Жыл сайын, қырық жылдан астам уақыт бойы бүкіл әлемде Халықаралық темекі шегуден бас тарту күніне арналған акциялар өткізіліп келеді. Жыл сайын темекіге тәуелділіктен және одан туындаған аурулардан кемінде 1 млн.адам қайтыс болады. Есте қаларлық күннің мәні -темекі шегу - жаман әдетінің таралуын азайту. Темекіні тұтыну әлемдегі өлімнің басты себебі болып саналады. № 2 емхананың психологы Круглова Лилиана Дмитриевна "Темекі шегу сәнді емес, салауатты өмір салты сәнді" темекі шегудің алдын алу бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге шақырды.
Новости
Сурет салу сабағы: Қар қиыршығы
Жм, 27/11/2020 - 09:50 — Ольга АСәлем! Бүгін бізде жаңа жылдық сабақ. Қыс жақындап келеді, барлық жерде дерлік қар жатыр, ал Оксана мен Костик кішкентайлар үшін қар қиыршығын жасау бойынша сабақ дайындады. Сабақ үшін бізге қажет: фломастерлер, қағаз парағы, қарындаштар немесе қылқаламы бар бояулар. Мұның бәрі сіздің қиялыңызға байланысты. Барлығына сәттілік!
Шеберлік сыныбы: күлтелі гүл
Жм, 27/11/2020 - 09:48 — Ольга АБүгінгі таңда барлық тілек білдірушілер үшін, атап айтқанда балалар үшін біздің тұрақты шеберіміз Анастасия гофрленген қағазбен жұмыс жасау техникасын үйретеді. Бұл қызықты әдіс сізге қағаздан "ковер түсіруге" мүмкіндік береді. Сонымен, бізге қажет: түрлі-түсті гофрленген қағаз (жұқа, қалың айырмашылық жоқ), тіс шұқығыш таяқша немесе сіріңкелер, үлгі шаблоны (біз оны кішкентайдан бастағанымыз жөн), ПВА желімі, қайшы, картон және сансыз шыдамдылық пен табандылық!
Егемен Қазақстанның тұңғыш Президенті
Бс, 26/11/2020 - 16:16 — Ольга АОнлайн форматтағы тарихи саяхат
26 қарашада "Жанұя" отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін онлайн-форматта іс-шара өтті. Балалар "Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті" тарихи саяхатын жасады. Біздің еліміз бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде өзінің Тұңғыш Президентін таңдаған 1991 жылдың 1 желтоқсанынан бастау алатын мерекенің тарихымен танысты. 1991 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Тәуелсіз Қазақстанның тарихы басталды.
Іс-шараның соңында балаларды Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітаптармен таныстырды, сондай-ақ еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жазған кітаптар туралы әңгімеледі. Барлығы 7 кітап ұсынылды.
Әжемнің ертегілері: Ырыс алды - ынтымақ
Бс, 26/11/2020 - 08:09 — Ольга АБалалар қалай ойлайсыңдар, буылған бір құшақ тобылғыны не ағаш бұтағын топпен сындыру оңай ма, әлде бір-бірден сындырған оңайма? Әрине, «бір-бірден» - деп жауап бересіңдер. Бірақ балалар сендерде достарынмен, сыныптастарынмен буылған тобылғыдай бірлікте болсаңдар, сендерді ешкім сындырмақ түгіл, майыстыра да алмайды. Ал біздің ертегімізде де басты кейіпкерлер керісінше оңай жағын алып, бір-бірден сындырып, өз бірліктерін жоғалтып ала жаздады. Бірақ ақылды қария әкелері олардың кемшіліктерін бастарына басып, бір-бірлерінмен әрқашанда «Ырыс алды - ынтымақта» болып, өмір сүрсеңдер, сендердің қамалдарынды ешкімде бұза алмас деп түсіңдірген екен.
Оқуды ілгерілету: дәстүрді сақтаймыз, жаңаны іздейміз
Ср, 25/11/2020 - 10:05 — Ольга А27 қарашада Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы
"Оқуды ілгерілету: дәстүрді сақтаймыз, жаңаны іздейміз" онлайн семинарын өткізеді.
Семинар бағдарламасындағы баяндамалар:
- «Балалар мен жасөспірімдердің оқу белсенділігін ынталандыру үрдісінде ұрпақтардың өзара қарым-қатынас мәселелері»
Бек М. А., автоматтандыру бөлімінің кіапханашысы.
- «Заманауи балалар: кездесу орны», «Жаңа балалар әдебиеті, даму тренді»
Сафонова Н. К., педагогика ғылымдарының кандидаты,
РФ, Челябі қ. ОКДБ БКОЖ ғылыми жұмыс бойынша бас кітапханашысы.
- «Ғылыми дәріптеу: жақсы, нашар, қатыгез. Шешімі қандай?»
Валяева М., «OYLA» ғылыми-көпшілік журналының шеф-редакторы, Алматы қ.
- "Алматының ашық әдеби мектебі және әдеби кеңістікті қалыптастыру" прозашы, балалар жазушысы, ААӘМ әдеби мектебінің оқытушысы
Клепикова Е. Г. кездесу. Алматы қ.
Онлайн семинар ZOOM платформасында өткізіледі.
Басталуы 9.20
Ойла: Бейне-блогер бол
Ср, 25/11/2020 - 07:52 — Ольга АТанымал бейне блогер болғыңыз келе ме? Нағыз кәсіпқой ма? У. Путнэмнің 2019 жылы жарық көрген "Стань видео-блогером: подробное руководство" кітабы сізге көптеген пайдалы лайфхактарды ұсынады, сапалы контент жасауға үйретеді, түсірілім мен орнатудың құпиялары туралы айтады. Сен мақсатты аудиториямен сауатты қарым-қатынас жасауды, жарнамамен жұмыс істеуді, бейне монтажды және т. б. біле аласың!
30 жыл көшбасшылықта
Сс, 24/11/2020 - 16:44 — Ольга АСіздердің назарларыңызға әлем таныған, дарынды тұлға, іскер- саясатшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевқа арналған бейнебаянды ұсынамыз.Ол Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етті.
“... Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірді-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты-толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын...”
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Көлеңке театры: тарих пен заманауилық
Сс, 24/11/2020 - 16:04 — Ольга АБүгін "Сундучок историй" театр студиясының қатысушылары мен "Жанұя" отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілері виртуалды саяхат жасады!
Ол ежелгі Қытайдан басталды, өйткені "Көлеңке театры" сонда пайда болды.
Балалар әр көлеңке өз өмірімен өмір сүріп, атмосфера құратынын білді.
Сиқырлы ертегілер сандықшасы: Жеті жүрек
Сс, 24/11/2020 - 10:35 — Ольга АБалалар сіздер үшін "Жеті жүрек" қазақ халық ертегісін ұсынамыз. Бұл адамның жаны туралы әңгіме, ол шіріген алма сияқты мыжылып, ашулануы мүмкін, немесе күннің жылы сәулелері сияқты кең және мейірімді болуы мүмкін.
