Жарылқасын Нұсқабайұлының ертегісі бала тіліне жеңіл, әрі қызықты және ата-аналарға тәрбиелік мақсатта өте тиімді етіп жазылған тамаша туынды. Бұл ертегі қазіргі таңда өте өзекті тақырыпты қозғайды. Ол қандай тақырыптар дейсіздер ғой, - олар: кіммен ойнасаңда үйден алысқа кетпеуге, айтқанды тыңдауға, ешқашан біреуді мазақтамауға, ешкімге айтпай барма деген жерлерге кетіп қалмауға үйретеді. Сол себептен осы ертегіне аяғына дейін тыңдап, өз сүйікті ертегілерінің тізіміне қосуға асық.
Новости
Ойла: Ұлы даланың Ұлы қыздары
Ср, 19/08/2020 - 07:30 — Ольга ААнықтама санатында ұсынып отырған кітап байтақ Даланың 25 шақты әйгілі қыздарымен таныстырады. Аталған тарихи түлғалар өздері өмір өткерген дәуір кезендеріне қабыстыра ұсынылады. Алуан сипатты Евразия тарихы бұл басылымда ерен істерімен өздерінің Отанына деген шексіз сүйіспеншілікті таныта алған, адал да арлы жүрегімен махаббат пен сәуле нұрын себе білген, сұлулық пенданалықты тендей ұстанған қадірменді аналар атынан баяндалады. Кітап Ұлы Даланың әйгілі әйел - ана есімдерін қасиеттеп, қадір тұтатын көпшілік қауымға ұсынылады.
Атаулы және есте қаларлық күндер күнтізбесі
Сс, 18/08/2020 - 09:57 — Ольга АЫ. Алтынсарин атындағы ОБЖК өткенге немқұрайлы қарамайтын және балалар әдебиеті саласындағы оқиғаларды қадағалайтындар үшін 2021 жылға арналған атаулы күндер күнтізбесін ұсынады.
"2021 жылғы атаулы және есте қаларлық күндер күнтізбесіне" Біздің өлкеміздің, еліміздің тарихына енген оқиғалар енгізілді.
«2021 жылғы балалар кітаптарының жазушылары» ұсынымдық тізімінде сүйікті балалар жазушыларының маңызды әдеби мерейтойлары көрсетілген.
Сундучок волшебных сказок: Три друга
Сс, 18/08/2020 - 07:53 — Ольга АДостық-бұл тек қана уақытты көңілді өткізу ғана емес, ол ең алдымен қиын уақытта бір-бірін қолдап көмектесу. Осы ертегіні оқығаннан кейін қандайда өмірлік қиын жағдайларда болса да, тіпті өте қорқынышты кез болса да достарға әрдайым көмектесу керек екендігін түсінесің. Достармен қашанда қайғы мен өмірлік қиындықтарды жеңу оңайырақ, дос әрқашан көмекке келеді.
Бақа
Дс, 17/08/2020 - 08:04 — Ольга АЖаз мезгілінде "Кітаптарда демалыс жоқ" кітапханалық акциясы аясында көптеген ертегі кітаптар оқыдық. Оқылған ертегі кейіпкерлерін оригами әдісімен жасауға болады. Бүгін біз бақа жасадық. Жасалу жолын бейнежазбадан қарап, өздеріңіз жасасаңыздар болады. Сәттілік!!!
Сурет сабақтары: Кірпі (жаңа нұсқа;))
Жм, 14/08/2020 - 07:53 — Ольга АСәлем! Бүгінгі сурет сабағымыз тағы да Кірпі журналына арналмақ. Бірақ сіз қалаған нәрсенізді салуға болады)) өйткені бүгінгі Оксана мен Костиктің таныстыратын әдісі сізге кез-келген нәрсені бояуға мүмкіндік береді.
Сурет салу қылқалам, гуашь, қағаз парағы, су және жапырақтары үшін әдеттегі жиынтық қажет.
Сурет салуды бастамас бұрын жапырақтарды жинау керек. Сонымен, кірісейік!
Әжемнің ертегілері: Түлкі, аю және қойшы
Бс, 13/08/2020 - 07:48 — Ольга АҚазақ халық ертегілерінің бірі «Түлкі, аю және қойшы» ертегісі «Біреуге ор қазба, өзін түсерсің» - деген мақалдың мағынасына келмек. Ертегіде айлакер түлкі алдымен аюды әжуалап мазақтап, оған қулық ұйымдастырып қорқытып, артынан өзінің сондай айлаға алданып түсіп қалғаны туралы айтады. Қазақтың ескіден келе жатқан бұл терең мағыналы ойлары бар ертегілер кімді болсын алдамауға және біреуге жамандық тілемеуді үйретеді.
Думай: Хорди Баярри "Мария Кюри. Радиоактивность"
Ср, 12/08/2020 - 07:41 — Ольга АСіз комикстерді ұнатасыз ба? Егер солай болса, онда сізге Хорди Баярри «Мария Кюри Радиоактивность» деген кітабын ұсынамыз. Бұл өзін және тіпті сүйіспеншілігінде ғылымға арнаған ғалымның өмірі туралы қызықты комикс.
Сиқырлы ертегілер сандықшасы: Екі қаз бен бақа
Сс, 11/08/2020 - 07:12 — Ольга АДостар, сіздердің назарларыңызға "Екі қаз бен бақа" атты жануарлар туралы қазақ халық ертегісін ұсынамыз. Әр адам - бұл ыдыс. Ол өзін адалдық, тәрбиелік, бауырмалдық, мейірімділік қасиеттерімен толықтыру қажет. Осы қасиеттердің біреуі адам бойында болмаса, оны ақымақтыққа, надандыққа және менмендікке әкелуі мүмкін.