Новости


Университет білімі

Ср, 17/01/2018 - 15:07 — julia

15 қаңтар күні ғылыми-көпшілік әдебиет бөлімінде «Университет білімі» жобасы - пәндік дәрісхана бастау алды. Дәрісхананың алғашқы циклінің тақырыбы — биологиялық ғылымдар.

Алғашқы кездесуге Облыстық тарихи-өлкетану музейі Табиғат бөлімінің қызметкері - Андрей Валентинович Андрющенко шақырылды. Ол өзінің сүйікті авторларының әдебиеттерін ұсынды: Д. Даррел «Гончие Бафута», «Сад богов», А. Э. Брэм «Жизнь животых», И. А. Шапиро «Загадки растения-сфинкса», М. Ф. Ивахненко «Живое прошлое земли», «Беззащитные властелины», А. Смородинцев «Беседы о вирусах». Бұл кітаптардың барлығы өсімдіктер мен жануарларға деген ғажайып сүйіспеншілікті, қоршаған әлемге деген адамшылық қатынасты меңгертеді. Тамаша табиғат зерттеушісі Джеральд Даррелл өркениеті әлі дамымаған әлем - Орталық Африкаға жасаған экспедициясы туралы жазады. Таулы Камерун жануарларының сирек кездесетін жануар түрлерімен, олардың қызықты дағдыларымен, Бафут әміршінің жарқын философиясымен және оның құзырындағы жайдары адамдарымен таныстырады. Ирина Александровна Шапиро - биолог, саңырауқұлақ пен балдырдың өзара бірегей селбесуін табыстыратын қыналардың, ағзалардың физиологиялары жөніндегі маман. Көптеген инфекцияларды таратқан вирустың пайда болу тарихы, вакцинаның жасалуы туралы, әлі зерттелмеген аурулардың қоздырғыштарын іздеу туралы профессор Александр Смородинцевтің кітабында мәлімделеді.

Андрей Валентинович ертеден белгілі болып көрінген нәрселерге жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік берген ресурстарды таба алды. Кітаптарға шолу қызықты, әрі танымды болды, №2 мектеп-лицейдің 8-сынып оқушыларына шолу өте ұнады.

Дәріс «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Президент жыл сайынғы Жолдауында білім — болашақ ел жетістігінің іргелі факторы оны әрбір қазақстандық түсінуі тиіс дейді. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы тиіс.

Фото



Дауыстап оқу

Сс, 09/01/2018 - 10:59 — julia

Қысқы демалыстың соңғы күндері Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК-ның мектеп жасына дейінгі балаларға және 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Қыс Ананың ертегілері» атты дауыстап оқу өтті. Біз балалармен бірге С.Маршактың «Двенадцать месяцев» және Х.К.Андерсеннің «Снеговик» ертегілерін оқып, кейін талқыладық. Одан басқа біздің оқырмандарымыз жаңа жылдық ғажапқа сенеді ме, расымен де ғажайып болады ма деген сұрақтар жайлы сөйлестік. Қатысушылар бірігіп жаңа жылдық «Қысқы өрнек» көрмесінен алған кітаптардың үзінділері бойынша ертегі үзінділерінен өз ертегілерін құрады. Түсініксіздеу, дей тұра қызықты және көңілді ертегілік оқиға шықты, тіптен балалар сол оқиға бойынша сурет те салды.

Сонымен қатар біз өз оқырмандарымыз үшін «Ғажайып ертегілер карнавалы» атты қысқы мульт-фейерверк өткіздік. Қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлаған, жақсы жаңа жылдық мультфильмдер көрсетілді.

Фото



Сиқырлы қолдың өнері

Дс, 08/01/2018 - 16:36 — julia

6 қаңтар күні Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК-ның өнер бөлімінде «Қыздар әлемі» әдеби клубының қатысушылары үшін «Сиқырлы қолдың өнері» деген тақырыппен шеберлік сабағы өтті. Сабақта майда моншақ, иірімжіп және қағаз сияқты материалдар пайдаланылды. Кітапханашы иірімжіп пен майда моншақтан қалай білезік өруге болатынын тәртіптеп түсіндірді. Ал қағаздан жаңа жылдық аппликациялар мен қар бүршіктері жасалды. Шеберлік сабағы шағын дастархан жайылуымен аяқталды, дастархан басында қыздар оқыған кітаптарынан алған әсерлері жайлы достық жағдайда бөлісіп, жаңа жылдық ғажайыптар туралы әңгімелесті.

Фото



Шығармашылық алаңы

Дс, 08/01/2018 - 11:17 — julia

Кейде адам өмірінде шығармашылық танытып, бірдеңе жазып, өзіңді көрсеткің келетін уақыт болады! Айтпақшы, бұрын поэзия деген сөзбен көркем әдебиетті, ал прозамен қалған барлық сөздік шығармаларды атағанын, сіздер білесіздер ме?..

Қысықы демалыс кезеңінде Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК-да «Шығармашылық алаңы» әдеби студиясы аясында біз екі кездесу өткіздік: «Тарих құрастырушы» және «Поэзия — ерекше әлем». Мұнда, шығармашылық лабораториясында қатысушылар: әңгіменің композициясы дегеніміз не және оны қызықты етіп қалай жазуға болады; өлеңді қалай шығару керек; өлеңнің көлемі дегеніміз не және т.б. көпті білді. Алынған барлық теориялық материал сол арада бірден практикаға ұласты, сонымен қатар қатысушылар қуана-қуана әдеби ойындарға атсалысты.

Фото



Жаңа жылдық қарбалас немесе Жаңа жылыңызбен!

Жм, 05/01/2018 - 16:33 — julia

Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК-ның 1-6 сынып оқушылары мен мектеп жасына дейінгі балаларға қызмет көрсету бөлімінде қысқы демалыс кезеңінде «Жаңа жылдық қарбалас немесе Жаңа жылыңызбен!» атты жаңа жылдық мереке болып өтті. Ең алғашқы оқырмандар «Төбет ит барлығын шақырады» атты жаңа жылдық фото-кросқа қатысты. Жыл символымен естелікке суретке түсушілер суретке түсті. Төбет Лопух тағы да жануарлар туралы жұмбақтар жасырып, оқырман нөмірлерін ойнатты.

Сонымен қатар оқырмандар «Жаңа жылдық шыршадағы ермектер» брейн-рингіне қатыса алды. «Аққала» мен «Қар бүршігі» болып бөлінген екі топ өзара жарысқа түсті. Тапсырмалары өте қызықты, әрі өзінше әртүрлі болды: зияткерлік, музыкалық, қызықты, шығармашылық. Көркем әдебиетті қаншалықты білетіндерін тексеру де байқаудан тыс қалмады. Топтар байқауларға құмарлықпен, қызығушылықпен қатысты: әдеби пазлдарды құрды, викторина сұрақтарына жауап берді, музыкалық шығармалардың үзінділері бойынша әндерді тапты, жаңа жылдық сурет салды. Іс-шара соңында әділқазылар алқасы қорытынды шығарды. Мәреге достық жетті! Қатысушылардың барлығы тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Фото



Жақсы сөз — жанға қуат

Жм, 05/01/2018 - 15:04 — julia

4 қаңтар күні Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК-да «Қыздар әлемі» әдеби отырысында «Жақсы сөз — жанға қуат» деген тақырыппен оқырман шығармашылығының лабораториясы өтті. Қыздар Дарья Вилькенің «Туманность Архипкина» әңгімесін оқыды.

Балалар уайымының асыра көрсетілуі және нақтылығы — балаларға арналған қазіргі әдебиетте сирек кездесетін құбылыс.

Автор оқырмандарына ЖРВИ-мен немесе тұмаумен ауырып жатқан балаға деген қарым-қатынас жайлы айтпайды. Ол бала дамуы жағынан сәл артта қалып келеді, дегенмен ол да ойнап-күлгенді жақсы көреді. «Архипкинді жай ғана Архипкин деп атаған. Оның есімін ешкім де білмеген. Архипкиннің құрбысы болмақ түгел, оған қыздар қарамаған да. Тіптен онымен кездесуге де, кездестіруге де тырыспаған. Және «Архипкинді Айға жібереміз бе?» деген сөзді бірінші болып кім айтқанын да ешкім білмейді. Ал келесі күні Архипкин жоқ болып кетті».

Клубқа қатысушылар Архипкиннің қайда кеткені жайлы біраз ойлап табуға тырысты, сонда Архипкин қайда кетті, әңгіме неліктен Архипкин деп аталады. Сіздер осы жайлы білгілеріңіз келе ме? Онда кітапханаға қош келдіңіздер!

Фото



Жаңа жылдық мозаика

Бс, 21/12/2017 - 16:44 — julia



Менің Қазақстаным, мен сені мақтан тұтамын!

Бс, 14/12/2017 - 08:05 — julia

16 желтоқсан — еліміздің азаматтары үшін ерекше күн, себебі Республиканың жаңа тарихы бастау алып, кешегі күн тарих парағында қалған күн. Ғасырдан астам уақыттан бері жаңа тарих жолымен келеміз. Елімізде көп өзгерістер болды, содан бері біз бірігіп мықты құқылы ел құрдық.

Қазақстандық патриоттықты, белсенді азаматтық ұстанымды, патриоттық сана-сезімді қалыптастыру мақсатында ғылыми-көпшілік әдебиет бөлімінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «Туған жер» базалық бағыты аясында «Менің Қазақстаным, мен сені мақтан тұтамын!» деген тақырыппен патриоттық сағаты болып өтті. Іс-шараға ҚҚ КСК-нің 1-курс студенттері шақырылды. Іс-шара барысында кітапханашы студенттермен бірге тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу жолына толық шолу жасады — қазақ хандығынан Қазақстан Республикасына дейін. Ел дамуына үлкен үлес қосқан адамдардың есімдерін еске алды. Сонымен қатар балалар еліміздің дамуы үшін не істей алатындарын да айтып өтті. Біріншіден - барлық салада білім алып, сауатты дипломды маман болу.

Кездесуден кейін балалар «Халықтың басты жетістігі — Тәуелсіздік» кітап көрмесімен танысты, онда мемлекетіміздің Тәуелсіздігінің қалыптасуының негізгі кезеңін ашатын кітаптар қойылды.

Фото



Халық үшін ұлы күн

Бс, 07/12/2017 - 10:52 — julia

«Халық үшін ұлы күн» Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 6 желтоқсан күні 1-6 сынып оқушылары мен мектеп жасына дейінгі балаларға қызмет көрсету бөлімінде «Рухани қазына» бағдарламасы аясында 14-мектептің 1-сынып оқушылары үшін Тәуелсіздік күніне арналған «Халық үшін ұлы күн» тұлға сағаты болып өтті.

Тәуелсіздік күні мемлекеттің негізгі белгісі ретінде, әлемде ең маңызды мереке ретінде аталады. Қазақстан үшін Тәуелсіздік күні мемлекеттің егемендігі туралы идеяны тарихта бейнелеу үшін енді. Бұл күннің ерекшелігі - Қазақстан халықтарының бірлігі сезімін нығайтып, күшейтуінде.

Дәстүр бойынша осы басты мерекені Қазақстанның көп ұлтты халқы жыл сайын желтоқсанда атап өтеді. Біздің кітапхана өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне үлкен мән береді; жоғары деңгейдегі патриоттық сананың қалыптасуына, еліне деген мақтаныш сезімнің қалыптасуына. Атаулы мерекенің мағынасын айқындау үшін балаларға «Қазақстан әліпбиде» зияткерлік ойыны мен патриоттық видео-ролигі ұсынылды.

Жас оқырмандар Қазақстан біздің үлкен, қонақжайлы ортақ үйіміз, біз оны сүйіп, қорғау керек екенімізді айтып өтті. Іс-шараға барлығы 32 оқушы қатысты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер туған ел» базалық бағытының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында Ы.Алтынсарин ат. ОБЖК-да өткен -Тәуелсіздік күні туралы ақпарат.

Фото



Ұлт Көшбасшысы: кеше, бүгін, ертең

Ср, 29/11/2017 - 14:07 — julia

29 қарашада ғылыми-көпшілік әдебиет бөлімінде "Ұлт Көшбасшысы: кеше, бүгін, ертең" тұлға сағаты өтті, шараға №9 және №2 мектептің 8-сынып оқушылыры қатысты. Іс-шара мақсаты оқушыларды еліміздің тарихи қалыптасу оқиғаларымен таныстыру, Тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы Президент Н.Ә.Назарбаевтың маңызды рөлін ашу, Презитентімізді мақтан тұтуға, Отанға деген патриоттық сезімін, махаббатын оятуға тәрбиелеу. Шара барысында оқушылар Отан туралы өлең оқып, Республика жайлы викторинаға белсенді атсалысты. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті" туралы деректі фильм тамашалап, шара соңында "Тәуелсіз ұлт Көшбасшысы" деген тақырыппен дайындалған кітап-журналдар көрмесімен танысты.

Фото


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 120 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана