Новости


Орбұлақ – елдің ерлік жолы

Сс, 17/04/2018 - 16:49 — julia

17.04. күні № 9 орта мектептердің 7 сынып оқушылары үшін қазақ-жоңғар әскерінің ірі шешуші шайқасы - Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына орай «Орбұлақ – елдің ерлік жолы» атты тарихи сағат өтті. Оқушыларды презентация арқылы тарихи оқиғамен таныстырған ҚМПИ Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистрі – Елкей Нұрлыбек Нұрланұлы кездесудің басты қонағы болды. Сонымен қатар іс-шара барысында әскери өнердің, жауынгерлік айбынның үлгісі болып табылатын, қазақ батырларының ұрысы көрсетілген видеороликтер ұсынылды. Орбұлақ шайқасы қазақ халқы тарихында ерлік кезеңнің бірі болып қалады. Кездесу соңында балалар тек бұл шайқас қана емес, жалпы Қазақстан туралы сұрақтар қойды. Елкей Нұрлыбек Нұрланұлы ел тарихына деген қызығушылықты ескеріп, сұрақтарға рақаттана жауап берді. Кездесуге «Орбұлақта оянған рух» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Фото



Батыр ұрпақтары

Сс, 17/04/2018 - 10:44 — julia

16.04. күні А.Имановтың 145 жылдығына орай Ы.Алтынсарин атындағы ДБМ-нің 7-сынып оқушылары үшін «Батыр ұрпақтары» атты тарихи дайджест болып өтті. Кездесу барысында кітапханашы 1916 жылғы қозғалыстың аңызға айналған батыры Амангелдінің Егеменді тәуелсіз Қазақстанға қосқан үлесіне тоқтала отырып, бастан кешірген оқиғасымен таныстырды. Іс-шара барысында А. Имановтың өмірін, тарихи қызметін танытатын видеоролик ұсынылды. Кездесу соңында Амангелді бабамызға арналған кітап көрмесі таныстырылды.

Фото



Қуыршақ театрына саяхат және «Қонжық Рим-Тим-Ти»

Сс, 17/04/2018 - 10:37 — julia

14 сәуір «Хикаяттар сандығы» театр студиясына қатысушылар үшін есте қалар күн болды. Біздің жас әртістер бұл күні Облыстық қуыршақ театрына саяхаттап қайтты. Театрдың қоюшы режиссері — Юлия Викторовна Семенова театрдың тарихы туралы айтып, болашақ спектакль мен оның кейіпкерлерінің декорациясы жасалатын, қасиеттінің қасиеттісі — шеберханаға апарды. Шырық арқылы қозғалатын, планшетті, саусақ, үлкен қуыршақтар тұратын қуыршақтар орнын көрсетті.

Юлия Викторовна балаларды ең кәрі қуыршақ — әже қуыршақпен таныстырды, ол 30 жаста! Әрине, бұл әже үшін кәрілік емес, ал қуыршақ үшін өте көп, ал ол болса, әлі де спектакльде ойнап жүр! Балалар қуыршақтардың да ұрысатынын, кейін достасатынын, егер оларға дұрыс қарамасаң, дәл қолайсыз уақытта жарға жығатынын білді.

Түлкі мен үш торай, Емеля мен Шұбар тауық, тіптен Балалар кітабы апталығында ойнаған ертегі кейіпкерлері Алдар көсе мен Шығай бай да жас әртістерге шығармашылық табыс тіледі, ал Түйме қыз болса, балаларды көрермендер залына шақырды. Балалар «Қонжық Рим Тим Ти» ертегісі әлеміне енді.

Фото



Алтынсарин оқулары

Дс, 16/04/2018 - 16:39 — julia

Мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 13 сәуір күні 7-11 сынып оқушылары мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «Автормен диалог» атты мағыналы оқу стратегиясының пайдаланылуымен «Алтынсарин оқулары» циклі бойынша іс-шара өтті. Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі талқыға салынды. №1 МЛ-дің сегізінші сынып оқушылары тыңдарман болды.

Кездесу басында Ы.Алтынсарин туралы қазақ-орыс мектептері мен мектеп кітапханаларының негізін салушы, «Қазақ хрестоматиясын» құрушы, сонымен қатар жазушы ретінде оқушыларға баяндады.

Оқушыларға «Әке мен бала» әңгімесін оқылды және «Алтынсаринмен нағыз сұхбат» болды. Бұл стратегия біріншіден — топ ішіндегі өзара қарым-қатынасты анықтауға көмектесті, екіншіден — сұхбат жүргізуді, үшіншіден — өз ойын айта білуді үйретті. Сұрақтарға жауап беру және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау сегізінші сынып оқушылары үшін қызықты болды.

Фото



Александр Островский

Дс, 16/04/2018 - 16:12 — julia

11 сәуір күні орыс драматургі және театр қайраткері А.Н.Островскийдің туғанына 195 жыл болды. Кітапханада автордың «Гроза» пьесасы бойынша оның мерейтойына арналған әдеби ойын өтті. Қостанай ҚКС колледжінің 1-курс студенттері іс-шара қатысушылары болды. Студенттерді жазушының өмірімен, екі әлемге тиесілі әдебиет және театр туындыларымен таныстырды.

Балалардың драмалық туындыларды ынтасыз оқитындары құпия емес және оған атаулы шара дәлел, балалар пьесаны мүлдем білмейді, сюжеті де естерінде жоқ. Бірақ, мәтінді білмесе де әдеби ойындарға қызыға кірісіп, филвордтарды шешті. Құпия сөздердің тізімінен кейіпкерді сипаттайтын 3 сөзді тауып, филвордпен белгілеу керек болды.

Соңында Александр Николаевич Островскийдің өмірі мен шығармашылығына арналған шағын викторина өтті. Шара барысында мұқият болғандар үшін сұрақтарға жауап беру қиынға соқпады.

Іс-шара барысында «Адам жанының білгірі» атты кітап көрмесі таныстырылды.



Нашақорлық — ортақ қасірет

Дс, 16/04/2018 - 11:01 — julia

Кейінгі жылдары жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын сақтауды насихаттау жөніндегі жұмыс жанданып келеді. Осыған байланысты есірткі мен ішімдікке деген тәуелділік ежептәуір азая түсті. Бізге педагогтерден жасөспірімдер арасында темекі тарту, маскүнемдік, нашақорлық және токсикоманияның алдын алуға және құлақтандыруға бағытталған мәліметтерді беру сұранысы келіп түсіп тұрады.

«Нашақорлық — ортақ қасірет» - деген тақырыппен 12 сәуір күні №1 мектеп-лицейдің 5 «г» сынып оқушыларының қатысуымен мектеп жасына дейінгі және 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде шок сабағы өтті.

Балалар өздерін белсенді, еркін ұстап, презантация слайдтарынан жанды әсер алып, кітапханашымен ынталана қарым-қатынасқа түсті.

Іс-шара соңында біз оқушылармен бірге «Біз — салауатты өмір салтын сақтаймыз!» деген сөз біздің ұранымыз болу керек деген шешімге келдік.

Фото



Шуақты өлке

Сс, 10/04/2018 - 16:03 — julia

Өзге ұлттардың салт-дәстүрін, мәдениеті мен әдет-ғұрпын білу адамдарға ортақ тіл табысуға, бірін-бірі түсініп, сыйлауға және достық пен бейбітшілікте өмір сүруге көмектеседі. Қазақстанда Өзбекстан жылы аясында 2018 жылғы 6 сәуір күні кітапханада 7-сынып оқушыларымен «Шуақты өлке» атты ойын-саяхат өтті. Олар бай өзбек мәдениетімен, халықтың салт-дәстүрімен танысу мүмкіндігін алды. Ойынсыз қандай саяхат болуы мүмкін? Әр ниеттенуші халық қолөнерін білуге, Өзбекстанның ірі қалаларын атауға, жұмбақтар шешуге арналған ойындарда жарысқа қатыса алды. Өзбекстанның жұмбақ әлеміне деген қызықты саяхаты «Насреддин оқиғасы» атты мультфильм тамашалаумен аяқталды.

Фото



В солнечный край

Сс, 10/04/2018 - 16:02 — julia

Знание традиций, культур и обычаев других народов помогает людям находить общий язык, понимать и уважать друг друга и жить в мире и дружбе. В рамках Года Узбекистана в Казахстане 6 апреля 2018 года в нашей библиотеке проведена игра-путешествие «В солнечный край» для 7-классников. У них появилась возможность познакомиться с богатой узбекской культурой, традициями и обычаями народа. А какое же путешествие без игр? Каждый желающий смог посостязаться в играх на знание народных ремёсел, назвать крупные города Узбекистана, отгадать загадки. Увлекательное путешествие в загадочный мир Узбекистана завершилось просмотром мультфильма «История Насреддина».

Фото



Балалар әдебиеті: кеше, бүгін, ертең

Сс, 03/04/2018 - 15:53 — julia

Осы күні ҚМПИ-ның 1-курс студенттері үшін «Балалар әдебиеті: кеше, бүгін, ертең» атты кездесу өтті. Кітапханашы Халықаралық балалар кітабы күні мерекесінің шығу тарихы, сондай-ақ әлемдік балалар әдебиетінің қалыптасу тарихы туралы айтты. Студент болашақ тәрбиеші және педагог болғандықтан, олар баланың кітапқа, оқуға деген сүйіспеншілігін бойға сіңіру қажет. Бала тұлғасын тәрбиелеуге расында көмектесетін, көптеген кітаптар ішінен оны қалай табуға болады. Әрине, оларды балалар әдебиеті саласындағы Книгуру, С.Михалков атындағы халықаралық әдебиет конкурсы, В.Крапивин атындағы сыйлық және басқа да түрлі әдебиет сыйлықтарының жеңімпаздарынан, сондай-ақ жаңа түскен кітаптар туралы балалар мен жасөспірімдер үшін қазіргі әдебиетке шолу ұсынылған, балалар әдебиетімен мамандандырылған баспа үйлерінің сайттарынан білуге болады. Студенттердің айтуынша, бұл ақпарат өте пайдалы болды.

Кездесуден кейін студенттер классикалық және қазіргі балалар әдебиеті ұсынылған, «Кітаптар әлеміне саяхат» атты кітап көрмесімен танысты. А.Милннің атақты «Винни пух и все, все, все» ертегісі кейіпкерлерінің деректері ерекше назарға ілінді.

Фото



Оқырмандар шоқжұлдызы

Сс, 03/04/2018 - 15:49 — julia

2 сәуір күні Халықаралық балалар күні тойланады. Бұл күн жарты ғасырдан бері атақты даниялық Андерсеннің туған күнінде аталады және кітапқа, оқуға қатысы барлардың басын қосады.

Бұл күн — кітапхана мақтан тұтатын оқырмандарды үлгі тұтатын күн. Біздің кітапхана биыл үшінші жыл өлең оқитын, музыкалық аспаптарда ойнайтын, өлең айтып, би билейтін оқырмандардың дарынын ашуға арналған «Оқырмандар шоқжұлдызы» концертін өткізіп келеді. Әр жыл сайын қатысуға ниет білдірушілердің артуы бізді қуантады. Балалар өздерінің қызығушылықтарымен бөліскілері келеді, ал көрермендер болса, келесі концерттің қатысушысы болуға ниет білдіреді. Осылай олар біздің оқырманға айналып, таңғажайып кітап әлеміне есік ашады.

Биыл әдеттегідей «Адамгершілік қасиет» әдеби клубының қатысушылары ең белсенді көмекшілер қатарында болды, сол үшін оларға үлкен рахмет!

Фото


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 105 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана