Новости


Балалар денсаулығы — ұлт саулығы

Сн, 28/04/2018 - 13:27 — julia

26 сәуір күні гендерлік теңдік бойынша іс-шаралар аясында №14 ОМ-тің 1 «а» сынып оқушылары үшін «Балалар денсаулығы — ұлт саулығы» атты спорттық марафон ұйымдастырылды. Және атаулы іс-шараға кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара басында балалармен жаттығу өткіздік, кейін жас спорт әуесқойлары «Жылдамдық» және «Зымыран» болып екі топқа бөлінді.

Іс-шара басынан аяғына дейін спорттық жарыстардан тұрды. Екі топ та жарыста бір-бірінен жеңілмеуге тырысты. Марафон соңында балаларға шығармашылық тапсырма берілді: ол - өздері жақсы қатысқан, спорт тақырыбына баннер құру болды. Жарыс қорытындысы бойынша достық жеңді. Барлық қатысушылар спорттық жетістіктері үшін тәтті сыйлықтармен және медальдармен марапатталды.

Фото



Астана — болашақ қаласы

Жм, 27/04/2018 - 13:54 — julia

Биыл Астананың астана мәртбесін ресми түрде алғанына 20 жыл толып отыр. Жыл бойы ел ішінде осы атаулы күнге арналған іс-шаралар өтуде. 26 сәуір күні кітапханада «Астана — болашақ қаласы» деген тақырыппен он-лайн ойын өтті, бұл ойынға Астана қ. мен Қостанай қ. 8-сынып оқушылары атсалысты. Қатысушылар алдын ала астананың тарихын, географиясын, әдебиеті мен көрікті жерлерін зерттеді. Дайындық барысында балалар қала туралы көп қызық мәлімет алды, мәселен, ғаламда Астананың 23 туыстас қалалары бар және дәл осы жерде атақты эпикалық «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» поэмасының шыққаны туралы білді. Ойын барысында Астананың нышаны — Бәйтерек неліктен 97 м; астаналық океанариум неліктен Гиннесс рекорд кітабына енді деген сияқты және басқа сұрақтар қойылды. Кездесу нәтижесі — Астана мен Қостанайдың ортақ жеңісі.

Фото



«Мамандық әліппесі»: журналист

Бс, 26/04/2018 - 15:49 — julia

25 сәуір күні «Мамандық әліппесі» іс-шарасы аясында №11 мектеп оқушыларының «Костанайские новости» газетінің журналисі Мурат Төлеевпен кездесуі өтті, ол балаларға журналист жұмысының ерекшелігі туралы айтып берді.

Журналист мамандығы — қызықты және шығармашыл. Марат ағай қазіргі таңда облыстық «Костанайские новости» газетінің тілшісі болып қызмет атқарып жүр. Кездесу барысында ол 2018 жылы 15 жыл толған Қостанайдың ЖҚАЖ-ы туралы жазылған «Сильные парни с чистым сердцем» атты мақаласы жайында, қызмет көрсету саласы колледжінің түлектері туралы жазылған «Стране нужны специалисты? Страна их учит!» деген сияқты мақалалары туралы және басқаларын айтып берді. Журналист қызметін атқара жүріп, жарнамамен, режиссерлікпен және де қаламгерлікпен де айналысуға болады. Біздің қонағымыз осының бәрімен айналысады. Мәселен, ол «Правила угона», «Дорогая», «Расплата», «Чужой район» и фильмам «Невеста моего друга», «Мой дом - моя крепость» сияқты телевизиялық сериалдарға, кездесу барысында көрсетілген трейлерге сценарий жазған.

Мурат Төлеев «Лучшая третья подруга» атты өз кітабын кітапханаға тарту етті.

Фото



Партизан жолымен

Ср, 25/04/2018 - 10:08 — julia

24 сәуір күні Салалық әдебиет бөлімінде Ұлы мереке - Ұлы Отан соғысының 73 жылдығы қарсаңында «Партизан жолымен» атты реквием кеші өтті. Шара партизан әрі барлаушы, Ұлы Отан соғысы туралы көптеген шығармалардың авторы Қ.Қайсеновтің 100 жылдығына арналды. Қасым Қайсенов тірі кезінде-ақ аңызға айналған. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлік ерліктері үшін Қ.Қайсенов І дәрежелі Ұлы отан соғысы орденімен, Богдан Хмельницкий орденімен, басқа да көптеген медальдармен марапатталған, ол «Халық қаһарманы» орденінің кавалері болып табылады. Іс-шараға ҚҚК-нің 1-курс студенттері шақырылды.

Іс-шара барысында Қазақфильм студиясында режиссер Сағатбек Махмұт түсірген, «Партизан Қасым Қайсенов немесе, қарапайым Вася» атты деректі фильмнен, қоюшы режиссер Л.Белозоровичтің «Без права на выбор» атты көркем фильмінен үзінді көрсетілді.

Кездесу қазақ және орыс тілдеріндегі Қасым Қайсеновтің өз кітаптары, жазушыны таныған авторлардың кітаптары ұсынылған тақырыптық кітап сөресі фонында өтті.

Фото



V Облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауы

Дс, 23/04/2018 - 14:49 — julia

20 сәуір күні қазақстандық кітаптардың нағыз мерекесі - Облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқау мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ішкі «Рухани қазына» бағдарламасы аясында өтті.

Мақсаты - жасөспірімдердің қазақстандық әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру, әртістік қабілеті бар дарынды балаларды анықтау, қолдау көрсету.

Байқау Астананың 20 жылдығын мерекелеумен, Дүниежүзілік кітап күні және авторлық құқық күнімен ұштастырылды. Елорда мерейтойы байқаудың тақырыбы ғана болмай, оның мазмұнын толықтырды — қатысушылар Тәуелсіздік жылдарында шығарылған қазақстандық авторлардың шығармаларынан үзінді оқыды.

Балалар оқуға жауапкершілікпен қарап, сахналық бейнені тақырыптық атрибуттармен және декорациялармен толықтырды. Балалардың өнерін қазылар алқасы құрамындағы: балаларға арналған кітаптардың авторы, қоғам қайраткері, педагог — Суслова А.И., Ыбырай Алтынсарин атындағы мемориалдық музейдің жетекшісі — Оспанов М.Б., І.Омаров атындағы облыстық қазақ театрының әртісі, өнерге еңбегі сіңген қайраткер — Иманов Қ.С., Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры — Теплякова Н.М., Қостанай облысы Мәдениет басқармасының мәдениет ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімнің жетекшісі — Шевко И.В. бағалады. Қазылар алқасы көптеген байқауға қатысушылардың сөйлеу сауаттылықтарын, оқу мәдениеттерін, дауыс қойылымдарын, әртістік қабілеттерімен тарта білулерін және көркемдік талғамның ерекшелігін, жоғары деңгейде дайындалғандарын атап өтті.

Әр қатысушы өз марапаттарына ие болып, алғыс сөздерін естіді, ал ерекше көзге түскен балалар «Әртістік қабілеті үшін», «Айрықша таңдау», «Жарқын сахналық бейне», «Мұра» және «Кітапхана таңдауы» номинацияларын иеленді.

Сәкен Есенгелдиевтің «Жетім қыздың монологі» атты шығармасынан үзінді оқыған Рудный қаласының қатысушысы - Салиева Ұлдана лайықты жеңіске жетті. Зира Наурызбаева мен Лилия Калаустің «В поисках Золотой чаши» шығармасынан үзінді оқыған Ұзынкөл ауданынан келген қатысушы - Дарья Райляну екінші орынға ие болды. Әлдихан Қалдыбаевтың «Бүлдірген тере барғанды» кітабынан үзінді оқыған Әулиекөл ауданының қатысушысы - Құмар Жандос үшінші арынды алды.

«Рисунки ветром» атты қостанайлық топтың орындауындағы поппури байқауға қатысушылар мен келген қонақтарға тарту әрі іс-шараның жарқын соңы болды.

Фото



«Дабыл дәптері» эко-акциясы

Дс, 23/04/2018 - 09:20 — julia

19 сәуір күні «Әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі Қостанай аймақтық орталықтың» балалары үшін Жер күніне орай «Дабыл дәптері» деген тақырыппен эко-акция өтті.

Балалар табиғат жайлы тыңдағанды жақсы көреді, сол себепті олар әр мәліметті қызығушылықпен тыңдап, барлық сұрақтарға жауап беріп отырды. Олар қозғалыс ойындарға, сондай-ақ өз білімдерін көрсете білген, экология тақырыбы бойынша зейінге және аңғарымпаздыққа қатысты викториналарға белсенді қатысты.

Балалар бұдан басқа экологтердің әнұранын тыңдап, қоршаған ортаны қорғау туралы әлеуметтік роликтерді тамашалады және де көптеген кітаптар мен «Геолёнок», «В мире животных», «Тошка» сияқты журналдарға шолу жасады.

Іс-шара соңында балалар әлеуметтік педагогтердің көмегімен «Дабыл дәптеріне» «Әрқашан гүлдене бер, ұзақ өмір сүр, жасарып көгер» деп Жерге, онда өмір сүріп жатқан адамдарға игі тілектерін білдірді.

Фото



Ертегіге саяхат

Бс, 19/04/2018 - 10:26 — julia

17 сәуірде №15 сәбилер балабақшасының балғындары үшін «Ертегіге саяхат» атты танымдық бағдарлама өтті.

Бәріміздің сүйікті ертегілеріміз ғажайып ертегілер, жануарлар туралы және тұрмыс-салт ертегілері болып бөлінеді — әрине, бұл балғындар үшін жаңалық болды. Жануарлар туралы ертегілердегі балық, аң-құстар сияқты басты кейіпкерлер бір-бірімен сөйлесіп, бір-біріне соғыс жариялайды, достасады да. Ғажайып ертегілердің негізінде керемет әлем бар, онда сиқырлы заттар зұлымдықты жеңуге көмектеседі.

Балалар қарапайым өмірде орнаған зұлымдықты, сараңдықты басты кейіпкерлердің қалай жеңгені туралы «Алдар көсе» спектаклінен білді. Балғындарға арналған спектакльді «Хикаяттар сандығы» театр студиясының қатысушылары қойды. Жас әртістер қойылым барысында көрермендер назарын тарта білді.

Балғындар сүйікті ертегі кейіпкерлерінің әр сөзіне, әр қимылына зер салды.

Шығай бай мен саудагердің сараңдығы мен арамдығын Алдар көсенің қулығы мен тапқырлығының арқасында жеңуі спектакльдің шарықтау шегі болды, көрермендер шаттыққа бөленіп, ду қол шапалақтады. Осылай ертегіге деген саяхат та аяқталды.

Фото



«Университет білімі»: Психололгия

Бс, 19/04/2018 - 10:22 — julia

Ғылыми-көпшілік әдебиет бөлімінде 17 сәуір күні пәндік «Университет білімі» дәрісі аясында «психололгия» тақырыбы бойынша 11-сынып оқушыларының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталықтың жаттықтырушы-оқытушысы, Қостанай облысы «Жастардың алтын кітабы» лауреатының төрағасы - Владимир Вадимович Алексанинмен кездесуі өтті.

Дәрісші әңгімені пікірталас түрінде өткізді. «Әке мен бала»; Қалай оптимист болуға болады?, Экстраверттер мен интроверттер деген кімдер? деген сияқты тақырыптар қозғалды.

Владимир Владимирович психология кітаптары туралы айтты, солардың ішінде Алан Пиздің «Язык телодвижений: как читать мысли окружающих по их жестам» кітабын толық оқып шығу керек, әйтпесе мәнмәтіні ашылмауы мүмкін екенін де айтып өтті. Адамдардың ым-ишаратын бір-бірінен жеке ажыратпай, бірге қарау керек, олай болмаса әңгімелесушінің кейпін теріс ұғынуы мүмкін.

Стивенс Х. «Приручи своих драконов: обрати недостатки в достоинства». Адам өз-өзімен күресе отырып, өз қорқынышын жеңеді, бақытты, толыққанды, «нағыз» өмір сүреді.

Мектеп оқушылары осы сияқты және басқа да постулаттарды (дәлелдеуді қажет етпейтін қағида) тыңдады.

Фото



Орбұлақ – елдің ерлік жолы

Сс, 17/04/2018 - 16:49 — julia

17.04. күні № 9 орта мектептердің 7 сынып оқушылары үшін қазақ-жоңғар әскерінің ірі шешуші шайқасы - Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына орай «Орбұлақ – елдің ерлік жолы» атты тарихи сағат өтті. Оқушыларды презентация арқылы тарихи оқиғамен таныстырған ҚМПИ Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистрі – Елкей Нұрлыбек Нұрланұлы кездесудің басты қонағы болды. Сонымен қатар іс-шара барысында әскери өнердің, жауынгерлік айбынның үлгісі болып табылатын, қазақ батырларының ұрысы көрсетілген видеороликтер ұсынылды. Орбұлақ шайқасы қазақ халқы тарихында ерлік кезеңнің бірі болып қалады. Кездесу соңында балалар тек бұл шайқас қана емес, жалпы Қазақстан туралы сұрақтар қойды. Елкей Нұрлыбек Нұрланұлы ел тарихына деген қызығушылықты ескеріп, сұрақтарға рақаттана жауап берді. Кездесуге «Орбұлақта оянған рух» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Фото



Батыр ұрпақтары

Сс, 17/04/2018 - 10:44 — julia

16.04. күні А.Имановтың 145 жылдығына орай Ы.Алтынсарин атындағы ДБМ-нің 7-сынып оқушылары үшін «Батыр ұрпақтары» атты тарихи дайджест болып өтті. Кездесу барысында кітапханашы 1916 жылғы қозғалыстың аңызға айналған батыры Амангелдінің Егеменді тәуелсіз Қазақстанға қосқан үлесіне тоқтала отырып, бастан кешірген оқиғасымен таныстырды. Іс-шара барысында А. Имановтың өмірін, тарихи қызметін танытатын видеоролик ұсынылды. Кездесу соңында Амангелді бабамызға арналған кітап көрмесі таныстырылды.

Фото


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 330 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана