2018 жылғы 10 ақпанда Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Рухани қазына» ішкі бағдарлама аясында «Хикаяттар сандығы» театр студиясының екінші сабағы өтті. Театр шеберлігі сабағын алып, өзін әртіс ретінде сынауға 13 бала келді, ең кішкентай қатысушыларды ата-аналары әкелді. Сабақ «Танысу шеңберінен» басталды және бұл жолы ойынды бірінші кездесудің қатысушылары өткізді. Ерғалиев Ақбар мен Распетюк Ульянаға өзін жүргізуші ретінде сезіну өте ұнады. Студиялықтар барлық сабақтағыдай «үй тапсырмасын» талдап, жаңа сөздердің мағынасымен танысты: шапан, көсеу, зындан, түндік. Нағыз әртістер сияқты зейінділік мен кейіптеушілікке арналған тренингтен өтіп, олар кішкентай ғана тұқымның үлкен ағаш болып өсуін көрсетулеріне тура келді. Балалар өздерінің жұмыс барысындағы мұқият дайындықтарының арқасында «Алдар көсе» спектакліне арналған алғашқы сценарийі бойынша рөлге бөліп оқулары еш мүдіріссіз және сасып-пысусыз өтті. Бастысы әрбірі оның даралығына жауап беретін рөл таңдай алды — бұл тамаша! Балалар шұғылданып жатқанда ата-аналар студияға деген өз тілектерін жазып үлгірді. Олар балалардың өз ойларын, өз сезімдерін жеткізуді үйренгендерін, жақсы оқып, ұйымшыл шығармашыл ұжым болғандарын қалайды. Балалар І.Омаров атындағы қазақ драма театрының нағыз әртісі — Шакиржанова Ажармен болатын кездесуге шабыттанып, үйлеріне тарасты.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы — мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси бағыттары мен негізгі салаларын, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға арналып отырған, жыл сайынғы саяси маңызды оқиға.
Біздің кітапхана көптеген мемлекеттік мекемелер сияқты Президент Жолдауына талдау жұмыстарын жүргізеді. 7 ақпанда қаланың жоғарғы және орта оқу орындары: ЧелМУ, ҚӘК, ҚКС ҚК-дерінің студенттерімен кездесу өтті. Кездесу барысында қатысушалыр Қазақстанның Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жүйелі жаңғыру шараларының нақты бағдарламасы енгізілген, сондай-ақ «дамыған отыз ел қатарына енуді қамтитын» мемлекет Елбасы белгілеген он міндет енген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жолдауының негізгі пунктілерін талқылады. Жолдауда айтылған, жұмыс бағыты туралы Қостанай қ. әкімдігінің ішкі саясат басқармасының бөлім бастығы Жылқыбаева Зылиқа Бертаевна толығырақ баяндады. Барлық қатысушылар Президент Жолдауы елдің одан әрі жаңғыруының маңызды ынталандырушысы болып табылатынын айтты.
«Рухани қазына» бағдарламасын жүзеге асыру аясында №15 балабақшаның тәрбиеленушілері үшін еліміздің астанасына арналған «Мен өз елімді, Астанамды мақтан тұтамын» атты медиа-экскурсия өтті. Балғындарды қаланың шығу тарихымен таныстырып, астананың басты көрікті жерлері туралы айтты.
Іс-шара барысында балғындар Астанаға қызықты саяхат жасады. «Сәлеметсің бе, Астана» видео-ролигі көрсетілді және оған қоса презентация да ұсынылды. Экскурсия соңында балғындарымыз сүйікті астанаға өркендеу мен амандық тіледі.
2018 ж. 2 ақпанда Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Тарих сандығы» театр студиясының ашылуы болып өтті.
Бағдарлама жүргізуші - Нина Григорьевна Третьяк Театрдың шығу тарихына таңғажайып экскурс жасады, актер деген кім, театрда костюмерлер, гримерлер және режисерлер не үшін керек екені жайлы айтты.
Балалар студияның театр қойылымдары қазақ халқы фольклорынан алынған оқиғаларға толы болатынын және оны бәріне танымал, әрі сүйікті Алдар көсе айтатынын білді. Болашақ актерлер ата-аналарымен бірге өздерінің өзара әрекеттестіктеріне арналған ең алғашқы тренингінен өтті. Актерге қажетті шеберлік пен қабілеттілікті анықтады. Алдар көсе мен сараң бай туралы мультфилмьдегі «көсе алдамшының» ерекше қасиеттерін аңғарды. Әр бала үйлеріне актерлік шеберлік немесе Алдар көсе оқиғалары туралы кітаптарды алып тарасты. Студиялықтарды алда үлкен шығармашылық жұмыс күтіп тұр.
Театр студиясы «Рухани жаңғыру» кіші бағдарламасы аясында жұмыс істейді.
«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарлама аясында А.Байтұрсыновтың 145 жылдығына орай 1 ақпан күні ҚҚК-нің 2-курс студенттері үшін «Рух әміршісі» деген тақырыппен әдеби экскурс болып өтті.
Ұлы ақын, жазушы, ғалым, түркітанушы, аудармашы, педагог, ағартушы, қоғам қайраткері — Ахмет Байтұрсынов қазақ мәдениетіне елеулі үлес қосты. Кітапханашы жазушының өмірімен және шығармашылығымен таныстыра отырып, оның ауыр тағдыры туралы хабардар етті. Жазушының есімі көпке танымал, сондықтан балалар мұқият тыңдап, сұрақтар қойып отырды.
Әсіресе балаларға Ахмет Байтұрсыновқа арналған «Сыр. Тағдыр. Тұлға» фильмі ұнады.
Іс-шара соңында оның шығармалары мен шығармашылығы туралы кітаптар қойылған, кітап көрмесіндегі әдебиеттерге шолу жасалды.
1 ақпан күні «Рухани қазына» жобасының аясында Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК-да №44 балабақшаның жас азаматтары үшін ұлы ағартушы педагог Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Дала қоңырауы» атты тарихи круиз өтті.
Ыбырай Алтынсарин өз ғұмырын туған жері үшін ағарту ісіне арнады. Ол қоғам болашағы жастарға байланысты екендігін айқын сезініп, өзінің барлық арманын жастар жүзеге асырады дегенге әбден сенген.
Мектеп жасына дейінгі оқушыларға ұлы ағартушы педагог Ы.Алтынсариннің өмірі баяндалды. «Мақта қыз» ертегісі библиоойыншық түрінде мазмұндалды. Балалар Ы.Алтынсарин туралы әңгімені мұқият тыңдап, екі тілде қойылған жұмбақтардың жауабын тапты. Іс-шара соңында балалар алған әсерлерімен бөлісіп, жақсы оқып, көбірек кітап оқу керек деген ойларын айтты.
Ақын Мұзафар Әлімбаевтың «Қандай сөздер болады» («Какие бывают слова») атты тамаша өлеңінде:
«Ана! Сүйікті сөз.
Тас! Салмақты сөз.
Жалын! Ыстық сөз.
Отан — ең жақсы сөз!» деп айтылған.
17 қаңтар күні Ы.Алтынсарин ат. ОБЖК-да "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Заречный ауылының 5 сынып оқушылары үшін «Менің Қазақстаным, мен сені мақтан тұтамын» атты көрме-кинохабар өтті.
Президенттің «Рухани жаңғыру» - болашаққа көзқарас» мақаласының бағдарламасы бойынша жұмыстың негізгі мақсаты - рухани және мәдени құнылықтарды сақтау және арттыру. Қоғам санасын жаңғырту бағытының бірі, патриоттық сезімді қалыптастыру. Отаншылдық өз жеріңе, өз ауылыңа, қалаңа, шағын отаныңа деген сүйіспеншіліктен басталады.
Бесінші сынып оқушылары «Қазақстан әліпбиде» деген тақыраппен ұйымдастырылған патриоттық викторина сұрақтарына жауап беріп, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу қадамы туралы білді және «Мен де» атты «хормен жауап беру» (кричалка) ойынына атсалысты:
- Мен егеменді Қазақстан Республикасында тұрамын!
- Мен де!
- Мен елімді мақтан тұтамын!
- Мен де!
- Мен еліме өркендеу мен амандық тілеймін!
- Мен де!
- Елімнің бақытты, әрі бай болуын тілеймін!
- Мен де!
Туған еліміз Қазақстанда үнемі бейбітшілік, қуанышты және жарқын өмір болуын барлық оқырмандарымызға тілейміз!
17 қаңтар күні сағат 15.00-де №24 мектеп-гимназияда «Игі істер айлығы» акциясы аясында «Құстар біздің досымыз» атты іс-шара өтті. Іс шараға атаулы мектептің 3-сынып оқушылары қатысып, құстардың түрлерімен, олардың мекендейтін жерлерімен, бір сөзбен айтқанда жалпы өмір сүру әдеттерімен танысты.
Оқушылар іс-шарада жұмбақтар шешіп, құстар туралы мағлұмат алып, өз белсенділіктерін танытты және оларға қамқорлық жасайтындықтарын білдірді. Оригами әдісімен құс жасады.
«Байтақ, сұлу «Пушкин» әлемі, сәлеметсің бе!»
деп 1 мектеп-лицейдің 5 сынып оқушылары айтты. 2018 жылғы 18 қаңтарында Ы.Алтынсарин атындағы кітапханада «Орыс әдебиетінің нұры» атты портрет болып өтті. Осыдан көп жыл бұрын 1799 жылы 6 маусымда Мәскеу қаласында Пушкиндердің отбасында бұйра шашты, қараторы, өткір көзді ұл бала дүнеге келді.
Оның мейірімді күтушісі Арина Родионованың әрбір ертегісі Саша үшін нағыз қазына еді. Кейін Пушкин оның көптеген ертегілерін өз өлең жолымен жазылған ертегілерінің желісіне қосты. Оның қай кезден өлең жаза бастағанын ешкім білмейді. Дегенмен көбі оның алғашқы өлеңдері француз тілінде жазылды деп есептейді. Балалар Александр Сергеевичтің француз, ағылшын, неміс, италия, испан, латын, грек және славян тілдерін білгенін білді, ол кейбірін жетік білсе, енді бірін өмір бойы зерттеп үйренген.
Бесінші сынып оқушылары ақын өміріндегі онша таныс емес деректер туралы мұқият тыңдады және жатқа өлеңдер оқып, А.Пушкиннің туындылары бойынша «Балда қалай жұмыс істеді?»; «Шал мен кемпірдің үйі қалай аталды?»; «Дадон патша данышпанға Алтын әтеш үшін не беруді уәде етті?» деген байқау сұрақтарына жауап берді.
Кездесу соңында балалар ұлы ақынның өмірі туралы көп және жаңа ақпарат білгендерін және оның ертегілерін бұрынғыдан да қатты жақсы көре түскендерін айтып жеткізді.