Новости


«Адал дос пен арам дос»

Жм, 16/06/2017 - 10:00 — julia

14 маусым күні ОБЖК-да әдеби «Қыздар әлемі» отырысында «Адал дос пен арам дос» деген тақырыппен оқырман шығармашылығының лабораториясы ұйымдастырылды. Талқыланып, саралану үшін Т. Кудрявцеваның «Принц и нищий» әңгімесі ортаға салынды. Шығарма кездейсоқтықтан таңдалған жоқ: басты кейіпкер Алиса тек ақшаны бағалайтын, одан басқаның маңызын түсінбейтін қыз. Ол сабақ тапсырмаларын көшіріп алу үшін, беске оқитын Лизаны өзіне құрбы етті. Алиса жемістер беріп, кафеге апарып, Лизаның достығын сатып алуға болады деген ойда болды. Ал Лиза Алисаның достығына кәміл сенді. Әңгімені оқып, талқылағаннан кейін, қыздар кейіпкерлердің достыққа деген көзқарастары әртүрлі, білімді ақшаға сатып ала алмайсың, адамдар тек материалдық жағынан емес, рухани жағынан да кедей, не бай болады деген бір шешімге келді. Клубқа қатысушылардың пікірінше, достықтан маңызды ештеңе жоқ. Іс-шара соңында қыздар практикалық жұмыс жасап, сұрақтары берілген, достық туралы шағын әңгімені талқылады және өз достары туралы айтып, «достық» деген сөздің мағынасын ашты, оның заңы мен белгілерін анықтады.

 



Досың болған қандай тамаша!

Ср, 14/06/2017 - 16:25 — julia

«Досың болған қандай тамаша!» деген тақырыппен Эдуард Успенскийдің 80 жылдығына орай 13 маусым күні Ы. Алтынсарин ат. ОБЖК-да №14 орта мектептің 2,3 сынып оқушыларының қатысуымен іс-шара өтті. Балалар жазушысының кітаптары бойынша, балалар көгілдір вагонға қызықты саяхат жасап, «Қош келдің», «Фотоертегі», «Құлақтандыру» бекеттеріне аялдады. Балалар Успенский ертегілерінің кейіпкерлерімен кездесіп, күткен түрлі сынақтарды орындауға тырысты. Ал соңғы «Музыка» бекетінде мерейгерге сыйлық ретінде «День рождения только раз в году» әнін айтып берді.

ФОТО



Тәрбие — ұлы іс

Сс, 13/06/2017 - 13:23 — julia

12 сәуір күні ОБЖК-да №8 ОМ-тің 1 сынып оқушылары үшін мінез-құлық туралы «Тәрбие — ұлы іс» атты шара ұйымдастырылды.
Балалар жолдорбаларын қажетті және қажетсіз адами қасиеттерге толтырып, орман сүрлеуімен виртуалды саяхатқа шықты. Іс-шара барысында балаларға өмірде не қажет, не кедергі болатыны жайлы шешім шығару тапсырылды.
Залдағы балалар жас ерекшеліктеріне қарамастан белсенді жұмыс жасап, жеке бастарын мысал ете отырып, жақсы және жаман іс-әрекеттердің арасына шек қоя білді. Соңында балалар еңбекқорлық, табандылық, жан жомарттығы сияқты адами қасиеттер өмірде өте қажет деген шешімге келді. Ал сараңдылық, жалқаулық, қырсықтық, сөз тасушылық сияқты қасиеттерді саяхатқа шыққан қиял жолдорбасында қалдырды.
Балалар серіктіріп, біраз шулап алуға мүмкіндік беретін қимыл-қозғалыс ойындарына да қуана-қуана қатысты.

 



Күлкі әлеміне саяхат

Жм, 09/06/2017 - 14:58 — julia

8 маусым күні Ы. Алтынсарин ат. ОБЖК-да №2 ОМ-тің 2 сынып оқушылары «Күлкі әлеміне саяхат» жасап, әзіл-оспақ әдебиеттермен танысты. Кітап оқиғалары арқылы балалар үйде, мектепте кездестіретін жағдаяттар көңілді, әрі ойын түрінде талқыланды. Балалар ойдан шығарылған кемемен «Күлдіргілер», «Саңғырлақтар», «Еріншектер» кемежайларына соға отырып, Күлкі аралына теңіз саяхатын жасады. Іс-шара барысында балаларға өздерінің іс-әрекеттерін жан-жақты бақылауға түрткі болған, «Ералаш» киножурналының бөлімдері көрсетілді. Балалар түрлі әзіл-оспақты оқиғаларға позитивті қарап, физминуттарға қуана-қуана қатысты. Айтылған барлық әзіл-оспақ оқиғалар балаларға қызықты да, түсінікті де болды.



«Жолда жүру ережесін білу – бәріне міндет»

Бс, 08/06/2017 - 11:40 — julia

02 және 07.06.2017ж. Ы. Алтынсарин ат. ОБЖК-да «Жолда жүру ережесін білу – бәріне міндет» деген тақырыппен ЖЖЕ байланысты іс-шара өтті. Жолда жүру ережесі туралы балалардың білімін бекіту, оқушылар арасында жол жарақатының алдын алу – іс-шараның мақсаты болды.

№19 және №2 мектеп-лицейдің қатысушылары үшін (72 адам) іс-шара барысында қимыл-қозғалыс ойындары, сондай-ақ есте сақтау, зейінділік қабілеттерін жетілдіруге арналған ЖЖЕ байланысты бірнеше викторина жүргізілді.

ФОТО



Бейбітшілік пен мейірімділік қаласы — Астана

Бс, 08/06/2017 - 11:38 — julia

5 маусымда Ы.Алтынсарин ат. ОБЖК-да №11 ОМ-тің 2-6 сынып оқушылары үшін екі дүркін «Бейбітшілік пен мейірімділік қаласы — Астана» атты тарихи-биографиялық круиз өтті. Балалар Астананың қалыптасуы туралы кітапханашының айтқан әңгімесін қызыға тыңдап, сұрақтарға бір ауыздан жауап берді және Астана қаласына арналған ән шырқады. Балалар жақсы білім нәтижесін көрсетіп, мемлекеттік рәміздерге қатысты сұрақтарға жауап берген «Қазақстан оқиғалары» атты интелектуалды ойын іс-шараға енгізілді. Кіші сынып оқушылары өздеріне ұсынылған ақпарат бойынша әлі де көп оқу қажет екендігіне көз жеткізді.

ФОТО



«Туым-намыс, ұраным-бірлік, рәмізім-мақтаныш!»

Бс, 08/06/2017 - 11:03 — julia

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығы мерекесіне орай Ы.Алтынсарин ат. ОБЖК №13 ОМ-тің 1-6 сынып оқушылары үшін «Туым-намыс, ұраным-бірлік, рәмізім-мақтаныш!» атты ақпараттық бағдарлама дайындап өткізді.

Балалар үшін «Бәйге» интеллектуалды ойыны мен патриоттық ойындар дайындалып, «Сәлеметсің бе, Астана», «Отаным менің» деген тақырыптағы видео көрсетілді. Кіші сынып оқушылары үшін ойын деңгейінен өту оңайға соқпады, дегенмен олар аға жолдастарына қарап тырысып бақты, ал олар болса, ойынның барлық сұрақтарына жауап беріп, «Бәйге» ойынын патриоттық ұранмен аяқтады.

ФОТО



Шыншылдық – адамдықтың белгісі

Бс, 08/06/2017 - 10:46 — julia

Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖК-да «Қыздар әлемі» әдеби отырысының қатысушылары үшін «Шыншылдық – адамдықтың белгісі» атты жағдаяттық ойын ұйымдастырылды. Ю. Яковлевтың «Багульник» әңгімесі жалпыға оқылды. Бұл әңгіме мұғалімнің оқушыдан мейірімділік, бауырымдылық, тапсырылған іске жауапкершілікпен қарау сияқты жақсы қасиеттерді үйренуі туралы.

Әңгіме оқылғаннан кейін кітапханашы талқылау сұрақтарын қойды. Қыздар жарқын тұлға ретінде танып білген басты кейіпкерге қатысты өз ойларын білдірді. Түрлі жағдайлармен қожайындары өз жануарларын күте алмауына байланысты, Костя оларға адал ниетпен қамқор болғанын қыздар атап өтті. Сонымен қатар, қатысушылар Костяны сабақтан кейін аңдып, оның немен айналысып жүргенін білген мұғалім туралы да өз ойларын ортаға салды. Олардың ойларынша, мұғалімнің басты кейіпкерге деген көзқарасы өзгеріп, балаға жақсы көзқараспен қарайды.

Бұл қатысушылар бойында жақындарымызға, достарымыз бен туғандарымызға үнемі әділеттіміз бе деген ой туғызды.

ФОТО



Балауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасы

Бс, 01/06/2017 - 16:33 — julia

Балаларды қорғау күніне орай Ы. Алтынсарин ат. ОБЖК-да «Балауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасы» деген тақырыппен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Балалар мерекесіне арналған тосын сыйдың бірі-мерекеге қонақ болып Пеппи ұзын шұлықтың өзі келді. Балалар Пеппимен бірге түрлі байқаулар мен викториналарға қатысты. Басынан аяғына дейін музыкалық құттықтауларға толы іс-шара балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Балаларды мереке соңында дәстүрге айналған тәтті тосын сый күтті. Іс-шараға 137 адам қатысты.

ФОТО


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 115%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 154 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана