Новости


Балаларға арналған керемет кітаптар

Сс, 19/06/2018 - 16:32 — julia

16 маусым «Жанға жайлы отырыстар» ата-аналар клубы жұмысының аясында «Балаларға арналған керемет кітаптар» атты библио-фреш өтті.

Клуб қатысушылары назарларына: Хана Лундберг «Печенье счастья», С. Нурдквисттің «Финдус переезжает», Т. Крюкованың «С кем играет кенгуру»; сонымен қатар шынайы өмірмен негізделген әлемге әйгілі болған Д. Боуэн «Кот по имени Боб» атты кітаптары ұсынылды. «Заветная полка» сериясымен шыққан, ата-аналардың өткен шағына оралтатын «Люсино детство» Л. Чарской, «Чудесная девочка» Ф. Бернетт и других атты кітаптарына ерекше көңіл бөлінді.

Әрдайым сұранысқа ие «Почемучкины книжки» және «Детская научно-популярная энциклопедия» жаңа кітаптары үлкен қызығушылық танытты.

Фото



Қасиетті Қазақстан

Бс, 14/06/2018 - 08:41 — julia

13 маусым мектепке дейінгі және 1-6 сынып оқушыларына арналған бөлімінде Елбасы Н. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында халықтың санасына жалпыұлттық киелі орындар ұғымын сіңіру бағытында Сырбай Мәуленов атындағы гимназияның 6-сынып оқушыларымен кездесу өтті. Сондай-ақ оқушылар Республика көлемінде жүріп жатқан «Рухани жаңғыру» аясында «Қасиетті Қазақстан» этно-мәдени экспедициясының Қостанай облысы бойынша зерттеліп, жаңғыртылған киелі нысандарына арналған «Қостанай облысының киелі жерлері» атты виртуалды кітап көрмесіне саяхат жасады. Оқырмандарға өлкеміздің 10 жалпыұлттық мәні бар және 19 жергілікті маңызды киелі орындарының атауымен таныстырылып, сол киелі жерлер жайлы және өз елінің, өз өлкесінің тарихы жайындағы кітап және журнал, газет беттеріне шыққан мақалалармен таныстырылды. Оқушылар «Мен өз еліммен мақтанам» деп өздерінің ерікті ойларымен бөлісті. Кездесу туған өлкеміздің авторларының өлеңдері «мүшайра» дәстүрі бойынша өлең оқумен аяқталды.

Фото



Көрермен – басты серіктес

Дс, 11/06/2018 - 09:22 — julia

7 маусымда өткен "Хикаяттар сандығы" театр студиясының сабағы Андей Усачевтің "Не разговаривай" өлеңімен басталды:

Не разговаривай

Люблю театр и кино:

Там так уютно и темно

И можно в мягком кресле

Часок вздремнуть…

 

Детский сад в театре …

- Тише! Кто жужжит у уха!

- Кто жужжит? Наверно, муха!

- Нет! Не принято у мух

Говорить в театре вслух!

Закричали дети хором:

- Можно говорить …

                                Актерам!

Сондай-ақ жас әртістер өз ойларын ортаға салып, талқылады – зеріккен жоқ. Олар "цехтегі" өз достары – Амина Масалимовна мен Настя Китаеваны тыңдады. Қыздар театрда өзін ұстау ережесі туралы ақпаратты дайындады. "Көпшілік драма дарындарын тәрбиелейді..." деген А.С.Пушкин жасаған маңызды ашылымммен бөлісті. Бұл театр заңын ұлы режиссер К.С.Станиславскийдің өз шығармашылығында іске асыруын тыңдау қызықты болды.

Егер де біреу бұны сонау өткеннің үлгісі деп ойласа – қателескені. Оған 2018 жылғы 12 маусымдағы "Зеленое яблоко" газетіндегі жазба дәлел «Қостанай Достық үйі сахнасында ұлы режиссер туралы спектаклімен сынға түскен, Анастасия Серикованың әртістік шеберлік студиясының жас әртістеріне Станиславский: «Сенемін!» дер еді». Бұл жөнінде «Хикаяттар сандығы» студиясының жетекшісі - Елена Павловна Мензелинцева мәлімдеді.

Фото



Библио-КешParty

Бс, 07/06/2018 - 16:02 — julia



Мемлекеттік рәміздер — тарих көрінісі

Бс, 07/06/2018 - 15:45 — julia

7 маусымда «Рухани қазына» бағдарламасын іске асыру аясында Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі Қостанай аймақтық орталықтың қамқорлығындағылар үшін ҚР мемлекеттік рәміздеріне арналған «Мемлекеттік рәміздер — тарих көрінісі» атты ақпарат-тайм ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында балалар ҚР-ның мемлекеттік рәміздері туралы ақпарат алып, мемлекеттілік атрибуттардың әрбіріне қатысты өз білімдерін кеңейтті, геральдиканың қалыптасу тарихы туралы білді. Балалар шектелген мүмкіндіктерінің әсерінен викторинаның барлық сұрақтарына жауап бере алмады, дегенмен видео-роликтерді қызыға тамашалап, өлең оқыды.

Фото



Саусақ театры

Бс, 07/06/2018 - 11:41 — julia

Жазғы мектеп лагері аясында Өнер әдебиеті бөлімдерінде 6 маусымда №20 және №9 ОМ оқушылары үшін «саусақ қуыршақтары» бойынша шеберлік сабағы өтті. Саусақ театры көмегімен қандай болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын саханалауға болады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортаны бейнелей алады. Іс-шара барысында балалар саусақ қуыршақтары арқылы «Үйшік» және «Мақта қыз бен мысық» ертегілері кейіпкерлерін сомдады.

Іс-шара соңында қағаздан бақа жасады. Оқушылар үшін бұл өте қызықты болды. Балалар өз алғыстарын білдірді.

Фото



Шпаргалкалар, ойландырғыштар және таңдандырғыштар

Бс, 07/06/2018 - 09:22 — julia

Кітапханада кітапханалық сабақтар циклі бастау алды! №2 мектеп-лицейдің жазғы дамыту лагеріне қатысушы балалар танымал мультфильмнің кейіпкерлері Симка және Ноликпен бірге ақпараттық лабиринттен өту үшін көптеген кедергілерді жеңулеріне тура келді. Оларға бағытты пайдалы «шпаргалкалар» - энциклопедиялар көрсетіп отырды, олар қажетті әрі пайдалы ақпаратты іздеуге көмектесіп қана қоймай, сол мәліметтің кенішімен таңғалдырды.

Фото



Жазғы алаң

Бс, 07/06/2018 - 09:13 — julia

Жазғы мектеп лагері аясында 1-6 сынып оқушылары мен мектеп жасына дейінгі балаларға қызмет көрсету және Өнер әдебиеті бөлімдерінде 1 маусымнан бастап күнделікті түрлі танымдық ойын-сауық іс-шаралар өткізілуде: экологиялық ассорти, мінез-құлық тәртібі, әдеби дилижанс, этикалық ғылымдар мектебі, медиялық экскурсиялар, жарқын, ерекше библиосабақтар, «саусақ қуыршақтары» бойынша шеберлік сабақтар (қағаздан) және басқалары.

Барлық іс-шаралар ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасау мәдениеті барысында оқушы бойында этикалық түсінік қалыптастыруға, сонымен қатар құрмет көрсету мен мейірімділікке негізделген тәртіп нормалары мен қағидаларын орындауға бағытталған. Іс-шара қызықты әрі алуан-түрлі көркем және салалық тақырыптағы кітаптармен танысуға, жалпы ой-өрісіне ықпал етеді.

Фото



Кітап патшалығындағы көңілді старт

Ср, 06/06/2018 - 09:42 — julia

1 маусым күні «Кітап патшалығындағы көңілді старт» деген тақырыппен Балаларды қорғау күніне арналған конкурстық-ойын бағдарлама ұйымдастырылды.

Сүйікті кейіпкерге арналған Мыстан кемпір, Карлсон және Чичи маймыл балалардың көңілдерін көтерді. Балалар кейіпкерлермен бірге қызықты конкурстарға қатысып, көңілді ойындар ойнады. Оқырманымыз Оля Нартованың орындаған әндері мен бейімдеу орталығы балаларының көрермендерге тарту еткен заманауи биі іс-шараның сәніне айналса, «Ритмы детства» ұжымының орындауындағы «Хорошее настроение» биі мерекені аяқтады.

Мереке соңында дәстүр бойынша балаларды тәтті сюрприз күтті. Іс-шараға 120 адам қатысты.

Фото



Орыс драма театрына саяхат

Жм, 01/06/2018 - 21:38 — admin

29 мамырда «Хикаяттар сандығы» театр студиясының қатысушылары Облыстық орыс драма театрына серуендеп қайтты.

Балалар танымды, құнды әрі өте қызықты экскурсия барысында бұл театр Қазақстан бойынша ең көне театрлардың бірі және ол 1922 жылы қаланғандығы жөнінде білді. Театр маусымында 8 премьера шығарады. Оған драма, комедия, трагедия, тіптен балаларға арналған ертегілер де кіреді, қойылымдарды А. Олейникова, Л. Ромадина, Ю. Кудряшова, О. Бабанов, В. Битюкова, В. Колпаков, О. Смирнов сияқты дарынды әртістер орындайды.

Театр фойесіндегі қостанайлық суретші Александр Захарченковтің жұмысы балаларды таңғалдырды, әсіресе Лиза Воронова көркемөнер мектебіне барып жүргендіктен, графикалық және көркем суреттерге ерекше назар аударды.

Костюмерлер, бутафория, суретшілердің шеберханалары сияқты орындар нағыз сырлы заттарды сақтайтын орын. Ол жерде бетпердені киіп көріп, нағыз қытай желпуіші мен қаруды ұстап көруге болады, тіптен орта ғасырдағы батырлардың сауыт-сайманын да көре аласың.

Экскурсия осымен өз мәресіне жетті. Театрдың әдебиет бөлімінің жетекшісі Татьяна Николаевна Созина тосын сый жасады. Студиялықтар әртіс әрі қоюшы режиссер Наталья Борисовна Дедюхтан шеберлік сабағын алды.

Балалар азды-көпті әртістік құпия жайлы білді. Енді олар басты рөл тимеген жағдайда немесе сөздерді ұмытып қалған жағдайда соншалықты қынжылмайтындарына сенімді.

Театр сахнасының шеберімен өткен қызықты және құнды «тең» сұхбат балаларға жігер берді. Олар үйді-үйіне рөлді бастан аяқ оқимыз, кейіпкермен іштей сұхбаттасамыз деген оймен тарасты.

Фото


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 68 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана