Новости


«Кітап патшалығында»

Бс, 19/10/2017 - 16:34 — julia

18.10.2017ж. №2 бала бақша ата-аналарының сұрауы бойынша, Ы.Алтынсарин ат.ОБЖК-да 1-6-сынып оқушылары мен мектеп жасына дейінгі оқушыларға қызмет көрсету бөлімінде есту қабілеті бұзылған балаларға арналған «Кітап патшалығында» атты театр элементтері бар экскурсия ұйымдастырылды. Мыстан кемпір балаларды қарсы алып, кітапхана ішіне саяхат жасады. Жас оқырмандарды сөрелерде қандай кітаптар күтетінін айтып қана қоймай, абонемент бөлімінің ережелерімен таныстырды. Ал оқу залында балғындарды көңілді Бауырсақ қарсы алды, ол жұмбақтар жасырып, ертегіден де құр қалдырмады. «Бізге күз патшалығы келді», «Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» сияқты форматтан тыс көрмелер қатысушы ата-аналардың назарына ілікті.

Кейін Бауырсақ балаларды А.Барто шығармашылығымен таныстырды, ал балалар оның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Экскурсия соңында балаларды тағы да бір тосын сый күтті: ата-аналар мен тәрбиешілердің күшімен Г.Остердің «Котенок по имени Гав» атты ертегісі бойынша қуыршақ қойылымы көрсетілсе, өнер секторында балалар қағаздан кітап үйінің макетін жасап, өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытты. Міне, осылай тағы да 20 бала үшін кітапхана сенімді дос, әрі көмекші болып қала бермек.

 



«Қайғы мен қуаныш кешкен өмір»

Жм, 13/10/2017 - 10:25 — julia

11 қазан күні Марина Цветаеваның 125 жылдығына орай «Қайғы мен қуаныш кешкен өмір» деген тақырыппен №2 мектеп-лицейдің 8-сынып оқушыларымен әдеби қонақжай болып өтті. Оқушылар ақынның ауыр тағдырымен танысты. Анна Ахматова ол жайлы былай деген: «Марина Цветаеваның тағдырынан басқа қорқыныштыны көрмеппін». Неліктен Мәскеу «оны сыйдырмайды»? Неге «қуып жібереді»? Цветаевтар тегі Мәскеуге көп сый көрсетті емес пе?! Румянцев мұражайына үш үлкен Цветаевтардың кітапханасы сыйға тартылды. Мәскеуге қаншама түпнұсқа поэтикалық туындылар арналды. Кітапханашы осы жайлы балаларды ақпараттандырып, өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар, ақынның болашақ ұрпаққа арнап жазған хаттарынан үзінді оқыды. «Бастысы — мен білемін, 100 жылдан кейін мені қалай жақсы көретіндерін...» деген сәуегейлік сөзі орындалды.

Фото



Ы. Алтынсарин мұрасы - мәңгілікке қазына

Жм, 13/10/2017 - 10:21 — julia

11 қазан күні №9 мектептің 9-сынып оқушылары үшін Ы.Алтынсаринге арналған «Ы. Алтынсарин мұрасы - мәңгілікке қазына» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оқушылар кітапханашымен бірге 19 ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуына үлкен үлес қосқан ағартушы педагогтің өмірі мен қызметіне тағы да бір көз жүгіртті. Балалар Ы.Алтынсариннің шығырмашылығын талқылауға белсенді араласып, ұлы педагог жайлы қызықты ақпараттармен бөлісті. Балалардың назарын аударған «Ұстаздан – ұлағат, ұлыдан – өнеге» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Фото



Болашаққа бағдар

Жм, 06/10/2017 - 13:34 — julia

5 қазанда №18 мектеп-гимназияның 8-сынып оқушылары үшін президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бойынша «Болашаққа бағдар» деген тақырыппен дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылар Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жүзеге асуын талқылады. Бұл мақалада Елбасы бірыңғай ұлтты қалыптастыру және қоғамдық ой-сананың түбегейлі өзгеруі бойынша өз көзқарасымен бөлісті. Ол қоғамдық ой-сананы жаңғырту бойынша ауқымды міндеттерді белгілеп, халық үшін елімізді сапалы жаңа даму деңгейіне әкелетін жаңа көкжиек ашты. Бағдарламаны талқылау барысында балалар тек ақпарат алып қоймай, болашақта бағдарламаның жүзеге асуы жайлы өз көзқарастарын білдіре білді. Жастар Елбасы бағдарламада белгілеген міндеттер жас ұрпақтың патриоттық рухын қалыптастырады деген ойға келді. Ал олар оқу орнында алған білімдері арқылы бағдарламаның жүзеге асуына өз үлестерін қосады. Кездесуден кейін «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының барлық бағытын ашатын кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Фото



Халық ұлы

Бс, 05/10/2017 - 11:25 — julia

 

04.10 күні аңыз адам, өшпес туынды «Абай жолы» роман-эпопеяның авторы, Қазақ халқының ұлы жазушысы М. О. Әуезовтің 120-жылдығына орай «Халық ұлы» атты әдеби альманах ұйымдастырылды.

Іс-шарада қазақ әдебиеті классигінің сан қырлы дарыны танылды. Балалар шарада 2017 жылғы мерейгер кітаптармен танысты: «Еңлік-Кебек» пьесасына 100 жыл, «Выстрел на перевале» повесіне 90 жыл, «Абай жолы» романына 65 жыл.

Кездесу ашық, сенімді жағдайда өтті: балалар М. Әуезовтің тек өмірбаянын білетіндерін, оның шығармалары таныс еместігін ашып айтты. Кездесуден кейін бірнеше адам Әуезовтің кітаптарын алды.

Фото



Бізге күз патшалығы келді

Бс, 05/10/2017 - 09:29 — julia

Күзгі бал бәріміздің есімізге жанға жайлы кезеңді есімізге салары анық. Әрине, бұл кездейсоқ емес. Өйткені бұл іс-шара сүйікті жыл мезгілінің теңі жоқ табиғат сұлулығын үйлестіреді.

Осылай «Бізге күз патшалығы келді» деген тақырыппен Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖК-ның 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің оқу залында 03.10.2017 ж. байқау-ойын бағдарламамен іс-шара ұйымдастырылды. Бұл іс-шарада әр қатысушы «Күзгі қошемет», «Алло, біз дарын іздеудеміз», «Күлшеқызда қонақта», «Күзгі жұмбақтар» сияқты қызықты байқауларға қатысуға мүмкіндік алды. Сәнқой қыздар ең үздік күзгі көйлек байқауына қатысып, өздерін көрсете білді. Қатысушылар қызықты би нөмірлерін орындап, күз туралы өлеңдер оқып қана қоймай бәрі бірге ән салды. Оқу залында кітап көрмесі ұйымдастырылып, балалардың қолдан жасалған бұйымдары қойылды.

Жарысқа «Әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі Қостанай аймақтық орталығынан» Абишева Арузат, Зуева Юлия, Тушинская Оксана, Мосенцова Елизавета, Сейтмаганбетова Диана, Пицентий Кристина атсалысты, іс-шарада барлығы 24 адам болды.

Фото



Оқырман конференциясы

Дс, 02/10/2017 - 15:44 — julia

Ы. Алтынсарин ат. ОБЖК-да ағымдағы жылдың 28-қыркүйегінде И. П. Щеголихиннің «Не жалею, не зову, не плачу...» атты автобиографиялық романы негізге алынған оқырман конференциясы ұйымдастырылды. Атаулы шығарма халық қасіреті — сталиндік қуғын-сүргін тақырыбын көтерді. ЧелМУ-нің 1 курс студенттері мен ҚМПИ-тың 4 курс студенттері атсалысты. ЧелМУ-нің студенттері ерекше белсенділік танытты.
И. П. Щеголихиннің әртүрлі жылдары басылып шыққан «Не жалею, не зову, не плачу...» атты кітаптары тақырыптық сөреге қойылды.



Көп тілділік, бір әлем

Дс, 25/09/2017 - 11:30 — julia

Тілдер күніне орай №2 ОМ-тің 7 сынып оқушыларымен бірге «Көп тілділік, бір әлем» атты кездесу-диалог өтті. Жер бетіндегі алғашқы тіл қандай, әлемде барлығы қанша тіл бар, неліктен олар ұқсас емес — балалар осы сияқты сұрақтарды талқылап, өз ойларын ортаға салды. Тіл дос та (халықтардың қарым-қытынас жасау құралы, мәдениеттің дамуы, білім алу және т.б.), жау да (соғыс басталады, мемлекеттер ұрысады, тіл құралы арқылы адамдар алдап, сатқындық жасайды) болады деген пікірге келісті. Кездесу соңында тілді сақтап, оны дамыту үшін басқа халықтардың мәдениетіне құрметпен қарау керек деген пікірге тоқтады.



С.Мәуленов

Жм, 22/09/2017 - 14:42 — julia

21 қыркүйек күні ҚҚКСК-нің 1 курс студенттерімен атақты жазушы Сырбай Мәуленовтің 95 жылдығына орай кездесу өтті. Кездесу барысында кітапханашы аудиторияны ҚР-ның Мемлекеттік сыйлығының иегері, жерлес ақынның өмірімен жан-жақты таныстырды. Сырбай Мәуленовтің әрбір өлеңі сүйіспеншілікпен жазылғандықтан тыңдар құлаққа тек әсерлі емес, ол сондай-ақ еліміздің сұлулығын ашып, тәнті етеді. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өлеңдері оқылды. Іс-шара соңында С.Мауленов туралы кітаптар мен оның өлең жинақтары ұсынылды.



Біртуар асыл ақын

Жм, 15/09/2017 - 11:50 — julia

14.09 күні сағат 13.30-да жыл сайын өтетін «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Қостанай құрылыс колледжінің студенттері үшін поэтикалық марафон «Біртуар асыл ақын» ұйымдастырылды. Биылғы акция қазақтың ұлы реалист ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналды. Студенттер оның қазақ тіліндегі өлеңдерін оқып, көрмеге қойылған шығармашылығы туралы кітаптармен танысты. Бұл шараның мақсаты студенттердің назарын қазақ әдебиетіне аудару, жастардың оқуға деген ынтасын ояту, отанға деген патриоттық және мақтаныш сезімдеріне тәрбиелеу, Қазақстанның атақты адамдарымен танысып, оларды оқуға дағдыландыру, қазақ демократ ақыны С.Торайғыров туралы ұғымдарын қалыптастыру болды.

Іс-шара соңында «Біртуар асыл ақын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Фото


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 67 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана