Новости
Наурыз мейрамы
Бс, 15/03/2018 - 14:43 — juliaКөктемнің сұлу сазы
Жм, 02/03/2018 - 16:36 — juliaОсындай атаумен 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің оқу залында 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған мереке өтті. Ойын-сауықтық бағдарламаға Арузат Әбішева, Юлия Зуева, Оксана Тушинская, Елизавета Мосенцова, Диана Сейтмаганбетова, Кристина Пицентий және басқа «Әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі Қостанай аймақтық орталығының» қыздары қатысты. Қатысушылар «Аспаздық», «Жаңа шаш үлгісі», «Жарығым, айнам менің, айтшы» сияқты және басқа қызықты байқауларға қатысуға, өзін көрсете білуге мүмкіндік алды.
Кітапхананың оқу залында адамзат баласының керемет бөлшегіне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара соңында балалар 8 наурызға арналған мерекелік бұйым жасады.
Мереке қатысушылардың көңілінен шықты.
Алғыс айту күні
Бс, 01/03/2018 - 16:50 — julia1995 жылы 1 наурызда әлемде теңдесі жоқ Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. 2016 жылдан бері бұл күні Қазақстан Алғыс айту күнін атап өтеді. Халық мақтан тұтатын көпұлтты Қазақстан отбасы — бұл бірнеше көші-қон толқындарының нәтижесі. Республикаға әр жылдары бірсыпыра этнос көшірілді және олардың бәрі Қазақстанда орнығып, өмір сүрді. Бұнда бүкіл халықтың орасан еңбегі зор. Сондықтан арнайы мерекенің құрылуы – ол барлық этностардың бір біріне және сол адамдарға өз туғандарындай мейірімділік танытып, қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні.
«Өз тарихыңды ұмытпа және мақтан тұт» - мерекенің негізгі негіздемелерінің бірі. Бұл күннің мақсаттарының бірі – өскелең ұрпақ бойында азаматтық толеранттық, достық және бір-біріне деген құрмет сезімін қалыптастыру, сонымен қатар Қазақстандағы ұлтаралық байланыс пен этносаралық келісімді нығайту.
Бұл күні ғылыми-көпшілік әдебиет бөлімінде «Шарк» тәжік-өзбек этномәдени орталығының төрағасы Холметов Эргашвой Эрматовичпен кездесу өтті. Эргашвой Эрматовичтің қайырымдылық қызметімен айналысып жүргеніне 13 жылдан артық уақыт өтті, ол шығыс медицина ғылымдарының докторы, профессор. Ол балаларға біздің қаламызда ұлттық орталықтың нешінші жылдан бері жұмыс істеп келе жатқандығы және орталықта немен айналысатындары жөнінде, сондай-ақ тәжік халқының дәстүрлері туралы айтып өтті. Оның ұлттық аспап – дойрада ойнауы балалар арасында қызығушылық тудырды, лектор асқан шеберлікпен күй ойнап, қазақ, тәжік және орыс тілдерінде ән салды.
Сонымен қатар кітапханада күні бойы «Ақ ниетпен – пәк жүректен» атты акция өтті. Бәрімізде жақсы мәнердің мағынасын, күнделікті өмірде оның қажет екенін жақсы білеміз, алайда алғыс айтуға келгенде мағынасын терең қабылдамай, әлдеқалай айта саламыз. Дегенмен алғыс білдіру сөздері құдіретті қасиетке ие – сол сөздер арқылы адамдар бір-біріне сый-сыяпат жасайды, көңілдерін білдіріп, жағымды эмоцияларын жеткізеді. Кітапханашылар күні бойы өз оқырмандарына жақсы көңіл күй сыйлады, ал оқырмандар кітапханаға деген өз алғыстарын білдіріп жазды.
Мамандық әліппесі
Ср, 28/02/2018 - 09:37 — julia27 ақпан күні ғылыми-көпшілік әдебиет бөлімінде «Мамандық әліппесі» атты іс-шара ұйымдастырылды. Журналист, мәдениет қайраткері, Қазақстан және Әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі, «Қазына» меценаттар клубы сыйлығының лауреаты, Қостанай қаласының құрметті азаматы Жақсанов Оразалы Отынбайұлы аталмыш іс-шараның қонағы болды. Кездесуге Мәриям Хәкімжанова атындағы №20 және №11 мектептердің 8-сынып оқушылары қатысты.
Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу – іс-шара міндеті болды.
Автор кітапханаға өзінің «Адамдар өмірге қонақ екен» атты кітабын сыйға тартты.
Әртіс Ажар Шәкіржановамен кездесу
Жм, 16/02/2018 - 16:53 — julia2018 жылғы 16 ақпанда Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында мемлекеттік «Рухани қазына» ішкі бағдарлама аясында «Хикаяттар сандығы» театр студиясы балалары үшін І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының әртісі, «Қазына» сыйлығының лауреаты Шакиржанова Ажармен кездесу өтті.
Әртіс өз шығармашылығы жайлы бірнеше қызықты оқиғаларды баяндады. Балалар нағыз әртіс болу үшін өзімен қалай жұмыс жасау керектігі жайлы, дауыс ырғағын қалай «ояту» керектігі туралы біліп, шығармашылық даму жолы, өзін еркін, сенімді ұстау туралы жеке ұсыныстар алды.
Әсерлі, ыңғайлы жағдай енді бастап келе жатқан әртістерге өздерін көрсете білуге мүмкіндік берді. Балалар сабақта өздігінше үйренген өз қабілеттерін көрсетті. Әртіспен бірге сахнада ырғақтылық, мобильділік, топпен қарым-қатынас жасай білушілік сияқты қабілеттерді дамытуға бағытталған ойындар ойнады.
Кездесу соңында балалар Ажар Шакиржановаға алғыстарын білдіріп, нағыз әртіспен қарым-қатынас жасау өте қызықты болғанын, көп нәрсені үйренгендерін және әртіс мамандығы жан –тәніңмен толық беріліп жұмыс істегенді қалайтынын айтты. Алдағы уақытта «Хикаяттар сандығы» театр студиясының жас дарындарымен үлкен шығармашылық жоспар құрылған.
Күн, өмір, жарық нышаны
Жм, 16/02/2018 - 14:26 — julia13 ақпанда Ы. Алтынсарин ат. ОБЖК-да «Рухани қазына» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Күн, өмір, жарық нышаны» деген тақырыппен ақпараттық бағдарлама өтті. Қаланың жас тұрғындары Қазақстанның мемлекеттік нышандары, геральдиканың жасалу тарихы туралы өз білімдерін кеңітіп, викторина сұрақтарына жауап берді. Іс-шара соңында АЛАУ телеарнасының өкілдері балалардан сұхбат алды. № 15 балабақшаның ересек тобының жас патриоттары астананың және біздің қаланың көрікті жерлері туралы, ауқымды құрылыстары туралы, ЭКСПО туралы, біздің қаламыздың мейірімділігі, көпұлттылығы мен толеранттылығы туралы көп біліп, қызықты етіп жеткізе біледі екен.
Білім университеті
Жм, 16/02/2018 - 14:12 — julia2018 жылғы 15 ақпанда ғылыми-көпшілік бөлімінде «Білім университеті» пәндік лекторий аясында орыс тілі мен сөйлеу мәдениетінің он күндігінің ашылуы ұйымдастырылды. Кездесуге Қостанай мемлекеттік университетіне арналған іскер этикеті бағдарламасының авторы — Чиченкова Надежда Александровна шақырылды. Мектеп оқушылары дұрыс сөйлей білу маңыздылығы және сөйлеу мәдениеті туралы қызыға тыңдады. Надежда Александровна уақыт өте келе өзгерген сөз мағынасы жайлы мысалдар айтып өтті. Мәселен, абитуриент 19 ғасырда орта мектеп түлегі дегенді білдірген екен. Кейін балалар екпінді дұрыс қоя білу бойынша практикалық тапсырма орындады, яғни екпінді дұрыс қоя білу немесе сөзді дұрыс айту. Кездесу соңында лектор дұрыс сөйлеп үйренуге болатын кітаптарға балалардың назарын аударды.
Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылау
Жм, 16/02/2018 - 14:00 — julia
Хикаяттар сандығы
Дс, 12/02/2018 - 14:37 — julia2018 жылғы 10 ақпанда Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Рухани қазына» ішкі бағдарлама аясында «Хикаяттар сандығы» театр студиясының екінші сабағы өтті. Театр шеберлігі сабағын алып, өзін әртіс ретінде сынауға 13 бала келді, ең кішкентай қатысушыларды ата-аналары әкелді. Сабақ «Танысу шеңберінен» басталды және бұл жолы ойынды бірінші кездесудің қатысушылары өткізді. Ерғалиев Ақбар мен Распетюк Ульянаға өзін жүргізуші ретінде сезіну өте ұнады. Студиялықтар барлық сабақтағыдай «үй тапсырмасын» талдап, жаңа сөздердің мағынасымен танысты: шапан, көсеу, зындан, түндік. Нағыз әртістер сияқты зейінділік мен кейіптеушілікке арналған тренингтен өтіп, олар кішкентай ғана тұқымның үлкен ағаш болып өсуін көрсетулеріне тура келді. Балалар өздерінің жұмыс барысындағы мұқият дайындықтарының арқасында «Алдар көсе» спектакліне арналған алғашқы сценарийі бойынша рөлге бөліп оқулары еш мүдіріссіз және сасып-пысусыз өтті. Бастысы әрбірі оның даралығына жауап беретін рөл таңдай алды — бұл тамаша! Балалар шұғылданып жатқанда ата-аналар студияға деген өз тілектерін жазып үлгірді. Олар балалардың өз ойларын, өз сезімдерін жеткізуді үйренгендерін, жақсы оқып, ұйымшыл шығармашыл ұжым болғандарын қалайды. Балалар І.Омаров атындағы қазақ драма театрының нағыз әртісі — Шакиржанова Ажармен болатын кездесуге шабыттанып, үйлеріне тарасты.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы
Ср, 07/02/2018 - 16:28 — adminҚазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы — мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси бағыттары мен негізгі салаларын, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға арналып отырған, жыл сайынғы саяси маңызды оқиға.
Біздің кітапхана көптеген мемлекеттік мекемелер сияқты Президент Жолдауына талдау жұмыстарын жүргізеді. 7 ақпанда қаланың жоғарғы және орта оқу орындары: ЧелМУ, ҚӘК, ҚКС ҚК-дерінің студенттерімен кездесу өтті. Кездесу барысында қатысушалыр Қазақстанның Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жүйелі жаңғыру шараларының нақты бағдарламасы енгізілген, сондай-ақ «дамыған отыз ел қатарына енуді қамтитын» мемлекет Елбасы белгілеген он міндет енген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жолдауының негізгі пунктілерін талқылады. Жолдауда айтылған, жұмыс бағыты туралы Қостанай қ. әкімдігінің ішкі саясат басқармасының бөлім бастығы Жылқыбаева Зылиқа Бертаевна толығырақ баяндады. Барлық қатысушылар Президент Жолдауы елдің одан әрі жаңғыруының маңызды ынталандырушысы болып табылатынын айтты.
