Новости


Библио-КешParty

Бс, 07/06/2018 - 16:02 — julia



Мемлекеттік рәміздер — тарих көрінісі

Бс, 07/06/2018 - 15:45 — julia

7 маусымда «Рухани қазына» бағдарламасын іске асыру аясында Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі Қостанай аймақтық орталықтың қамқорлығындағылар үшін ҚР мемлекеттік рәміздеріне арналған «Мемлекеттік рәміздер — тарих көрінісі» атты ақпарат-тайм ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында балалар ҚР-ның мемлекеттік рәміздері туралы ақпарат алып, мемлекеттілік атрибуттардың әрбіріне қатысты өз білімдерін кеңейтті, геральдиканың қалыптасу тарихы туралы білді. Балалар шектелген мүмкіндіктерінің әсерінен викторинаның барлық сұрақтарына жауап бере алмады, дегенмен видео-роликтерді қызыға тамашалап, өлең оқыды.

Фото



Саусақ театры

Бс, 07/06/2018 - 11:41 — julia

Жазғы мектеп лагері аясында Өнер әдебиеті бөлімдерінде 6 маусымда №20 және №9 ОМ оқушылары үшін «саусақ қуыршақтары» бойынша шеберлік сабағы өтті. Саусақ театры көмегімен қандай болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын саханалауға болады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортаны бейнелей алады. Іс-шара барысында балалар саусақ қуыршақтары арқылы «Үйшік» және «Мақта қыз бен мысық» ертегілері кейіпкерлерін сомдады.

Іс-шара соңында қағаздан бақа жасады. Оқушылар үшін бұл өте қызықты болды. Балалар өз алғыстарын білдірді.

Фото



Шпаргалкалар, ойландырғыштар және таңдандырғыштар

Бс, 07/06/2018 - 09:22 — julia

Кітапханада кітапханалық сабақтар циклі бастау алды! №2 мектеп-лицейдің жазғы дамыту лагеріне қатысушы балалар танымал мультфильмнің кейіпкерлері Симка және Ноликпен бірге ақпараттық лабиринттен өту үшін көптеген кедергілерді жеңулеріне тура келді. Оларға бағытты пайдалы «шпаргалкалар» - энциклопедиялар көрсетіп отырды, олар қажетті әрі пайдалы ақпаратты іздеуге көмектесіп қана қоймай, сол мәліметтің кенішімен таңғалдырды.

Фото



Жазғы алаң

Бс, 07/06/2018 - 09:13 — julia

Жазғы мектеп лагері аясында 1-6 сынып оқушылары мен мектеп жасына дейінгі балаларға қызмет көрсету және Өнер әдебиеті бөлімдерінде 1 маусымнан бастап күнделікті түрлі танымдық ойын-сауық іс-шаралар өткізілуде: экологиялық ассорти, мінез-құлық тәртібі, әдеби дилижанс, этикалық ғылымдар мектебі, медиялық экскурсиялар, жарқын, ерекше библиосабақтар, «саусақ қуыршақтары» бойынша шеберлік сабақтар (қағаздан) және басқалары.

Барлық іс-шаралар ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасау мәдениеті барысында оқушы бойында этикалық түсінік қалыптастыруға, сонымен қатар құрмет көрсету мен мейірімділікке негізделген тәртіп нормалары мен қағидаларын орындауға бағытталған. Іс-шара қызықты әрі алуан-түрлі көркем және салалық тақырыптағы кітаптармен танысуға, жалпы ой-өрісіне ықпал етеді.

Фото



Кітап патшалығындағы көңілді старт

Ср, 06/06/2018 - 09:42 — julia

1 маусым күні «Кітап патшалығындағы көңілді старт» деген тақырыппен Балаларды қорғау күніне арналған конкурстық-ойын бағдарлама ұйымдастырылды.

Сүйікті кейіпкерге арналған Мыстан кемпір, Карлсон және Чичи маймыл балалардың көңілдерін көтерді. Балалар кейіпкерлермен бірге қызықты конкурстарға қатысып, көңілді ойындар ойнады. Оқырманымыз Оля Нартованың орындаған әндері мен бейімдеу орталығы балаларының көрермендерге тарту еткен заманауи биі іс-шараның сәніне айналса, «Ритмы детства» ұжымының орындауындағы «Хорошее настроение» биі мерекені аяқтады.

Мереке соңында дәстүр бойынша балаларды тәтті сюрприз күтті. Іс-шараға 120 адам қатысты.

Фото



Орыс драма театрына саяхат

Жм, 01/06/2018 - 21:38 — admin

29 мамырда «Хикаяттар сандығы» театр студиясының қатысушылары Облыстық орыс драма театрына серуендеп қайтты.

Балалар танымды, құнды әрі өте қызықты экскурсия барысында бұл театр Қазақстан бойынша ең көне театрлардың бірі және ол 1922 жылы қаланғандығы жөнінде білді. Театр маусымында 8 премьера шығарады. Оған драма, комедия, трагедия, тіптен балаларға арналған ертегілер де кіреді, қойылымдарды А. Олейникова, Л. Ромадина, Ю. Кудряшова, О. Бабанов, В. Битюкова, В. Колпаков, О. Смирнов сияқты дарынды әртістер орындайды.

Театр фойесіндегі қостанайлық суретші Александр Захарченковтің жұмысы балаларды таңғалдырды, әсіресе Лиза Воронова көркемөнер мектебіне барып жүргендіктен, графикалық және көркем суреттерге ерекше назар аударды.

Костюмерлер, бутафория, суретшілердің шеберханалары сияқты орындар нағыз сырлы заттарды сақтайтын орын. Ол жерде бетпердені киіп көріп, нағыз қытай желпуіші мен қаруды ұстап көруге болады, тіптен орта ғасырдағы батырлардың сауыт-сайманын да көре аласың.

Экскурсия осымен өз мәресіне жетті. Театрдың әдебиет бөлімінің жетекшісі Татьяна Николаевна Созина тосын сый жасады. Студиялықтар әртіс әрі қоюшы режиссер Наталья Борисовна Дедюхтан шеберлік сабағын алды.

Балалар азды-көпті әртістік құпия жайлы білді. Енді олар басты рөл тимеген жағдайда немесе сөздерді ұмытып қалған жағдайда соншалықты қынжылмайтындарына сенімді.

Театр сахнасының шеберімен өткен қызықты және құнды «тең» сұхбат балаларға жігер берді. Олар үйді-үйіне рөлді бастан аяқ оқимыз, кейіпкермен іштей сұхбаттасамыз деген оймен тарасты.

Фото



Бізге таныс емес сөздер

Сс, 29/05/2018 - 15:18 — admin

26 мамырда «Хикаяттар сандығы» театр студиясында «сандықшадағы» негізгі кітап С.И.Ожегованың «Словарь русского языка» атты түсіндірме сөздігі болды.

«Сөйлеу — демек іс-әрекет жасау...», яғни әртіс сахнада дұрыс бағытта әрекет жасауы үшін мәтіндегі әр сөздің мағынасын түсіне білуі керек. Жас әртістер «Мерейтойлық бенефисте» кездескен «Ныне», «потомственный», «домовой», «миля», «почтение», «дирижабль», «купец» және «крынка» сияқты сөздердің мағыналарын талдады. «Купец» сөзі балалар үшін түсінікті болды — демек «олигарх», «дирижабль» сөзі де ауыр болмады, ал «крынка» сөзін түсіну үшін біраз тер төкті. Ол «кішкентай шыны шөлмек», «құты», «ыдыс», тіптен «Қырымда тұратын адам» (қырымдық) деп те ой білдірді.

«Словарь русского языка» түсіндірме сөздігімен ұжым болып жұмыс істеудің арқасында жас әртістердің санасында мағынасыз, өзара байланысы жоқ сөздер мағынаға ие болып, түсінікті бола түсті. Ал «крынкка» сөзі «сүтке арналып қыштан жасалған құмыра» дегенді білдіреді.

Осындай сөздік тренингіден кейін балалар өздерін сахналық өмірдің қиын-қыстауына дайын, «әккі» әртіс ретінде сезінді.

Фото



Хикаяттар сандығы

Сс, 22/05/2018 - 11:38 — julia

19 мамыр күні «Хикаяттар сандығы» театр студиясының тағы да бір кезекті сабағы өтті.

Олар «Пионер шапағатының» шақыру кездесуін ашты және бұл кездейсоқтық емес. Өйткені 19 мамыр күні бұл балалардың ата-аналары Пионерлер күні мерекесін атап өтетін.

Тарихи саяхат жасаған біздің әртістер пионер-батырлардың ерліктеріне таң қалды. Злата Нестер өз әжесі — Нестер Ольга Борисовнаның естелік әңгімелерімен бөлісіп, бейбітшілік уақыттағы пионерлердің өмірі жайлы айтты. Балалар «пионер» деген сөз бірінші болып үлгі көрсетуші дегенді анықтайтынын білді. Осыны естіген студияға қатысушылар бізде сондай бола аламыз деп шешті. Себебі басқа балалар көктемгі шуақты күндері аулада қыдырып немесе саяжайда демалса, әлде болмаса өз гаджеттерінде электронды ойындар ойнаса, бұл балалар жаңа спектакль дайындау үшін студиға жиналады. Бұл кітапхана мерейтойына арналған Бенефис болмақ!

Студиялықтар екінші бөлімде нағыз әртістер сияқты тренингтің барлық тапсырмаларын орындады, яғни дауыстарын қыздырып, «үйірмеге» отырып жаңа спектакльдің сценарийін оқып, дайындалды.

Жас әртістер үйлеріне таңдап алған кітаптарымен – әдеби кейіпкерлердің оқиғалары, болашақ қойылымда сомдаушы адамдармен және жаттауға алған, өз рөлдерінің сөздерімен – үйді-үйіне тарасты. Дайын бол, әрқашан дайын бол!

Бұл біздің әртістер туралы!

Фото


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 196 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана