Новости


Жаңа жылдық кездесулер мен ашылулар

Дс, 20/01/2014 - 08:27 — Айжан К

Кітапхананың кішкентай оқырмандарына келген жаңа жылдың әр күні көптеген жаңалықтарға толы болып, жаңа достар, жаңа ашылымдар әкелдігімен қуантады.
Қысқы демалыста балалар «Алғашқы оқырман мерекесіне» қатысып, басқа елдерде Жаңа жылды қалай қарсы алатыны жайлы көргенін, оқып білгенін айтқан қызықты маймылмен кездесті. Өздеріңіз ойлағандай кез-келген маймыл өзінің күлкілі қылықтарымен қызықты және олардың күлдірер қызықтары да көп.

news_1-14.01.14.jpg

news_2-14.01.14.jpg

Сонымен қатар балалар әлемдік тарихқа енген ең әйгілі аттар жайында біліп,кәмпиттер күні нағыз тәттілердің жиын тойын өткізді. Сол күні оқырмандар батик технологиясымен жасалатын ертегілік атты салу құпиясын үйретуші ҚМПИ өнер тарихының мұғалімі – М. В. Изюмованың мастер-класына қатысты.

news_3-14.01.14.jpg

news_4-14.01.14.jpg

Дәстүр бойынша тұрақты да, адал оқырмандар мақтау қағаздары және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

news_5-14.01.14.jpg

Қалай айтсақ та жаңа жылдың бастауы жаман емес, алда тағы да көптеген ашылымдар барын ұмытпалық.



Қиыр шалғайдағы жаңа жылдық оқиғалар

Сс, 14/01/2014 - 16:27 — Айжан К

Жуық арада көптен күткен керемет мерекені қарсы аламыз. Ойын мен күлкіге, сиқыр мен сыйлыққа толы бұл мейрам әр шаңыраққа шаттық әкеледі. Ал кітапханадағы жаңа жылдық мереке шырқау шегіне көтерілді!

28-желтоқсанда Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Қиыр шалғайдағы жаңа жылдық оқиға…» атты балаларға арналған ертеңгілік өтті, оған кішкентай оқырмандарымыз бен қызметкерлердің балалары қатысты. Үш құлыппен жабылған сиқырлы сандықты табу үшін балалар орман, тау, теңізден өтіп, қиыр шалғайға сапар шегіп, күтпеген кездесулер мен сиқырға толы жаңа жылдық ертегіге тап болды.

Балалар бастарынан не кешпеді десей, Теңіз Патшайымының еркелігі, Мыстан кемпірдің қитұрқы қылықтары және Соловей қарақшының бұзақылығы... Бірақ балалар еш қорықпастан, қаймықпастан үш кілтті тауып, сиқырлы сандықты ашты, ал оның ішінде … ха, бұлай болар деп кім ойлаған! … Әрине, Аяз Ата сыйлықтары: тәттілердің түр- түрі: бал татыған пряниктер, мармеладтар мен шоколадтар.

Бірақ… достар тоқтай тұрыңыздар, жаңа жылдық оқиға бұнымен аяқталмайды! Кітапханада 3қаңтар күні кездесеміз! Таң атқаннан кеш батқанға дейін тосынсыйлар, көңілді байқаулар, жылы сөздер және басқа да керемет сыйлықтар сіздерді күтеді. Жаңа жылдарыңызбен!!!



Жаңа жылдық шытырман

Сн, 28/12/2013 - 15:37 — admin

Ұлдар мен қыздар және ата-аналар! Сіздерді қысқы демалыс 3 қаңтар күні сағат 9.00-18.00 аралығында өтетін «Алғашқы оқырман» атты мерекені бізбен бірге қызықты да, көңілді өткізуге шақырамыз.

  • Мектепке дейінгі және 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсетуге арналған бөлім Сіздерді «Жаңа жылдық шытырман» атты мерекелік тосын сый бар шараға қатысуға шақырады.
  • Өнер бөлімі болса Сіздердің назарларыңызға «Үш ақ боз ат» танымдық ойынды бағдарлама ұсынады.
  • Ал 6-11 сынып оқушыларына арналған қызмет көрсету бөлімі 3 қаңтар күні «Оқу науқаны — 2014» ашады.

Сіздерді ойындар, сыйлықтар, сайыстар күтеді. Келіңіздер өте қызықты болады.

news_3_27.12.13.jpg



Керемет аттар

Жм, 27/12/2013 - 15:53 — Айжан К

«Соңғы атын өлгенде – әлем күйрейді, өйткені ең жақсы адамдар – олар аттар, жылқылар...» – деп бірде Василий Шукшин жазған екен. Бұл сөйлемнің мағынасын тек қана ат досы бар жандар немесе адам секілді жас төгуді білетін, адал достықты сезінетін, қателікті кешіре білгендер ғана түсінеді.

news_1_27.12.13.jpg

Шығыс күнтізбегі бойынша алда жылқы жылы келе жатыр. Қай заманда болмасын біртума тамаша мүсіншілер мен суретшілердің осы жылқыны бейнелегенде әдемілік пен әсемдікті, сымбаттылықты іске асырған көптеген жұмыстар мен туындылары бар. Сонымен қатар жылқылар туралы ғажайып ертегілер, өлеңдер, оқиғалар қаншама. Міне осының бәрі сені қызықтырса біздің кітапханамыздағы өнер бөліміне келіңіздер. Бұнда сендер оқы керемет жануар туралы көптеген мәліметке қанық болып, өз қолымен қызықты ат қораны қағаздан, бисерден, батпақтан, жіптен жасауыңа болады.…

news_2_27.12.13.jpg



Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

Жм, 13/12/2013 - 17:25 — admin

Кұрметті оқырмандар мен әріптестер! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын! Сіздерге осы мерекеде ықыласты құттықтаулар мен ізгілікті тілектер ғана тілейміз.



Шеберлі қолдың шуақты көңіл-күйі

Бс, 28/11/2013 - 08:24 — Айжан К

news_snour-1.jpg

Неткен керемет! Таңысыңыз, бұл керемет қолөнердің иесі Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер атындағы кітапхананың оқырманы – Матвеева Катя. Кішкентайынан өнер бөлімінің оқырманы атанған Катюша өнер жайындағы тамаша, ғажайып кітаптармен жақын танысып, осы өнерді бүкіл жан-тәнімен сүйіп, қолөнерін дамытуда. Содан бері қағаздан, ермексаздан, тұзды ащытқыдан жасалатын сәндік-қолданбалы шығармашылық өнерге арналған көрмелерде Катюшаның жұмыстары қалып көрген жоқ. …

news_snour-2.jpg

Қазіргі таңда Катя А. Горький атындағы гимназияның 3-сынып оқушысы. Катя жақындары мен туыстарын үздік бағаларымен қоса өз қолымен жасаған керемет туындылармен қуантуда. Қазір де Катяның «Шебердің қолы ортақ» атты қолөнер жұмысы шынында да кез-келген ауа райында адамға жақсы көңіл-күй сыйлайды. Ал достар сіздерді «Шебердің қолы ортақ» атты тамаша үйірмеге қатысуға шақырамын. Онда көп нәрсеге үйреніп, көп нәрседен хабардар бола аласың. Ал сіздердің жасаған қолөнерлерін кімде-кімге бахыт және жылылық сыйлайтын сыйлық болары еш күмән жоқ. Достар «Шебердің қолы ортақ» үйірмесі сіздерді күтеді.



Тұңғыш Президент күні қарсаңында

Сс, 26/11/2013 - 11:27 — Айжан К

Әулиекөл ауданының Новонеженка орта мектебінің оқушылары тәнертеңнен бастап Қостанай қаласынан келетін қоңақтармен кездесуді асыға күтті. Ыбырай Алтынсарин атындағы ОБЖК кітапханашыларын мектеп табалдырығынан өте жыл, жарқын жүзбен,құшақ жая қарсы алды. Қостанайлықтарда өз ретінде осы ауыл балаларын қуантуға асықты. Оларға кітапхана атынан Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған кітапханалық танымды іс шараны тарту етті. Оқушылар ірі қоғам қайраткері,еліміздің зор мақтанышына айналған елбасымыздың балалық шағы мен өмірі жайлы мәлімет алды.

ndpp-1.jpg

Тартымды және әсерлі презентациямен безендірілген, музыкалық бейнетүсірімдермен сүйемелденген екі тілде өткізілген ақпараттық сағат осы күннің ажарын ашты. Оған дәлел балалардан көптеп түскен сұрақтары мен әсер алған пікірлері болды. Ұйымдастырылға тамаша кітап көрмесін үзіліс арасында оқушылар қызығушылықпен тамашалады.

ndpp-2.jpg



Әдеби жұлдызнама

Дс, 04/11/2013 - 15:48 — admin

Жұлдызнамаға сенуші ме едіңіз? Не дегенмен өз шоқжұлдызыңызды білетін боларсыз? Қалай болғанда да бір шоқжұлдыз белгісінде туғандардың мінез-құлықтарында ұқсастықтар болатыны рас. Ал біздің ұқсастығымыз өзіміздің жеке тұлғамызға, тағдырымызға, болашағымызға деген қызығушылықта жатыр....

28 қазан күні Ы. Алтынсарин атындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында жыл сайын кітапхана қабырғасында бас қосатын кітапқұмарлардың дәстүрлі мерекесі – Жастар кітабының күні өтті. «Әдеби жұлдызнама» деген ғажайып ат берген ұйымдастырушылар – 7-11 сынып оқушылары мен жастарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары оқырмандарын аспан денелерінің құпиясын ашуға шақырды.

Мерекеге келгендерді сиқырлы салонның қожайыны сүйкімді Сандра қуана қарсы алып, барлық тілек білдірушілерді болашақтарына көз жіберуге шақырды. Балгердің айтуынша, оның сиқырлы қарттары болашаққа дәл болжам жасайды екен. Келгендер де бұған көз жеткізді ғой деп ойлаймыз: «Сені біреудің махаббаты жылытады», «Бүгін жолың болады», «Арман- тілегің орындалады» деген сөздер бәрінің көңілінен шығып жатты. Күздің сұрғылт күнінде бізге осындай жылы сөздер қажет екен ғой деген тоқтамға келдік.

Кітапханамыздың оқырмандарын күні бойы керемет тосынсыйлар мен жаңалықтар күтумен болды. Өздеріңіз ойлап көріңіздерші: қызықты ақпараттар сағатында балалар әсершіл, белсенді, намысқой және білуге құмар Егіздер белгісіндегілер Жюль Верн мен Льюис Кэрроллды оқу керек болса, өздеріне мығым және ар-намысын жоғары кейіпкерлер Тауешкілердің назарын аударады екен, ал тәуелсіз әрі құпия тылсымды ұнатататын Сарышаяндар детектив оқуға жаралған дерсің! Жұлдыздар кеңесін алған оқырмандар «Жұлдызнама бойынша кітаптар» көрмесін талап әкетті.

Ал жаңалыққа жаны құмар жандар кәсіби суретші жасаған арнайы «татушкадан» бас тарта алмады, өздері де авторлық үлгіде ..кітап белгібетін жасап шығарды :)

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсақ, оқырмандар керемет әсер алып қайтты! Тіпті аспандағы жұлдыздар да жақындай түскен сияқты. Тек жоғарыға көз салсаңыз болғаны өз шоқжұлдызыңызды тауып алуға болады.…



Қызықтырар әлем

Дс, 28/10/2013 - 15:23 — Айжан К

Біздің өміріміз қызыққа толы. Ойлап қарасаң, өмірден ләззат алу мүмкіндігі өте көп. Өмірді қаншалықты қызықты өткізсең, соншалық өмірін көңілді, тартымды және өз алдына айтарлықтай жеңіл болады. Міне осы жайлы «Өмір мектебі» атты еткіншектерге арналған іс-шара топтамасының ашылу барысында «Қызықтырар әлем» деп аталатын әдебиеттерге шолу жасау ойынында сөз қозғалып, ортаға салында. Қазанның 23, 24, 25 күндері нашар еститіндерге арналған интернаттың жоғары сынып оқушылары осы іс-шараның қатысушылары болды. Балалар сурдоаудармашының көмегімен «тәуелділік» жайында пікір алмасып, тәуелділік ең алдымен күш пен денсаулықты құртатынын, бұндай тәуелділікке ерік бермей, өмірге деген құштарлық сезімді жоғары бағалай білу керек екендігі әңгімеленді. Тәуелділік сенің алдағы өміріне, денсаулығына, отбасына жақсылық әкелмейтіні сөзсіз.



Кітапханаға психологиялық көмек

Жм, 25/10/2013 - 14:22 — Айжан К

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы көптеген қостанайлық отбасылар үшін екінші үйге айналды. Достық қарым-қатынаста бір-бірінің жанын жақсы түсінетін ата-аналар бала тәрбиесіне байланысты кез келген сұрақты талқылап, психология мен медицина саласындағы мамандар пікірін тыңдады, отбасы мерекесінде көңіл көтеріп, баламен бірге оқуға болатын қайырымды және қажетті кітаптармен танысты.

Осылай, 18 қазанда «Жанға жайлы жүздесу» ата-аналар клубының аясында ата-аналардың көптен күткен Вера Андреевна Гаанмен кездесуі өтті. Бұл жолы Вера Андреевна мейірімді аналар мен әкелерге баланың мектепке бейімделуіне қалай көмек қолын ұсыну керектігі жайлы айтып өтті, балалары өсіп қалған ата-аналарды да әңгімеге тарту мақсатында сынып ішіндегі қарым –қатынаста кездесетін қиындық туралы, оқудағы қиындықтар мен мұғалім мен оқушы арасындағы түсінбестік туралы да әңгіме қозғады.

Клуб мүшелері бұл кездесуден көптеген қызықты мәліметтер, құнды кеңестер алды.

Ал психолог ұсынған тренингтер ата-аналарға ата-аналардың жағымды әсер алып, өздерін бір отбасының мүшелеріндей сезінуге мүмкіндік берді.

Ал біз болсақ, Вера Андреевнаны немересінің дүниеге келуімен және мектеп психологтарының облыстық байқауында жеңіске қол жеткізуімен құттықтаймыз! Сізге Мол Бақыт, Денсаулық және Махаббат тілейміз!


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 70 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана