2019 жылы 11 сәуірде өнер бөлімінде «Махаббат – мәңгі дастан» атты сазды кешімізге «Педагогика және психология» мамандығы бойынша 1 курс студенттері қатысты. Бұл кездесуде қатысушылар Дудар-ай әнінің шығу тарихымен танысты. Қазақтың халық әндерімен пара-пар келетін «Дудар-ай» әнін естімеген жан кемде кем. Әннің шығу тарихына терең үңілмесе де, алдыңғы әуенін естіген бойда ыңылдай кеттік. Бірақ бұл әннің авторы Мариям Жагорқызы есімді орыс қызы екенін біреу білсе, біреуі халық әні деп ойлағандары да болды. Осы әннің жалғасы ғып, 15 сәуір – "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" ғашықтар күнінің нышаны екенін айта кетіп,ой бөлістік.Сондай-ақ халық аузында ежелден махаббат сезімін, оның нәзік қылын, пәк махаббатқа жету жолындағы жүректі тербетер сан қилы оқиғаларын мейлі, өз жұртында болсын, мейлі, өзге жұртта болсын, жырлап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырған лиро-эпостық поэма кітаптарымен таныстыра кеттім. Іс -шара соңында Ғашықтар күні нышаны ретінде фетрден жүрекше жасадық.
Новости
Қазақ күлкісінің олимпі
Сс, 23/04/2019 - 09:26 — Ольга АСәуір айы бізге күлкі күнімен есігін ашады. Осы мерекенің жалғасы «Қазақ күлкісінің олимпі» атты сатиралық шығармалардың авторы Оспанхан Әубәкіровтің 85 жылдығына арналған қызықты кеш болды. Іс-шараға дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 5-сынып оқушылары қатысты. Кездесу барысында оқушылар Оспанхан атамыздың өлеңдеріне ән қосып айтып,өтірік өлеңдерінен үзінділер оқып, «Жабақ туралы әңгімелер»атты шығармасымен танысып, ойын түрінде талдау жасады. Балалар Оспанхан атамыздың 85 жылдығына арнап өз мектептерінің ұранына арналған «Алтынсарин маршын» сыйға тартып, шырқап берді. Оспанхан атамыздың шығармашылығы қызықты тілімен оқушылардың бойларына күлкі мен жылу сыйлады.
Сәлем, Әлем!
Сс, 23/04/2019 - 09:24 — Ольга АЕжелгі Рим данышпаны Луций Анна Сенека, егер де Жерде жұлдыздарды тамашалайтын бір ғана орын болса, оған әлемнің түпкір-түпкірінен халық ағылатын еді деген екен. Сонша ғасыр өтсе де, адамдардың психологиясы өзгерген жоқ. Аспан магнит сияқты, ұшуды армандағандай, адамды үнемі тартып тұрады. Міне, осы арман туралы біз №2 мектеп-лицейінің 2 „а„ сынып оқушыларымен «Сәлем, Әлем!» шеберлік сыныбында сөйлестік. Грек аңызының кейіпкерлері Дедал мен Икар, Леонардо да Винчи, жүздеген өнертапқыштар, Константин Эдуардович Циолковский — барлығы осы арманды жақындатқандай болды, бірақ ол ХХ ғасырда жүзеге асты. Енді Сергей Павлович Королевтіі, Юрий Алексеевич Гагариннің есімдері миллиондаған адамға таныс. Тіпті бүгінгі күні «ғарыш» сөзі қиял-ғажайыпқа, құпияға толы естіледі, біз өзге ғаламшарлықтармен кездесуді армандаймыз, мүмкін олар да осы туралы армандайтын болар? Біздің балалар сияқты біз дәл осындай қызыққұмардың бейнесін салуға тырыстық, ал одан не шыққанын суреттерден қараңыздар.
Кішіпейілділік пен мейірімділік дәріханасы
Дс, 22/04/2019 - 16:39 — Ольга А10 сәуірде №15 бала бақшаның балғын оқырмандары үшін «Аптека чуткости и доброты» сабағы өткізілді. Балалар қолдан жасалған зымыранмен қайырымды істер мен сөздер бағыты бойынша мына бекеттерге аялдады: «Ертегі кейіпкерлері», «Сиқырлы сөздер», «Зерделі балалар». Балалар ойынға да белсене араласты: «рахмет», «өтінемін», «рақым етіңіз» сияқты сиқырлы сөздерді айтып шықты, Қызыл телпек, Белоснежка, Алдар Көсе сияқты ертегі кейіпкерлерін естеріне түсірді, Дымбілмеске жақсы істерді таңдауға көмектесті. Ғаламшардан үйлеріне оралғаннан кейін балалар мысық Леопольд туралы муьтфильмді тамашалады және оның сүйікті «Балалар, тату өмрі сүрейік!» сөзін дауыстап айтты.
Лилия Калауспен кездесу
Жм, 19/04/2019 - 09:57 — Ольга А19 сәуірде № 1 мектеп-лицейінің 4 сынып оқушылары үшін керемет қазақстандық жазушы Лилия Калауспен онлайн-кездесу ұйымдастырылды. Балалар филолог Зира Наурызбаевамен бірге жазған «В поисках Золотой чаши. Приключения Бату и его друзей» повесін оқи отырып, автордың шығармашылығымен танысты. Кітап арқылы балаларға қазақ мәдениеті, тілі және тарихы туралы ақпарат ұсынылады, патриотизм, өз іс-әрекеттері, отбасы, жалпы ел тағдыры үшін жауапкершілік сезіміне тәрбиеленеді. Айтпақшы, авторларға кітап жазуға олардың құрдастары мен кейіпкерлердің прототиптері, сондай - ақ олардың мектеп достары көмектесті.
Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған әр түрлі сұрақтар дайындады: автордың жеке өмірі, ол жазушы мамандығына қалай келді және әрине, осындай керемет повестің ойы қалай туылды. Лилия барлық сұрақтарға үлкен ықыласпен жауап беріп, жазушыларға кеңес беріп, жас жазушыларға өткізілетін әр түрлі конкурстарға қатысуға ұсыныс жасады. Және әрине, тек көркем әдебиет ғана емес, сонымен қатар танымдық энциклопедиялар да көп оқуға болады.
Кездесу өте қызықты өтті, автор да, оқырмандар да риза болды.
Ғашықпын саған, музыка!
Жм, 19/04/2019 - 09:53 — Ольга А19 сәуірде Қостанай құрылыс колледжінің бірінші курс студенттері джаз патшасы - Дюк Эллингтонның танымал джаз әуендерінің тыңдармандары болды. Бұл кездейсоқ емес, сәуірде американдық джаз-оркестрдің жетекшісі, джаз сазгері, көркемдеуші және пианист Дюк Эллингтонға 120 жыл толады. Сәуір айы Америка тарихының Смитсон мұражайының шешімімен 2001 жылдан бері әлем бойынша Jazz Appreciation Month (JAM) ретінде аталып өтіледі. Бір сағаттық әуенді сағат ішінде болашақ құрылысшылар мен сәулетшілер маэстроның өмірінен біршама қызықты деректерді білді. Мысалы, джаз сазгерінің шын есімі - Эдвард Кеннеди, ал «Дюк» - лақап аты, «Герцог» деген мағынаны білдіреді. Тегі музыка пәнінен алғашқы ұстазы - Клинкскейлз, бокал сыңғырының көпүнділігі деп аударылады. Карнеги-холл концертінен жиналған қаржы (1943ж.) жараланған кеңес әскерлеріне аударылған. Музыка мектебінің ұстазының саксофонда орындаған танымал музыкалық композициялар - Soda Fontain Rag», «Take the 'A'Train», «It don't mean a thing», «Caravan» іс-шараның шырайын келтірді. Ал студенттер Карина Тулькибаева мен Даулет Абишевке белсене қатысқандары үшін Л.Толстой атындағы ОҒӘК орналасқан «Америка бұрышы» АРО ұсынған естелік сыйлық табысталды. Олар енді Jazz Appreciation Month естерінде көпке дейін сақталады.
Алтынсарин кездесулері
Жм, 19/04/2019 - 09:52 — Ольга АҒылыми-көпшілік әдебиеттері бөлімінде «Ыбырай атымен аталатын орындар бойынша» атты «Алтынсарин кездесулері» іс-шаралар топтамасы өткізілді. Виртуальді шолу №18 мектептің 7 сынып оқушыларын Ыбырай Алтынсариннің атымен аталатын мұражаймен, оқу орындарымен, көшелермен, ауданмен таныстырды. Іс-шара барысында «Ыбырай Алтынсарин: ұстаз, жазушы, гуманист» саяхат ойыны өткізілді, сондай-ақ оқушылардың назарына презентация мен 15 кітаптан, журналдан, газет мақаларынан тұратын кітап көрмесі ұсынылды.
Үлкенге құрмет, кішіге ізет
Ср, 17/04/2019 - 05:00 — Ольга АЗияш Телеуовамен онлайн-кездесу Сәуірдің 17 күні кітапханада әдебиет әлемін қазіргі заман талабына сай жеткізе білген тамаша жазушы, қазіргі қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар – Зияш Телеуовамен алыстағы жазушымен қашықтықты қысқартатын «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» атты онлайн-кездесу өтті. Кездесуге біздің кітапхананың оқырмандары Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 6-сынып оқушылары, ұстаздары және кітапхана ұжымы қатысты. Кездесуде Зияш Қалиқызы өз естеліктерімен, шығармашылық ойларымен бөлісіп, бізге және біздің оқырмандарға үлкен мереке сыйлады. Балалар автордың өмірі, алдағы жоспары жайлы, шығармашылығы туралы көптеген сұрақтар қойып,жауап алды. Қатысушы балалар автордың домбырада ойнап, ән айтатынын естігенде сыйға ән сұрады. Зияш Телеуова балалардың сұранысына тартымды, нәзік дауысымен Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындап берді. Ал оқушылар болса «сыйға-сый» деп өздерінің мектептерінің әнұранына айналған «Алтынсарин маршын» орындап берді. Сондай-ақ оқушылардың ішіндегі Жанарыс атты оқушы өз атынан авторы төрт жолдық шығарған өлеңін оқып берді. Бұл кездесу біздер үшін үлкен мереке, үлкен сыйлық болды. Зияш Телеуова қазіргі балалар әдебиетінде нағыз таптырмас қаламгер.
Ою ойғанның ойы ұшқыр
Дс, 08/04/2019 - 16:19 — adminМ. Хәкімжанова атындағы №20 мектептің шақыртуымен Оқу тәрбие үрдісінде «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы негізінде 2018-2019 оқу жылында мектеп оқушыларымен ата-аналар арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруы нәтижелері талқыланды.
Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, ұлттық қолөнерді насихаттау мақсатында "Ою ойғанның ойы ұшқыр" атты үйірмесі осы мектеп оқушыларымен жұмыс жалғасып жұмыс етеді.
Кітапханашымыз өз жұмыстары туралы, сынып жетекшілері мен ата-аналарына тығыз байланыстары туралы айттып. Алдағы уақытта бірге жұмыс жасаймыз деген оймен тарадық.
Балалар кітабы апталығының аяқталуы
Бс, 04/04/2019 - 11:16 — adminҚазына аралы бойынша теңіз қарақшыларының кеме жарысы кітап аралдары бойынша эстафетаның қорытындысы болды. Акула айлағынан шыққан теңіз қарақшылары Қаңқалар үңгіріне тап болады, одан шыққан соң, Сынақ көпірін бағындырады, Аңыздар аңғарындағы Ұшатын Голландцтан қорыққан жоқ, әлі күнге дейін Генри Морганның өзінің қазынасы сақталған нағыз теңіз қарақшыларының аралдары туралы білді.
Барлық сынақтарды бағындырған жас теңіз қарақшылары нағыз қазынаны тапты. Және бұл қазына — алтын мен гауһардан да қымбат нағыз, баға жетпес қазынаны сақтап отырған біздің кітапханамыз. Қазына — бұл кітаптардан табуға болатын білім. Залдан шыққан «Ендеше кітаптарға барайық!» деген баланың дауысы біз үшін нағыз марапат болды.
Кемелер сайысы қарақшылардың кітап сөрелерінен балық аулауымен аяқталды.
