Новости


Менің Қазақстаным, мен сені мақтан тұтамын

Жм, 19/01/2018 - 15:57 — julia

Ақын Мұзафар Әлімбаевтың «Қандай сөздер болады» («Какие бывают слова») атты тамаша өлеңінде:

«Ана! Сүйікті сөз.
Тас! Салмақты сөз.
Жалын! Ыстық сөз.
Отан — ең жақсы сөз!» деп айтылған.

17 қаңтар күні Ы.Алтынсарин ат. ОБЖК-да "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Заречный ауылының 5 сынып оқушылары үшін «Менің Қазақстаным, мен сені мақтан тұтамын» атты көрме-кинохабар өтті.

Президенттің «Рухани жаңғыру» - болашаққа көзқарас» мақаласының бағдарламасы бойынша жұмыстың негізгі мақсаты - рухани және мәдени құнылықтарды сақтау және арттыру. Қоғам санасын жаңғырту бағытының бірі, патриоттық сезімді қалыптастыру. Отаншылдық өз жеріңе, өз ауылыңа, қалаңа, шағын отаныңа деген сүйіспеншіліктен басталады.

Бесінші сынып оқушылары «Қазақстан әліпбиде» деген тақыраппен ұйымдастырылған патриоттық викторина сұрақтарына жауап беріп, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу қадамы туралы білді және «Мен де» атты «хормен жауап беру» (кричалка) ойынына атсалысты:

- Мен егеменді Қазақстан Республикасында тұрамын!
- Мен де!
- Мен елімді мақтан тұтамын!
- Мен де!
- Мен еліме өркендеу мен амандық тілеймін!
- Мен де!
- Елімнің бақытты, әрі бай болуын тілеймін!
- Мен де!

Туған еліміз Қазақстанда үнемі бейбітшілік, қуанышты және жарқын өмір болуын барлық оқырмандарымызға тілейміз!



Құстар біздің досымыз

Жм, 19/01/2018 - 15:06 — julia

17 қаңтар күні сағат 15.00-де №24 мектеп-гимназияда «Игі істер айлығы» акциясы аясында «Құстар біздің досымыз» атты іс-шара өтті. Іс шараға атаулы мектептің 3-сынып оқушылары қатысып, құстардың түрлерімен, олардың мекендейтін жерлерімен, бір сөзбен айтқанда жалпы өмір сүру әдеттерімен танысты.

Оқушылар іс-шарада жұмбақтар шешіп, құстар туралы мағлұмат алып, өз белсенділіктерін танытты және оларға қамқорлық жасайтындықтарын білдірді. Оригами әдісімен құс жасады.

 

Фото

 



Орыс әдебиетінің нұры

Жм, 19/01/2018 - 14:59 — julia

«Байтақ, сұлу «Пушкин» әлемі, сәлеметсің бе!»

деп 1 мектеп-лицейдің 5 сынып оқушылары айтты. 2018 жылғы 18 қаңтарында Ы.Алтынсарин атындағы кітапханада «Орыс әдебиетінің нұры» атты портрет болып өтті. Осыдан көп жыл бұрын 1799 жылы 6 маусымда Мәскеу қаласында Пушкиндердің отбасында бұйра шашты, қараторы, өткір көзді ұл бала дүнеге келді.

Оның мейірімді күтушісі Арина Родионованың әрбір ертегісі Саша үшін нағыз қазына еді. Кейін Пушкин оның көптеген ертегілерін өз өлең жолымен жазылған ертегілерінің желісіне қосты. Оның қай кезден өлең жаза бастағанын ешкім білмейді. Дегенмен көбі оның алғашқы өлеңдері француз тілінде жазылды деп есептейді. Балалар Александр Сергеевичтің француз, ағылшын, неміс, италия, испан, латын, грек және славян тілдерін білгенін білді, ол кейбірін жетік білсе, енді бірін өмір бойы зерттеп үйренген.

Бесінші сынып оқушылары ақын өміріндегі онша таныс емес деректер туралы мұқият тыңдады және жатқа өлеңдер оқып, А.Пушкиннің туындылары бойынша «Балда қалай жұмыс істеді?»; «Шал мен кемпірдің үйі қалай аталды?»; «Дадон патша данышпанға Алтын әтеш үшін не беруді уәде етті?» деген байқау сұрақтарына жауап берді.

Кездесу соңында балалар ұлы ақынның өмірі туралы көп және жаңа ақпарат білгендерін және оның ертегілерін бұрынғыдан да қатты жақсы көре түскендерін айтып жеткізді.

Фото



Университет білімі

Ср, 17/01/2018 - 15:07 — julia

15 қаңтар күні ғылыми-көпшілік әдебиет бөлімінде «Университет білімі» жобасы - пәндік дәрісхана бастау алды. Дәрісхананың алғашқы циклінің тақырыбы — биологиялық ғылымдар.

Алғашқы кездесуге Облыстық тарихи-өлкетану музейі Табиғат бөлімінің қызметкері - Андрей Валентинович Андрющенко шақырылды. Ол өзінің сүйікті авторларының әдебиеттерін ұсынды: Д. Даррел «Гончие Бафута», «Сад богов», А. Э. Брэм «Жизнь животых», И. А. Шапиро «Загадки растения-сфинкса», М. Ф. Ивахненко «Живое прошлое земли», «Беззащитные властелины», А. Смородинцев «Беседы о вирусах». Бұл кітаптардың барлығы өсімдіктер мен жануарларға деген ғажайып сүйіспеншілікті, қоршаған әлемге деген адамшылық қатынасты меңгертеді. Тамаша табиғат зерттеушісі Джеральд Даррелл өркениеті әлі дамымаған әлем - Орталық Африкаға жасаған экспедициясы туралы жазады. Таулы Камерун жануарларының сирек кездесетін жануар түрлерімен, олардың қызықты дағдыларымен, Бафут әміршінің жарқын философиясымен және оның құзырындағы жайдары адамдарымен таныстырады. Ирина Александровна Шапиро - биолог, саңырауқұлақ пен балдырдың өзара бірегей селбесуін табыстыратын қыналардың, ағзалардың физиологиялары жөніндегі маман. Көптеген инфекцияларды таратқан вирустың пайда болу тарихы, вакцинаның жасалуы туралы, әлі зерттелмеген аурулардың қоздырғыштарын іздеу туралы профессор Александр Смородинцевтің кітабында мәлімделеді.

Андрей Валентинович ертеден белгілі болып көрінген нәрселерге жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік берген ресурстарды таба алды. Кітаптарға шолу қызықты, әрі танымды болды, №2 мектеп-лицейдің 8-сынып оқушыларына шолу өте ұнады.

Дәріс «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Президент жыл сайынғы Жолдауында білім — болашақ ел жетістігінің іргелі факторы оны әрбір қазақстандық түсінуі тиіс дейді. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы тиіс.

Фото



Дауыстап оқу

Сс, 09/01/2018 - 10:59 — julia

Қысқы демалыстың соңғы күндері Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК-ның мектеп жасына дейінгі балаларға және 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Қыс Ананың ертегілері» атты дауыстап оқу өтті. Біз балалармен бірге С.Маршактың «Двенадцать месяцев» және Х.К.Андерсеннің «Снеговик» ертегілерін оқып, кейін талқыладық. Одан басқа біздің оқырмандарымыз жаңа жылдық ғажапқа сенеді ме, расымен де ғажайып болады ма деген сұрақтар жайлы сөйлестік. Қатысушылар бірігіп жаңа жылдық «Қысқы өрнек» көрмесінен алған кітаптардың үзінділері бойынша ертегі үзінділерінен өз ертегілерін құрады. Түсініксіздеу, дей тұра қызықты және көңілді ертегілік оқиға шықты, тіптен балалар сол оқиға бойынша сурет те салды.

Сонымен қатар біз өз оқырмандарымыз үшін «Ғажайып ертегілер карнавалы» атты қысқы мульт-фейерверк өткіздік. Қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлаған, жақсы жаңа жылдық мультфильмдер көрсетілді.

Фото



Сиқырлы қолдың өнері

Дс, 08/01/2018 - 16:36 — julia

6 қаңтар күні Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК-ның өнер бөлімінде «Қыздар әлемі» әдеби клубының қатысушылары үшін «Сиқырлы қолдың өнері» деген тақырыппен шеберлік сабағы өтті. Сабақта майда моншақ, иірімжіп және қағаз сияқты материалдар пайдаланылды. Кітапханашы иірімжіп пен майда моншақтан қалай білезік өруге болатынын тәртіптеп түсіндірді. Ал қағаздан жаңа жылдық аппликациялар мен қар бүршіктері жасалды. Шеберлік сабағы шағын дастархан жайылуымен аяқталды, дастархан басында қыздар оқыған кітаптарынан алған әсерлері жайлы достық жағдайда бөлісіп, жаңа жылдық ғажайыптар туралы әңгімелесті.

Фото



Шығармашылық алаңы

Дс, 08/01/2018 - 11:17 — julia

Кейде адам өмірінде шығармашылық танытып, бірдеңе жазып, өзіңді көрсеткің келетін уақыт болады! Айтпақшы, бұрын поэзия деген сөзбен көркем әдебиетті, ал прозамен қалған барлық сөздік шығармаларды атағанын, сіздер білесіздер ме?..

Қысықы демалыс кезеңінде Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК-да «Шығармашылық алаңы» әдеби студиясы аясында біз екі кездесу өткіздік: «Тарих құрастырушы» және «Поэзия — ерекше әлем». Мұнда, шығармашылық лабораториясында қатысушылар: әңгіменің композициясы дегеніміз не және оны қызықты етіп қалай жазуға болады; өлеңді қалай шығару керек; өлеңнің көлемі дегеніміз не және т.б. көпті білді. Алынған барлық теориялық материал сол арада бірден практикаға ұласты, сонымен қатар қатысушылар қуана-қуана әдеби ойындарға атсалысты.

Фото



Жаңа жылдық қарбалас немесе Жаңа жылыңызбен!

Жм, 05/01/2018 - 16:33 — julia

Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК-ның 1-6 сынып оқушылары мен мектеп жасына дейінгі балаларға қызмет көрсету бөлімінде қысқы демалыс кезеңінде «Жаңа жылдық қарбалас немесе Жаңа жылыңызбен!» атты жаңа жылдық мереке болып өтті. Ең алғашқы оқырмандар «Төбет ит барлығын шақырады» атты жаңа жылдық фото-кросқа қатысты. Жыл символымен естелікке суретке түсушілер суретке түсті. Төбет Лопух тағы да жануарлар туралы жұмбақтар жасырып, оқырман нөмірлерін ойнатты.

Сонымен қатар оқырмандар «Жаңа жылдық шыршадағы ермектер» брейн-рингіне қатыса алды. «Аққала» мен «Қар бүршігі» болып бөлінген екі топ өзара жарысқа түсті. Тапсырмалары өте қызықты, әрі өзінше әртүрлі болды: зияткерлік, музыкалық, қызықты, шығармашылық. Көркем әдебиетті қаншалықты білетіндерін тексеру де байқаудан тыс қалмады. Топтар байқауларға құмарлықпен, қызығушылықпен қатысты: әдеби пазлдарды құрды, викторина сұрақтарына жауап берді, музыкалық шығармалардың үзінділері бойынша әндерді тапты, жаңа жылдық сурет салды. Іс-шара соңында әділқазылар алқасы қорытынды шығарды. Мәреге достық жетті! Қатысушылардың барлығы тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Фото



Жақсы сөз — жанға қуат

Жм, 05/01/2018 - 15:04 — julia

4 қаңтар күні Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК-да «Қыздар әлемі» әдеби отырысында «Жақсы сөз — жанға қуат» деген тақырыппен оқырман шығармашылығының лабораториясы өтті. Қыздар Дарья Вилькенің «Туманность Архипкина» әңгімесін оқыды.

Балалар уайымының асыра көрсетілуі және нақтылығы — балаларға арналған қазіргі әдебиетте сирек кездесетін құбылыс.

Автор оқырмандарына ЖРВИ-мен немесе тұмаумен ауырып жатқан балаға деген қарым-қатынас жайлы айтпайды. Ол бала дамуы жағынан сәл артта қалып келеді, дегенмен ол да ойнап-күлгенді жақсы көреді. «Архипкинді жай ғана Архипкин деп атаған. Оның есімін ешкім де білмеген. Архипкиннің құрбысы болмақ түгел, оған қыздар қарамаған да. Тіптен онымен кездесуге де, кездестіруге де тырыспаған. Және «Архипкинді Айға жібереміз бе?» деген сөзді бірінші болып кім айтқанын да ешкім білмейді. Ал келесі күні Архипкин жоқ болып кетті».

Клубқа қатысушылар Архипкиннің қайда кеткені жайлы біраз ойлап табуға тырысты, сонда Архипкин қайда кетті, әңгіме неліктен Архипкин деп аталады. Сіздер осы жайлы білгілеріңіз келе ме? Онда кітапханаға қош келдіңіздер!

Фото



Жаңа жылдық мозаика

Бс, 21/12/2017 - 16:44 — julia


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 189 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана