхат жасауды ұсынамыз. Жұмыс істеу үшін сізге түрлі-түсті екі жақты картон, түрлі-түсті қағаз, қарапайым қарындаш, желім қарындаш, қайшы және шаблондар (гүлдер мен шыныаяқтар) қажет. Келе жатқан мереке құтты болсын, аяулы әйелдер!
Сурет салу сабағы off: Зағыпыран гүлі
Бс, 04/03/2021 - 16:24 — Ольга АНәзік гүлдер, қарайған жер, көктемгі аспан — осыларды бейнелейік! Шабыт алыңыз және бізге келіңіз. Әр бейсенбі, сағат 15:00-де біз жаңа акварельдік эскиздер жасаймыз.
