Новости


«Безвыходный сад»

Дс, 06/11/2017 - 14:43 — julia

Бір күннен кейін, 3 қараша күні Ы.Алтынсарин ат. ОБЖК-да әдеби «Қыздар әлемі» отырысында Н.Волковтың «Безвыходный сад» әңгімесі бойынша әдеби сот болып өтті.

Қыздар өздеріне «жан-жақтан» назар салып, шешімі жоқ болып көрінген жағдайдан шығатын амал іздеп, дұрыс шешім қабылдауды және сыныптастарымен тіл табыса білу шешімдерін қарастырды.

Әдеби сотқа қатысу жасөспірімдерді кітапты тек оқып қана қоймай, кітап кейіпкерімен бірге оқиғаны бастан кешіруге, онымен бірге ойлануға, оны ой елегінен өткізе отырып, кейіпкер арқылы өзіне деген көзқарасын өзгертеді. Олар тек автордың ойын емес, өз жеке ойларын да салыстырмалы түрде жеткізуді үйренеді.

Кей уақытта маңымыздағы адамдар бізді түсінбейді деген қорқыныш қиын жағдайдан шығуға кедергі болады. Біз олармен өз сезімдеріміз жайлы ашық сөйлесуді үйренуіміз керек, ал бұл жағдай кері байланысқа түсуге мүмкіндік береді.

Фото



«Біздің сүйікті үй жануарларымыз»

Дс, 06/11/2017 - 14:39 — julia

Мектеп демалысы кезінде «Қыздар әлемі» әдеби отырысы белсенді өмір сүруде.

1 қарашада Ы.Алтынсарин ат. ОБЖК-да «Қыздар әлемі» әдеби отырысында облыстық өлкетану мұражайының қызметкері Андрющенко Андрей Валентиновичтің қатысуымен «Біздің сүйікті үй жануарларымыз» атты сторителлинг болып өтті.

Кездесу басында Андрей Валентинович балалармен жақсы қарым-қатынас орнатуына байланысты, сторителлинг достық жағдайда өтті.

Келген қонақ үй жануарларын күту жөнінде қажетті кеңестер айтты. Балалар ит пен мысықтардың түрлі тұқымдары жайлы көптеген жаңа ақпарат алды. Олар өздерінің үй жануарларына қатысты «Оларды қалай тамақтандыру керек?», «Қандай тұқымын уйретуге болады?» деген сияқты түрлі-түрлі сұрақтарды қойды. Атаулы тақырып қызықты болғандықтан, сторителлингке әдеби отырыстың қыздары ғана емес, сондай-ақ ұл балалар да қатысты. Бағып-қаққан үй жануары үшін жауапты екенімізді үнемі естен шығармауымыз керек.

Фото



«Я сердцем никогда не лгу»

Жм, 03/11/2017 - 14:27 — julia

Күз… Осы керемет жыл мезгілі туралы бізге орыс ақындары ғажайып өлең жолдарын сыйлады… Күзде Э.А. Асадов, Р.Г. Гамзатов, Л.Н. Толстой, М.Ю. Лермонтов сияқты ұлы жазушылар дүниеге келген және де күз Сергей Александрович Есениннің есімін еске түсіреді.

2 қараша күні Ы.Алтынсарин ат. ОБЖК-да «Шығармашылық аймағы» әдеби студия аясында «Я сердцем никогда не лгу» деген тақырыппен күміс ғасырдың ұлы ақынына арналған әдеби-музыкалық кеш өтті. Іс-шара бір сәт ХХ ғасырдың басына енуге мүмкіндік берген, Сергей Есениннің сөзі жазылған аудиобаспадан басталды. Қатысушыларға рязандық ақынның өмірі мен шығармашылығынан қызықты оқиғалар айтылды. Сонымен қатар кештің ажарын ашқан өлеңдері мен Есениннің туындысына жазылған романстардың бейнежазбасы көрсетілді. Себебі өлең ақын болмысын көрсетеді...

Фото



Қоғам дамуындағы мемлекеттік кітапханалардың рөлі

Дс, 30/10/2017 - 16:38 — julia

2017 жылғы 26 қазанда Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Халықаралық «Қоғам дамуындағы мемлекеттік кітапханалардың рөлі» атты ғылыми-практикалық конференция аясында «Оқуды қолдаудағы нәтижелі технологиялар: идеялар мен тәжірибелер диапазоны» секциясы жұмыс істеді.

Атаулы секцияның мақсаты мен міндеті — мағыналық оқылым мәселелері бойынша кітапхана мамандарының біліктілігін көтеру. Секция жұмысына Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды және Қызылорда облыстары балалар кітапханаларының, сонымен қатар Қостанай қаласы мектеп кітапханаларының өкілдері қатысты. Секция модераторы Ы.Алтынсарин ат.ОБЖК директоры Теплякова Надежда Минеевна болды.

РФ Екатеринбург қ. Муниципалдық бірігу кітапханаларының инновациялық-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Щепина Наталья Петровна мен ҚР «Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалының Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Ибрагимов Камиль Тимергазиевич секцияның құрметті қонағы болды.

Ибрагимов К. Т. секцияға қатысушыларды ҚР-ның жаңа білім беру стандарттарымен таныстырды. Щепина Н. П. «Кітапханада оқу бағдарламасының нәтижелілігін көтеру жолдары: өзекті аспектілер» деген тақырып бойынша оқырман алдында тұрған міндеттерге қарамастан, түрлі оқу стратегияларын пайдалану туралы өте қызықты етіп баяндады.

РФ Новосибирск қ. А.М.Горький ат.облыстық балалар кітапханасының үйлестіру-әдімтемелік бөлімінің басшысы, "ВикиСибириаДа" жобасының жетекшісі Смутнева Елена Григорьевна on-line режимде кітапханада жүзеге асырылған, көркем емес мәтіндерді оқыту тәжірибесі «Жетелі оқыту» бағдарламасы туралы айтты. Сондай-ақ қазақстандық кітапханалардың жұмыс тәжірибелері көрсетілді. Қарағанды қ. Абай ат.облыстық балалар кітапханасының инновациялық-әдістемелік бөлімінің әдіскері Подгайнова Марина Николаевна мектепке дейінгі балаларға оқылым мен тыңдалымды тиімді үйрету технологиялары жайлы әңгімеледі.

Ақтөбе қ. Ырғыз ОАК директорының м.а. Омарбекова Жумагуль Орынбаевна «Ел оқырманы» жобасының жұмысы жайлы баяндады.

Секцияның практикалық бөлімінде Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК қызметкерлері оқу стратегиясы бойынша шеберлік сағат өткізді. «Кейіпкерге ілес» көркем мәтінмен жұмыс, Шевченко Ю.Б., Ы.Алтынсарин ат.ОБЖК 7-11-сынып оқушылары мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі және «Ғылыми-көпшілік әдебиетімен, оқу әдебиетімен жұмыс», Байгенжина С.М. директордың орынбасары.

Фото



«Кітапханадағы Лермонтов поэзиялары күні»

Дс, 23/10/2017 - 14:18 — julia

Ғылыми-көпшілік әдебиет бөлімінде Қостанай қаласының №18 мектеп-гимназиясы мен Пенза қаласының №18 мектебінің 7-сынып оқушыларының он-лайн кездесуі өтті.

Кездесу атақты прозашы, драматург, әрі суретші, 19 ғасырдағы Ресейдің жарқын ақындарының бірі — Михаил Юрьевич Лермонтовқа арналды. Атаулы кездесуді өткізуге себепкер болған, жыл сайын ақынның туған күнінде «Кітапханадағы Лермонтов поэзиялары күні» акциясын өткізетін, Пенза қаласының облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы болды.

Кездесу барысында поэтикалық жекпе-жекке шықты, жекпе-жек барысында біздің балалар жеңіске жетті, сонымен қатар ақынның балалық шағы өткен, Лермонтов әжесінің атындағы Тархан ауылына (қазір Лермонтов ауылы) виртуалды саяхат жасады. Кездесу соңында қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абайдың аудармасындағы «Тау шыңдары» («Горные вершины») өлеңін оқып бердік.

Фото



«Кітап. Уақыт. Біз»

Дс, 23/10/2017 - 10:14 — julia

19 қазанда 7-11 сыныптарға қызмет көрсету бөлімінде дәстүрге айналған жасөспірімдер кітабы күні өтті, шара мақсаты кітапханаға оқырмандарды тарту, әдебиет қорын ашу болды. Күні бойы кітап көрмелері таныстырылды. «Кітап. Уақыт. Біз» кітаптың туу тарихын ашты: жартасқа салынған суреттен бастап бірінші баспа кітапқа дейін. Сол тарихи кезеңді елестетуге болатын, әр дәуірге кітаптар қойылды. Және, әрине сол ғасырларда жазған авторлардың тізімі жасалды. Көрмедегі тас суреттері, папирус және сына жазулы сазды кесте фрагменті оқырмандарды ерекше қызықтырды.

Тағы да бір кітапханашылардың оқу шеңберін ашатын, «Бізбен бірге оқыңыздар» көрмесі назарға ілінді. Оқырмандарға үнемі кітапханада жұмыс істейтіндердің не оқитындары қызық болатын. Кітапханашылардың суретімен берілген аңдатпалар, кітаптардың мазмұнын ашатын ай-стопперлер оқырмандарды тарта білді. Тағы да осы күні ЧелМУ-нің 2-курс студенттері, 18-мектеп-гимназияның 8-сынып оқушылары мен «Адамгершілік қасиет» әдеби клубының қатысушылары үшін «Кітап+Біз=Оқу» атты пікірталас түріндегі кездесу болып өтті. Балалар оқу дегеніміз не? Қазіргі жастар кітап оқиды ма және қандай авторларды оқиды? Расында сүйікті кітабың бойынша адамды сипаттауға бола ма? деген сұрақтарды ортаға салып, талқылады. Әсіресе, кітап па, әлде фильм бе деген сұрақ қызу талқыланды. Әркім өз көзқарасын дәлелдеді: біреулері тек кітап өзіне тартып, еліктіреді десе, енді біреулері қазіргі арнайы әсері бар фильмдер кітаптан кем емес, тіптен асып түседі десті. Кино мен кітапты бөліп-жармай, оның жақсы жақтарын көре білгендері де бар. Кездесу еркін, көңілді, әрі позитивті жағдайда өтті.

Фото



«Кітап патшалығында»

Бс, 19/10/2017 - 16:34 — julia

18.10.2017ж. №2 бала бақша ата-аналарының сұрауы бойынша, Ы.Алтынсарин ат.ОБЖК-да 1-6-сынып оқушылары мен мектеп жасына дейінгі оқушыларға қызмет көрсету бөлімінде есту қабілеті бұзылған балаларға арналған «Кітап патшалығында» атты театр элементтері бар экскурсия ұйымдастырылды. Мыстан кемпір балаларды қарсы алып, кітапхана ішіне саяхат жасады. Жас оқырмандарды сөрелерде қандай кітаптар күтетінін айтып қана қоймай, абонемент бөлімінің ережелерімен таныстырды. Ал оқу залында балғындарды көңілді Бауырсақ қарсы алды, ол жұмбақтар жасырып, ертегіден де құр қалдырмады. «Бізге күз патшалығы келді», «Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» сияқты форматтан тыс көрмелер қатысушы ата-аналардың назарына ілікті.

Кейін Бауырсақ балаларды А.Барто шығармашылығымен таныстырды, ал балалар оның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Экскурсия соңында балаларды тағы да бір тосын сый күтті: ата-аналар мен тәрбиешілердің күшімен Г.Остердің «Котенок по имени Гав» атты ертегісі бойынша қуыршақ қойылымы көрсетілсе, өнер секторында балалар қағаздан кітап үйінің макетін жасап, өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытты. Міне, осылай тағы да 20 бала үшін кітапхана сенімді дос, әрі көмекші болып қала бермек.

 



«Қайғы мен қуаныш кешкен өмір»

Жм, 13/10/2017 - 10:25 — julia

11 қазан күні Марина Цветаеваның 125 жылдығына орай «Қайғы мен қуаныш кешкен өмір» деген тақырыппен №2 мектеп-лицейдің 8-сынып оқушыларымен әдеби қонақжай болып өтті. Оқушылар ақынның ауыр тағдырымен танысты. Анна Ахматова ол жайлы былай деген: «Марина Цветаеваның тағдырынан басқа қорқыныштыны көрмеппін». Неліктен Мәскеу «оны сыйдырмайды»? Неге «қуып жібереді»? Цветаевтар тегі Мәскеуге көп сый көрсетті емес пе?! Румянцев мұражайына үш үлкен Цветаевтардың кітапханасы сыйға тартылды. Мәскеуге қаншама түпнұсқа поэтикалық туындылар арналды. Кітапханашы осы жайлы балаларды ақпараттандырып, өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар, ақынның болашақ ұрпаққа арнап жазған хаттарынан үзінді оқыды. «Бастысы — мен білемін, 100 жылдан кейін мені қалай жақсы көретіндерін...» деген сәуегейлік сөзі орындалды.

Фото



Ы. Алтынсарин мұрасы - мәңгілікке қазына

Жм, 13/10/2017 - 10:21 — julia

11 қазан күні №9 мектептің 9-сынып оқушылары үшін Ы.Алтынсаринге арналған «Ы. Алтынсарин мұрасы - мәңгілікке қазына» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оқушылар кітапханашымен бірге 19 ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуына үлкен үлес қосқан ағартушы педагогтің өмірі мен қызметіне тағы да бір көз жүгіртті. Балалар Ы.Алтынсариннің шығырмашылығын талқылауға белсенді араласып, ұлы педагог жайлы қызықты ақпараттармен бөлісті. Балалардың назарын аударған «Ұстаздан – ұлағат, ұлыдан – өнеге» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Фото



Болашаққа бағдар

Жм, 06/10/2017 - 13:34 — julia

5 қазанда №18 мектеп-гимназияның 8-сынып оқушылары үшін президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бойынша «Болашаққа бағдар» деген тақырыппен дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылар Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жүзеге асуын талқылады. Бұл мақалада Елбасы бірыңғай ұлтты қалыптастыру және қоғамдық ой-сананың түбегейлі өзгеруі бойынша өз көзқарасымен бөлісті. Ол қоғамдық ой-сананы жаңғырту бойынша ауқымды міндеттерді белгілеп, халық үшін елімізді сапалы жаңа даму деңгейіне әкелетін жаңа көкжиек ашты. Бағдарламаны талқылау барысында балалар тек ақпарат алып қоймай, болашақта бағдарламаның жүзеге асуы жайлы өз көзқарастарын білдіре білді. Жастар Елбасы бағдарламада белгілеген міндеттер жас ұрпақтың патриоттық рухын қалыптастырады деген ойға келді. Ал олар оқу орнында алған білімдері арқылы бағдарламаның жүзеге асуына өз үлестерін қосады. Кездесуден кейін «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының барлық бағытын ашатын кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Фото


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 79 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана