Новости


Әдеби хронограф: Андерсен Г.Х.

Сс, 14/04/2020 - 09:29 — Ольга А

2 сәуірде ұлы ертегіші Ганс Христиан Андерсеннің туғанына 215 жыл толды.

Андерсеннің ертегілері оқырмандардың көптеген легіне таныс әрі сүйікті және әлем әдебиетінің классикасына айналды. Әрине, 2 сәуір оның туған күнінде Дүниежүзілік балалар кітабы күнін мерекелеу тегін емес.

Ганс Христиан Андерсеннің өмірбаяны және шығармашылығымен танысу үшін біз сіздерге «Әдеби хронограф» парақшасын тыңдауды ұсынамыз.

Видео



Балалықты ұрлаған соғыс. Дубровин В. "Мальчишки в сорок первом"

Сс, 14/04/2020 - 09:28 — Ольга А

Біз ҰОС ең кішкентай кейіапкерлеріне арналған бейнероликтер топтамасын жалғастырамыз, бұл бүгін В. . Дубровиннің «Мальчишки в сорок первом» кітабы. Ол шынайы оқиғалардың рухани жалғасы болып табылады. Онда кішкентай кейіпкерлер күні-түні ересектермен бір деңгейде Жеңіс күнін жақындатып фашистерге қарсы соғысады.

Видео



Сурет салу сабағы. Жираф

Сс, 14/04/2020 - 09:27 — Ольга А

Біз бүгін керемет әрі таңқаларлық жануар – жирафтың суретін оңай және күш жұмсамай салып үйренеміз. Ол көптеген мультфильмдердің ең сүйікті, бейнелі кейіакері. Сонымен, саламыз ба?

Видео



Сурет салу сабағы: 1 сабақ. Ағаш

Сс, 14/04/2020 - 09:26 — Ольга А

Сәлем, үйде отырып сабақ оқу тәртібі кезеңінде, біз сіздердің назарларыңызға балақайларға ғана емес, басқаларға да арналған сурет салу сабақтары топтамасын ұсынамыз. өздері сурет салып үйренгілері келетін немесе өз балаларына сурет салуға үйреткілері келетінер үшін, не болмаса сіздерге ерекше, өз қолыңмен жасалған сыйлық қажет болса... Бір сөзбен сізге бізге келу керек!

Біздің сабақтарымызда сіз қолда бар материалдардан өзіңіздің, жеке жауһарыңызды жасай аласыз. Мысалы, алғашқы сабақта сізге А4 таза парағы, су құйылған банка, гуашь (3 түс: көк, ақ, қара), екі түрлі қылқалам, бояуларды араластыруға арналған тағы бір қағаз, қаптама (бұдырлы) қабыршығы. Ал ғажайып туынды жасауға аттанайық! Сәттілік!

Видео



Сүйікті кітаптардың мейірімді әлемі

Сс, 14/04/2020 - 09:24 — Ольга А

Көптеген балалар өлеңдер, ертегілер, әңгімелер жазады, бірақ оны не істеу керек екенін білмейді.

Үйде жасалған кітап керемет сыйлық болуы мүмкін! Бұл ерекше әрі жеке-дара бірдеңе жасаудың керемет тәсілі. қарапайым материалдар мен қиялың болса, нағыз жауһарды шығаруға болады.

Қараңыздар, үйреніңіздер, қиялға ерік беріңіздер! Сіздердің қолдарыңыздан келеді!

Видео

Мастер-класс



Әдеби хронограф: Абай Құнанбаев

Сс, 14/04/2020 - 09:22 — Ольга А

Қымбатты достар!

2020 жылы ұлы қазақ ақыны әрі ағартушысы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толып отыр. Абай Құнанбаевтың шығармашылығы - тек Қазақстан халқының ғана емес, барлық әлемнің мақтанышы.

Әлем екпіндеп өзгеріп жатса да, Отанға, өз туғандарына деген сүйіспеншілік, достықты және адалдықты бағалай білу өзгеріссіз қалады. Міне Абай Құнанбаев осыған үйретеді, сондықтан да оның шығармалығына баға жетпейді. Сіздерге ұлы ағартушының өмірі мен шығармашылығына арналған "Әдеби хронограф" парақшасын тыңдауды ұсынамыз.

Видео



Әжемнің ертегілері: Зерделі

Сс, 14/04/2020 - 09:16 — Ольга А

Балалар егерде бір қария сендерден: -Әкеден үш түрлі бала туады: бір бала әкесінен өте туады,бір бала әкесіне жете туады,енді бір бала,ол кері туады,- деп сұраса,немесе: -Балам,ақыл кімнен шығады,асыл неден шығады,қанат неден шығады,жанат неден шығады,санат неден шығады,оғат неден шығады,соны білесің бе десе,не дейсің? Осы сұрақтардың жауабымен өз жауабынды салыстырғың келсе,біздің ертегіміздің бас кейіпкері білгір,шешен Зерделінің жауабын тыңда....

Видео



Балаларға базарлық

Дс, 13/04/2020 - 09:08 — Ольга А

Қазақмыс Тобы мен Қазақстан Жазушылар одағы жыл сайынғы ұйымдастыратын мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге арналған қазақ тіліндегі үздік әдеби шығармаларды анықтауға арналған «Балауса» байқауының бас жүлдесін иеленген суырып салма ақын, қолөнер шебері, әнші, балалар әдебиетінің белгілі өкілі, сатирик, домбырашы - Серікбаев Оспанов ағамыздың биылғы жылы 75 жылдық мерейтойы. Серікбай аға мерей тойыңыз құтты болсын. Сізге ғұмырыңыз ұзақ, деніңізге денсаулық, шығармашылық жолында шабытты болуыңызға тілектеспіз.

Бала кезінен әдеби туындылармен молынан сусындаған Серікбай ағамыздың өлеңдері таза, иірімдері жүрекке жылы тиеді. Сондықтан ол кісінің шығармаларын балалар сүйсініп оқиды. Сол поэзия жанрында көп еңбек етіп, оқырмандардың ыстық ықыласы мен құрметіне бөленген - Серікбай ағамыз өзінің тілге жеңіл, естіген жанға жағымды, көңілге жылы тиер әсерлі туындыларынан балаларға базарлық ұсынып отыр.

Видео



Мастер-класс: Баскетболды оригами тәсілімен ойнайық

Дс, 13/04/2020 - 09:00 — Ольга А

Бүгінгі үйірмемізде карантин уақытында балалардың зерікпеуі үшін оригами әдісімен баскетбол ойынын жасадық. Жасалу жолы қиын емес, бейнематериалдан қарап , жасап алуыңа болады.

Видео



Бейбіт Қойшыбаев

Дс, 13/04/2020 - 08:53 — Ольга А

Белгілі жазушы, тарих ғылымының кандидаты, публицист Бейбіт Қойшыбаев 1945 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданында дүниеге келген. Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген ғалым. Жазушының «Жақсы көрем» кітабына қала мен ауыл мектептерінде оқитын жасөспірімдердің тыныс-тіршілігінен сыр шертетін туындылар енген. Кітаптағы ұзақ әңгімеллер, шағын хикаяттар мен повестер өте қызықты және юмормен жазылған. Кітап жасөспірімдерге арналған.

Видео


Синдикатты контент

Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 87 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана