Новости
Ақын Игорь Рулевпен кездесу
Бс, 29/03/2018 - 14:19 — juliaПоэзия — ол өміріміздің бөлшегі. Ақынмен өткен кездесу — ол оқиға. Әсіресе ол жас сүйкімді болса. 28 наурыз күні ЧелМУ-нің Қостанайдағы филиалының студенті — Игорь Рулев ЧелМУ және ҚМПИ-ның студенттерімен (50 адам) шығармашылық кездесу өткізіп, «Красная роза» атты өлең жинағын таныстырды.
Кездесу жылы шырайлы жағдайда өтті. Оған әлбетте шақырылған достары: Наталья Закора, Максим Гольцварт және Владимир Алексанин көмектесті. Олар жас ақынды өз әндерімен қолдады. Студенттер ақынды мұқият, шынайы қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды. Оқырмандарымыз ақын жайлы бәрін білгілері келіп, оның сүйікті ақыны, қызығушылықтары, немен айналысатыны, шабыттың қалай келетіні, екінші жинағы қашан шығатыны, болашаққа деген жоспары қандай деген сияқты сұрақтарды жаудырды.
Ақынмен өткен кездесу қатысушыларға жағымды көңіл-күй сыйлады және көбісі үшін таңғаларлық, әрі қызықты жаңалық болды. Іс-шара өлеңдер жинағына естелікке қолтаңба қойып, таратумен аяқталды.
Әр кітаптың өз сыры бар
Бс, 29/03/2018 - 14:15 — juliaДеген атаумен Балалар кітабы апталығының үшінші күні өтті. Кітаптың басты құпиясы кілт сөзбен шифрланған еді. Кілтті алып, жұмбақты шешу үшін оқырмандар танымал мультфильмнің кейіпкерлері Симка және Ноликпен бірге мультсериал кейіпкерлеріне айналуға тура келді. Ал келесі ретте, байқаулар мен викториналарға қатысып, «Фиксибол» ойнады («Әнді тап» ойынының шарты бойынша, тек олар музыкалық туынды емес, әдеби туындыларды тапты), сондай-ақ фиксилабиринтті аралап, Симка мен Ноликпен бірге фиксиктердің әнұранын айтты.
Әуес, әрі білімқұмар оқырмандардың көптеген сұрақтарына жауап беретін кітап — ЭНЦИКЛОПЕДИЯ - құпия сөз болып шықты.
Мереке ең қызықты энциклопедиялар қойылған, «Негеш кітаптары» - «Почемучкины книжки» атты кітап көрмесіне фиксишолу жасаумен аяқталды.
Қыздар әлемі
Ср, 28/03/2018 - 16:06 — julia27 наурыз күні көктемгі демалыс уақытында «Қыздар әлемі» клубының қыздары «миға шабуыл жасады». Әңгіменің сюжеті желісінде оның жалғасы туралы болжам айтылғанда, «Таным ағашы» сияқты сын тұрғысынан ойлаудың тәсілдері пайдаланылды.
Н. Богдановтың «Дружба» әңгімесі оқылды. Қатысушылар мәтіннің тақырыбына сүйене отырып, қағазға сюжет туралы өз болжамдарын жазу керек болды. Әңгімені 3 бөлімге бөлді және әр келесі бөлімді оқымас бұрын қыздар одан әрі не болатынын болжап, айтып отырды.
Айта кетсек, әңгіме соғыстағы екі жігіттің достығы туралы болды. «...Бұл өлең қызық болды: сөздері қазақша, ал сарыны рязандық. Қазақтың не туралы айтып жатқаны көбісіне қызық болды, дегенмен ол нақты аудара алмай, қызметте қалған, өз досы - Кузнецовқа сілтеді: оның аударатыны анық еді.
- Бір сөзбен айтқанда достық туралы, жақсы өлең!..- деп Иргаш әнін жалғастырды».
Іс-шараға қатысушылар мейірімділік пен бір-біріне деген құрметке тәрбиелейтін, достыққа қажетті маңызды адамгершілік қасиеттерді анықтады.
Дүние есігін ашады өлең!
Ср, 28/03/2018 - 16:02 — juliaКім «Антошка» өлеңін айтып, «Чунга-Чанга» биін билемеді дейсің? Осы және басқа да балаларға арналған көптеген өлеңдер халықтың сүйіктісіне айналғантамаша ақын — Юрий Энтиннің қаламынан шықты. Юрий Сергеевич тек сері емес. Ол — ересектер мен құрметке лайық ең қатал сыншы — ұл-қыздардың, балалар мен жасөспірімдердің құрметіне ие болған, алдыңғы қатардағы ақын. Юрий Сергеевич балалар аудиториясын өзіне тарта білетін өлеңдер мен сөз тізбектерін жазу қабілетіне ие болды. Энтин балалармен тең дәрежеде сөйлесе білді және оны ақынмен тілдескен балалар да сезінді. Ал өлеңдері Геннадий Гладков, Максим Дунаевский, Евгений Крылатов, Марк Минков және Владимир Шаинский сияқты атақты композиторлармен шығармашылық ынтымақтастықтың арқасында пайда болды.
Балалар кітабы апталығының екінші күні «Дүние есігін ашады өлең!» атты музыкалық-поэтикалық сағатта осы тамаша ақын туралы айтуды жөн көрдік. Ал өлеңсіз қандай музыкалық сағат болуы мүмкін? Сондықтанбалалар уақытша әнші атанып, Ю. Энтиннің әндерін караокеде орындады.
Кітап галактикасының бағытына
Сс, 27/03/2018 - 14:18 — julia26 наурыз күні кітапхана оқырмандары «Кітап галактикасының бағытына» аттанды. Балалар кітабы апталығының ашылуы мерекенің 75 жылдық мерейтойымен ұштастырылды.
Балалар кітабы апталығының алғашқы күні балалар «Ертегі кейіпкерлерінің шоқжұлдыздарымен» кездесті, ол жерде балаларды Бармалей мен Қызыл телпек қарсы алды. Олар көркем әдебиетті қаншалықты білетіндерін анықтау үшін түрлі байқаулар өткізді. «Кейіпкерді тап» атты викторина барысында ертегі кейіпкері мен оған тиесілі затты табуға тура келді.
Концерттік нөмірлер осы күннің сән-салтанатын келтірді. Алена Олеговна Мельникованың жетекшілігіндегі «Жастар» аула клубының «Три подружки» би үйірмесінің екі хореографиялық миниатюрасы мен біздің оқырманымыз Ольга Нартованың орындауындағы ән кітапхана оқырмандары мен қонақтарына арналған музыкалық сый ретінде болды.
Кітапхана Галактикасындағы алуан-түрлі кітаптарды қамтыған кітап көрмесі өзіндік ресімделуімен назарға ілінді.
Білім университеті
Сс, 20/03/2018 - 14:59 — julia2018 жылғы 16 наурыз күні ғылыми-көпшілік әдебиет бөлімінде пәндік «Білім университеті» лекторы аясында № 2 ОМ-тің 7 «г» сынып оқушыларының болашақ тарихшыларымен кездесу өтті. Кездесу тақырыбы: орта ғасырдағы Қазақстан тарихы.
Кездесуді ҚМУ-нің аға оқытушысы Шалғамбеков Айбек Батырхановичтің басшылығымен Қостанай мемлекеттік университеттің студенттері Криволапов Руслан, Жалелов Алмаз, Айсенова Әсел, Чугулева Алмагуль, Шағыбаева Гүлназ, Альтергот Вячеславтар өткізді. Кездесу барысында студенттер Қазақстанның 500 жылдан артық тарихын қозғады. Ұлы жібек жолы туралы, Қазақ хандығын құрған Керей хан, Жәнібек хан және Абылай хандар туралы айтты. «Моңғолдардың қазақ елін жаулап алуы» және «Яссауи мавзолейі» туралы бейнероликтер көрсетілді. Іс-шара соңында балалар «Аруна» баспасының «Шығыстың ұлылары» сериясы мен Қазақстанның тарихи тұлғалары туралы «Жетінші сөз» сериясындағы ғылыми-көпшілік басылымдарды таныстырды.
Наурыз құтты болсын!
Жм, 16/03/2018 - 15:23 — juliaКітапхана құттықтаулары… терезелерде! Наурыз мейрамы қарсаңында кітапхана терезелері кітапхана маңынан өтушілерге көктемгі жақсы көңіл күй сыйлайтын көбелектерге, кітаптар мен гүлдерге толып, терезелерге жан біткендей болды. Кітапхана барлық қостанайлықтарды келе жатқан Наурыз мейрамымен, жаңа арман, жаңа үміт беретін көктем мерекесімен құттықтайды!
Наурыз — достық пен әдемілік мерекесі
Жм, 16/03/2018 - 15:09 — juliaКөктем — керемет жыл мезгілі! Адамдар шаттанып, табиғат оянатын уақыт. Қазақстанда Наурыз мейрамы — көктемгі жаңару мерекесі 21 наурыз күні тойланады. Халықтың ұлы күнге және де осы уақытта болатын іс-әрекеттің бәріне деген қарым-қатынасы ерекше болады. Яғни адамдар шаруашылығын дұрыстап, арықтарды тазалайды, үй иелері сәнді киімдерін киіп, жыл бойы молшылық жыл болсын деп, мерекелік дастарханды бай етіп жаюға тырысады. Бұл күні бата-тілек алу өте маңызды. «Барлық бастамаларға жетістік болсын» және «жеріміз құнарлы болсын» деген сияқты тілектер Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында да айтылды. 15 наурыз күні Наурызды тойлау құрметіне Әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі Қостанай аймақтық орталықтың балалары үшін «Наурыз — достық пен әдемілік мерекесі» деген атаумен ойын-сауықтық бағдарлама ұйымдастырылды.
Кітапхана Мемлекеттік «Рухани қазына» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, қазақ халқының салт-дәстүріне деген қызығушылықты қалыптастыру мақсатын басшылыққа ала отырып іс-шара өткізді.
Салт-дәстүрлер туралы әңгімеден кейін балалар «Өлең айту жарысы қалай аталады?», «Келіншектің мерекелік бас киімін ата» деген сияқты сұрақтарға жауап беріп, мерекенің басты тағамы «Наурыз көженің» құрамы мен ұлттық тағамдарды атады; Сипатталуы бойынша ұлттық ойындардың атауын тапты. Сонымен қатар «Орамал тастау», «Қыс пен жаздың дыбысын сал» ойындарына қызыға атсалысты. Іс-шара соңында Үркер тобының «Наурыз» әніне билеп, мерекелі көрмеге ұсынылған кітаптарды қарады.
