Новости


Соғыс туралы естеліктер жүекте және кітаптарда

Бс, 09/04/2020 - 09:22 — Ольга А

Ұлы Отан соғысы туралы заманауи авторлардың көркем шығармаларына бейнешолу.

Қымбатты достар!

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығы қарсаңында сіздердің назарларыңызға Ы.Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы қорындағы көркем әдебиеттерді ұсынамыз.

Сол сұм соғыс туралы естеліктер ұрпақтан ұрпаққа өтіп, есте сақталуы тиіс.

Кітап оқу өткен мен болашақты жалғастырып тұратын жанды жіптің үзілмеуіне көмектеседі. Соғыс туралы көптеген кітаптар жазылды, оның қатары көбеюде, олар туралы заманауи авторлар да жазуда.

Видео



2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні

Бс, 09/04/2020 - 09:20 — Ольга А

Бұл күн мақсаты – балалардың әдебиетке, кітап өнеріне және кітап мәдениетіне, балалар кітабының қол жетімділігі мен балалар оқулығының таралуына назар аудару. ХБКК-2020 жағдайында, IBBY атқарушы директоры Лиз Пейдж өзінің үндеуінде: «Бұл жыл Халықаралық балалар кітабы күні үшін ерекше болмақ. Біздің көпшілігіміз өз үйімізде оқшаулану тәртібінде отырмыз. Оған қарамастан, бұл ХБКК атап өтуімізге еш кедергі келтіре алмайды.

ХБКК-2020 демеушісі, IBBY Словен ұлттық секциясы бұл салтанатты барша әлеммен бөлісу тәсілін ойлап тапты. Сіздерге бар қажетті нәрсе – бұл бейне-үндеу түсіріп, жіберу үшін телефон».

IBBY Словен ұлттық секциясының басшысы Тина Билбан да барлық тілек білдірушілерді ХБКК-2020 мерекелеуге қосылуға шақырды: «Бізге осы болып жатқан жағдайда жақсы әдебиетпен байланыста болу маңызды. Біз ұстаздарға, оқу мамандарына, жазушыларға, кітап әуесқойларына Халықаралық Балалар кітабы күні – 2020 "Жажда слов" атты жолдауын IBBY Словен секциясының сайтында жарияланған аудармалардың бірінде немесе өз ана тілінде оқып, оны мына мекен-жайға жіберуді ұсынамыз: tinabilban@gmail.com. Бейнежазба Facebook парақшасында және секцияның веб-сайтында жарияланады".

Біз балалар аудиокітаптары мен спектаклдерінің сілтемелерін ұсынамыз:

https://www.litres.ru/detskie-knigi/skazki/

https://www.papmambook.ru

https://akniga.org/section/detskie/

https://www.youtube.com/playlist…

https://xn----7sbabrtfclecozdeg8b6a.xn--p1ai/audiospektakli



2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні

Бс, 09/04/2020 - 09:20 — Ольга А

Бұл күн мақсаты – балалардың әдебиетке, кітап өнеріне және кітап мәдениетіне, балалар кітабының қол жетімділігі мен балалар оқулығының таралуына назар аудару. ХБКК-2020 жағдайында, IBBY атқарушы директоры Лиз Пейдж өзінің үндеуінде: «Бұл жыл Халықаралық балалар кітабы күні үшін ерекше болмақ. Біздің көпшілігіміз өз үйімізде оқшаулану тәртібінде отырмыз. Оған қарамастан, бұл ХБКК атап өтуімізге еш кедергі келтіре алмайды.

ХБКК-2020 демеушісі, IBBY Словен ұлттық секциясы бұл салтанатты барша әлеммен бөлісу тәсілін ойлап тапты. Сіздерге бар қажетті нәрсе – бұл бейне-үндеу түсіріп, жіберу үшін телефон».

IBBY Словен ұлттық секциясының басшысы Тина Билбан да барлық тілек білдірушілерді ХБКК-2020 мерекелеуге қосылуға шақырды: «Бізге осы болып жатқан жағдайда жақсы әдебиетпен байланыста болу маңызды. Біз ұстаздарға, оқу мамандарына, жазушыларға, кітап әуесқойларына Халықаралық Балалар кітабы күні – 2020 "Жажда слов" атты жолдауын IBBY Словен секциясының сайтында жарияланған аудармалардың бірінде немесе өз ана тілінде оқып, оны мына мекен-жайға жіберуді ұсынамыз: tinabilban@gmail.com. Бейнежазба Facebook парақшасында және секцияның веб-сайтында жарияланады".

Біз балалар аудиокітаптары мен спектаклдерінің сілтемелерін ұсынамыз:

https://www.litres.ru/detskie-knigi/skazki/

https://www.papmambook.ru

https://akniga.org/section/detskie/

https://www.youtube.com/playlist…

https://xn----7sbabrtfclecozdeg8b6a.xn--p1ai/audiospektakli



Балаларға базарлық

Дс, 06/04/2020 - 14:19 — Ольга А

Қазақмыс Тобы мен Қазақстан Жазушылар одағы жыл сайынғы ұйымдастыратын мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге арналған қазақ тіліндегі үздік әдеби шығармаларды анықтауға арналған «Балауса» байқауының бас жүлдесін иеленген суырып салма ақын, қолөнер шебері, әнші, балалар әдебиетінің белгілі өкілі, сатирик, домбырашы - Серікбаев Оспанов ағамыздың биылғы жылы 75 жылдық мерейтойы. Серікбай аға мерей тойыңыз құтты болсын. Сізге ғұмырыңыз ұзақ, деніңізге денсаулық, шығармашылық жолында шабытты болуыңызға тілектеспіз.

Бала кезінен әдеби туындылармен молынан сусындаған Серікбай ағамыздың өлеңдері таза, иірімдері жүрекке жылы тиеді. Сондықтан ол кісінің шығармаларын балалар сүйсініп оқиды. Сол поэзия жанрында көп еңбек етіп, оқырмандардың ыстық ықыласы мен құрметіне бөленген - Серікбай ағамыз өзінің тілге жеңіл, естіген жанға жағымды, көңілге жылы тиер әсерлі туындыларынан балаларға базарлық ұсынып отыр.

Видео



Жалған ақпараттармен күресу керек пе?

Жм, 13/03/2020 - 13:22 — Ольга А

«Жажда человечности» клубының мүшелері осындай атаумен ток-шоудың «түсірілімдеріне қатысты», олар «білікті сарапшы» және оларды қолдап отыратын көрермендер рөлінде болды. Содан кейін әртүрлі әлеуметтік желілер мен мессенджерлеріне жалған жаңалықтар құрастырып, «жалған ақпараттар асханасына» тап болды. «Сиқырлы қорапшадан» үш жөн-жосықсыз заттарды таңдап алып, өздерін тәлімгердің көмекшісіміз деп елестетіп, қолда бар құралдарды қолданып медиасауаттылық бойынша ойын ойлап тапты.

Медиа әлемінде сауаттылықты дамыту үшін айла-шарғы жүйелерінің, жалған ақпараттардың қалай жұмыс істейтінін түсіне білу керек. Сондықтан интерактивтің мақсаты: тақырып бойынша бар білімді өзектендіру; тарихтағы жалған ақпараттардың рөлін еске түсіру, жалған жаңалықтардың айырым ерекшеліктерін белгілеу; өтірікті шындықтан ажырата білу; ақпаратты тексеру және құбылту. Жалған ақпараттарды құрастырудың себептері көп – күлкі ету ықыласынан арнайы ақпараттық оперцияларға дейін. Білу маңызды: фейк – ол сенен бірдеңеге жасырын түрде қол жеткізу (іс-әрекетінің бұрынғыдан өзгеруі немесе т.б.). Не істеу керек? Тексеру. Ақпаратты қайта-қайта тексеру. Фактчекерлердің достары – ғалымдар, дәрігерлер, мұғалімдер, саналы журналисттер, әрине – кітапханашылар мен сенімді ақпарат жазылған кітаптар. Мысалы: Ася Казанцева «В интернете кто-то неправ!» (Москва: АСТ: CORPUS, 2016 ж.), және Александр Соколов «Ученые скрывают?: мифы XXI века» (Москва: Альпина нон-фикшн, 2017 ж.).

Фото



Сан қырлы Абай

Бс, 05/03/2020 - 13:32 — Ольга А

Жыл сайын наурыздың алғашқы сәрсенбісінде Дүниежүзілік дауыстап оқу күні өткізіледі. Акцияның мақсаты: оқуды қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау және өз эмоцияларын басқа адамға беру тәсілі ретінде көрсету. Біздің кітапхана бұл акцияны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығымен байланыстырды. Қазақтың ұлы ақыны, сазгері, ағартушысы, ойшылы, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушысы А.Құнанбаевтың есімі баршаға аян және бәрі үлгі тұтады. Оның шығармалары жақсылыққа тәрбиелейді, ой-өрісті дамытады. Ақын шығармаларымен сусындап, ұрпақ жалғастығы жоғары сана-сезіммен жалғасуда.

Акцияға № 11 мектептің 7 сынып оқушылары мен кітапхана оқырмандары атсалысты. Кітапханашылар балаларды ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы әртүрлі тілде жазылған шығармалар қойылған «Сан қырлы Абай» кітап көрмесімен таныстырды. Акцияны «Алыстан сермеп» әнімен Әлібек Айтбай ашты. Одан кейін Абайдың «Әсемпаз болма әр неге», «Ғашықтың тілі-тілсіз тіл», «Қыс», «Патша құдай, сыйындым», «Жігіт сөзі», «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» және басқа да шығармалырын оқыды. Балалар өздерінің сезімдерін жасыра алмады, ұлы ақын-ойшыл өз шығармаларында айтқысы келген ой мен сезімді жеткізгілері келді.

Фото



Фетротворчество

Бс, 05/03/2020 - 12:40 — Ольга А

Қазақ ұлттық киімдерінің сакралды мәнін білу үшін ҚМПУ студенттері өнер әдебиеттері бөліміне келіп, Зубайра Какенқызымен бірге қазақ ұлттық әшекейлерімен танысты. Олар фетр матасынан қазақ ұлттық киімдерін заманауи сән үлгісіне негіздеп, әдемі тастармен безендіріп жасап шықты.

Фото

№9 мектептің 3 сынып оқушылары 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, аналарына фетр матасына қазақ халқының оюларымен қызғалдақ гүлін жапсырып органайзер жасады. Балақайлардың шын жүректерінен шыққан ыстық лебіздерінен жасалған көктемнің жаршысы - қызғалдақ гүлі керемет болып шықты.

Фото



Сан алуан тәжірибелер: сурет сабақтары, кілем тоқу өнері, фетр

Ср, 04/03/2020 - 14:47 — Ольга А

Кейде әртүрлі шығармашылық түрлерінен құралған қызықты сабақтар және танымдық шеберлік сыныптары кітапханада бір уақытта өтеді. Өнер бойынша әдебиет секторы кез келген жағдайға дайын және бірнеше сыныпты бір мезгілде сыйдырта алатындары ерекше қуаныш пен мақтаныш тудырады. Бізде кең, жайлы және сабақтан кейін демалуға болады!

Бұл жолы да солай болды

Балалақайлар «Сурет сабағында» қарындаш сызықтарынан сүйкімді, кішкентай Миньонның анық суретіне дейін жетті.

Залдың келесі бұрышында жасөспірім қыздар кілем тоқудың қадамдап оқу сабағынынң қатысушылары болды.

Ал аналар мен қыздары фетрден көркем шығарма тудырудың қыр-сырымен танысты.

Фото



Көтемгі көңіл-күймен шығармашылық шеберхана!

Сс, 03/03/2020 - 15:50 — Ольга А

Міне көптен күткен көктем де келіп жетті. Онымен бірге көктемнің алғашқы ерекесі 8 наурыз да тереземізді қағуда!

8 наурыз меркесі қарсаңында Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері өткізген «Анама арналған ашық хат» шығармашылық шеберлік сыныбы өткізілді.

Шеберлік сыныбына қатысушылар Қостанай қалалық ерікті мүгедектер қоғамының қоғамдық бірлестігінің балалары болды.

Балалар өз тәлімгерлерімен бірге жұмыс істеуге әуестенді. Нәтижесінде шығармашылық шеберхананың әрбір қатысушысы өздерімен бірге аналарға арналған әдемі, жарқын ашық хат, әдемі көңіл-күй мен осында қайта оралудың үлкен ықыласын алып кетті…

Фото



Қарай гөр, Масленица!

Жм, 28/02/2020 - 11:54 — Ольга А

Кітапханада қыстың соңғы аптасы Масленицадан басталды. Фольклорлық мерекеге № 5 орта мектептің 4 сынып оқушылары қатысты. Балалар жүгірді, ойнады және ептіліктен күш сынасты. Шығармашылық пен қызыққа толы күн шеберлік сыныппен жалғасты — Масленица-қуыршақ дайындады. Барлық қызықты сабақтармен күн тез өте шықты.

Фольклорлық мерекелер-халық өмірінің өзі, халық көркем шығармашылығы. Ата-бабаларымыздың Масленица аптасы туралы дәстүрлерін еске түсірейік:

Мерекенің бірінші күні, дүйсенбі, Масленицаны қарсы алу: туыстары бір-бірімен кездеседі.

Сейсенбі ойынға, көңілді, қызықты іс-шараларға арналды. Ойыншылардың жас жігіттер өздеріне қалыңдық таңдаса, ал қыздар болашақ күйеулерге ұрлана көз салып жүрді.

Сәрсенбіде қайын енелер күйеу балаларын қонаққа шақырып, оларды құймақпен сыйлаған, сондықтан осы күннің аты да дәмді-Тәтті. Ал кешке қарай оларға басқа туыстар қосылып, қамқор аналарын даңқтайтын әндер шырқады, түрлі көңілді көріністер ойнатылды.

Төртінші күні шанамен сырғанау, әзіл-сықақ, басқа да көңілді салт-дәстүрлер ұйымдастырылды, ал сәнді киінген балалар ойын-күлкіге қарық болды.

Қайын енелерінің тәтті тағамдарынан кейін күйеу балалар оларға алғыстарын айтуға тырысты. Жұма күні қайын енелер күйеу балаларына қонаққа барды, оларды құймақтар мен тәттілермен сыйлады.

Сенбі күйеуінің туған-туыстарына дастархан жаюға арналған: жас келін қонаққа шақырды, ал қайынапалар (күйеуінің әпкелері) сыйлықтар сыйлады.

Жексенбіде барлығы бір-бірінен кешірім сұрады, жас жұбайлар ата-аналарына сыйлықтар сыйлады. Шулы Масленица ұзақ қыстың символы болып қызмет ететін қарақшыны жағумен аяқталды.

P. S.: келесі жылы өнер бойынша әдебиеттер бөлімінде Масленица мерекесін кеңінен өткізуді шешті, оған (біз үміттенеміз) қостанайлық рестораторлар да барады. Өйткені Масленица-ең дәмді мереке!

Фото


Синдикатты контент

Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 315 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана