Новости


Поэзия менің өмірімде

Сс, 19/02/2013 - 16:26 — admin

Поэзия деген не? Өлең қалай жарық көреді? Неге біз сүйікті өлең жолдарын есте сақтап, оның көркемділігімен басқалармен бөлісуге тырысамыз. Егер сен ақын болмасаң, бұл сұрақтарға жауап беру мүмкін емес. Бұған поэзияға арналған кездесу кешіне келген Ы. Алтынсарин атындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы оқырмандарының көзі жетті. Бұл кездесу кешке оқырмандарға қонақ ретінде атақты қостанайлық ақын, Солтүстік Қазақстанның әдебиетшілер Ассоциациясының жетекшісі Владимир Леонидович Растёгин, аймақтық «Ковчег» әдебиетшілер одақтастықтың жетекшісі және облыстың табысты жас ақындарының бірі Александр Колесников, сонымен қатар жаңа бастап жүрген, бірақ атақтылығы кем емес ақын және прозаик, Халықаралық «Шабыт» жастар шығармашылық фестивалінің лауреаты (2011 жыл) Ангелина Никулина келді.

Ақындар өлең жазудың қиын екені, шабыттың қайдан туатыны, алғашқы жолдардың қалай пайда болатыны туралы айтты, сондай-ақ өздерінің армандарымен, келешек жоспарларымен, және де әрине керемет өлеңдерімен бөлісті. Барлық қатысушылар біздің қаланың тартымды, қызықты және талантты адамдарымен «жанды» қатынастан үлкен ләззат алды.



Ұмытылмас естелік

Бс, 14/02/2013 - 16:45 — admin

13 ақпан Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының акт залында Сталинград түбіндегі шайқас – Ұлы Отан соғысының басты оқиғаларының біріне арналған еске алу кеші өтті. Миллиондаған солдаттар мен адамдардың өмірлерін алған бұл Жеңістің аяқталғанына 70 жыл. Дүние жүзі бойынша әр адамның жүрегінде осы соғыстағы батырлардың ерліктері есте қалады.

Қатысушы оқырмандар жүргізушінің айтқан әңгімесінен және бейне түсірілімді көре отырып,сол күндерде болған уақиғаны бастарынан өткізгендей әсер алды. Балалар бұл кештен туған отанына деген сүйіспеншілікті, отаншылдықты сезіне алды деп ойлаймыз.



Аспан түстес көгілдір

Бс, 14/02/2013 - 16:06 — admin

Көгілдір аспан, көгілдір теңіз, көгілдір қырау... Бұл түстерді көбіміз осылармен орайластырамыз. Осыған жақын №10 кәсіптік лицейдің студенттері «Көк этюд» деп аталатын бейнелеу сағатын өткізді. Бұл сағат Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхананың өнер бөлімінде «Кескіндемені жырлаңдар, ақындар» деген қызықты танымдық іс-шаралар топтамасының ашылуымен атап өтілді. Жүргізушілер, өнер секторы бөлімінің кітапханашылары – көк түстің символдық атауын түсіндіріп, көк түс табиғатта көп кезесетінін және оның қасиетін бағалау үшін адамға көп уақыт пен еңбектену керек болғанын әңгіме етті. Көк түсті мойындағаннан кейін,бұл түс көп ақындардың жүрегінен жол тауып, арбаған ұйқастарды құруға шабыт берді. Ал атақты суретшілерге қайталанбас сурет салуға, көрнекті музыканттарға – өшпес композиции жасауға мүмкіндік берді.

Осының салдарынан балалар жан-жақтарында кездесетін көгілдір түске ғашық болып қалды.

Эдгар Дега. Синие танцовщицы



Сағындық қуанышың құтты болсын!

Сс, 12/02/2013 - 16:37 — admin

23 қаңтар мен 5 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында Бүкiләлемдiк қысқы Арнаулы олимпиадалық ойындары өтті. Жыл сайын Special Olympics ойынына әлемнің жүзден астам елдерінен мүмкiндiктерi шектеулi адамдар қатысады. Өз күштерін сынға түсірген бұл адамдар өмірдің қиындықтарын жеңе білген, қайратты да,күшті адамдар деуге болады. Биылғы жылы осы ойында Қазақстанның Құрама командасы спорттың әр түрінен өз күштерін көрсетіп, 28 алтын, күміс және қола медалінің иегері болды. Бұл ойындағы жеңіс иегерлерінің бірі – қостанайлық және біздің Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхананың тұрақты оқырман Карымов Сағындық. Сағындық коньки тебуден 333 метр арақашықтықтағы жарыстан күміс медалді иеленді.

Сағындықты шын жүректен жеңісімен құттықтаймыз.Сенің бұл жеңісің- барлық мүмкiндiктерi шектеулi балалары және солай деп ойлайтындар үшін зор мақтаныш және үлгі.



"Оқитын Еуразия" фестиваліндегі қостанайлықтар.

Сс, 12/02/2013 - 16:27 — admin

Өткен жылдың екінші жарты жылдығында дүниежүзілік жұртшылық ХХ ғасырдың атақты ғалымы және ұлы ойшылы Лев Николаевич Гумилёвтің 100 жылдығын атап өтті. Бұл айрықша оқиғаға атақты ғалымның ғылыми және әдеби мұрасын зерттеуге бағытталған ғылыми-зерттеу, әлеуметтік және шығармашылық жобалардың Халықаралық фестивалі арналды. Фестивальдің ұйымдастырушылары ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы, РКҚ мектеп кітапханасының секциясы, Челябі мемлекеттік мәдениет және өнер академиясының «Ақпараттық қоғам» ғылыми-білім орталығы, сонымен қатар Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылыми кітапханасы қатысты.

Фестивальға Ы. Алтынсарин атындағы ақпараттық-библиографиялық ОБЖК меңгерушісі, «Ақпараттық бүктеме + Лев Николавеич Гумилёвтан 7-10 сынып оқушыларына ұсынылатын кітаптар тізімі» библиографиялық құралдың авторы – Елена Анатольевна Афанасьевна да қатысты. Елена Анатольевнаның жұмысы фестиваль дипломымен, сондай-ақ естелік сыйлық – веб-камерамен бағаланды.

Ы. Алтынсарин атындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұжымы Елена Анатольевнаны шын жүректен құттықтайды және шығармашылық табыс, кәсіби жетістіктер мен жеке өміріне бақыт тілейді!



Балалар поэзиясы туралы бірер сөз...

Ср, 30/01/2013 - 16:39 — Айжан К

29 қаңтар сейсенбі күні Ы.Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханасында әдеби вебинар өтіп, оның тыңдаушылары Қостанай облысының қалалық балалар кітапханасы және аудандық кітапханалардың кітапханашылары болды. Балалар поэзиясына арналып өткен бұл шара балаларға арналған өлең жырларымен, керемет ауасымен есте қалады. Сонымен қатар алғаш рет бұл шара Ресейдегі біздің әріптестеріміздің қатысуымен өтті. ЧММӨА ақпараттық қызмет және кітапханалық кафедрасының доценті, филология ғылымының кандидаты Бобина Татьяна Олеговна ,- баланың өсіп, дамуына баға жетпес маңызы бар өлең жырларды арнады. Ал Троицк қаласының Орталық балалар кітапханасының әдіскері- Марина Михайловна Клименкова, кітапханада балалар поэзиясымен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті.

Балалар поэзиясы туралы бірер сөз...

Кенжиғарина Зоя Әлмұқанқызы, ОБЖК мектепке дейінгі балаларға және 0-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі кітапханашысы қатысушылар мен тыңдаушыларға - қазақ балалар поэзиясының бастауы және оның ұшан-теңіз бұлағы-жырлар жайында сөз етті. Сәбиге арнап айтылатын бесік жырларының маңыздылығы мен балаларға арнап жазған аталарымыздың асыл сөздерінің берер тәрбиесі жөнінде айтылған өлеңдерге тоқталды. Осындай өлеңдер бала бойына мейірім шуағын, білім нәрін ұялатады.

Ал Кошкина Ирина Михайловна, ОБЖК әдебиеттерді түптеу және өңдеу бөлімінің меңгерушісі, қазіргі балалар поэзиясының негізгі қыр-сырын түсіндіріп, ата-аналарымыз бен әжелерімізден естіген поэзиямен салыстырып кетті. Көптеген жаңа авторлармен таныстырып, олардың кітаптарына шолу жасады. Өлең жолынан шашқан нәзіктік пен махаббатқа таңданбау қиын-ақ.

Қорыта келе өз өзімізге де, оқырмандарымыз бен балаларымызға да өлең кітаптарын жиі-жиі оқу керек деген ой түйдік. Кеңістік пен жаңа әлем ашу үшін көп оқып, таңқалдыра білуіміз керек. Осы балаларға арналған өлеңдердің арқасында балалық шаққа саяхат жасап, өз балаларына да сол бір балауса өмірден бір сәт сыйлауға мүмкіндік бар.



Матаға өрнектелген ертегі

Жм, 18/01/2013 - 08:56 — Айжан К

Ертегі әлеміне саяхат жасағың келе ме? Бірақ білмейсің қалай? Оның шешімнің табу жолы бар. Ол үшін Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының өнер бөліміне келулерің керек.Әр күн,көз жауын алатын әр түрлі ертегілерге толы. Бұл жолы А. Никифоров атындағы ОКДБМ оқушылардың батик техникасындағы көрме жұмыстары.

Сказка на ткани

Батик техникасы матаға нағыз сиқыр жасайтын, әрі өзіңді жақсы таныта білуге үйрететін өте қызықты сабақ. Оны үйрену қиын емес. Ол үшін қылқалам,әртүрлі бояулар, мата, сәл ғана шабыт керек. Міне осылардың көмегімен жібек мата гүлдеп, қарапайым нәрсе өнер туындысына айналады.



Кітапханаға «Ең Бірінші Оқырман» мерекесіне асығыңыздар!

Бс, 03/01/2013 - 17:11 — admin

Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында жаңа жылдың бірінші күнінен бастап нағыз мерекелік апалаң-топалаңмен есте қалды. Балалардың сыңғырлаған даусымен және шырша жылтырауықтарының сыбдыры құлаққа жағымды естілді. Әрине солай болу керек, өйткені бүгін кітапханада – ЕҢ БІРІНШІ ОҚЫРМАН МЕРЕКЕСІ және Жаңа жылдық таңғажайыптар жалғасатын күн. Балаларды Жаңа жылдарымен құттықтауға Аязата мен Ақшақардың өзі келіп, тәтті сыйлықтарымен балаларды қуантып тастады. Сонымен қатар осы күні ғана мейіріммен жақсылық сыйлаған Кикимора мен Леша қосылып балаларға жақсы көңіл күй сыйлады.

Барлығыңа мәлім ең бірінші оқырман мерекесі сәтті нөмірді әртүрлі қызықты тапсырмаларды табу арқылы өтетіні ешкімге жаңсық дүние емес. Міне сол нөмерлерді Аязата сиқырлы дорбасында тәтті сыйлықтармен бірге қызықты тапсырмалармен жасырып, жылы-жылы тілектермен қоса сыйға тартты.

Мерекенің дәстүрі бойынша өткен жылды қорытындылай келе «Ең үздік оқырман», және «Өзің жазылсаң да, досыңды ұмытпа», «Сүйікті кітапханана кітап сыйла», «Шебермен өткен демалыс» атты акцияға қатысушыларды марапаттау рәсімімен жалғасты. Мақтау қағазы мен сыйлықтарға ие болған балалардың көңілдері қуанышқа толы болды.

Мереке әлі де жалғасуда, ал ертең «Алтын теңізінің қарақшылары» атты квест-ойынына келіп қатысуға шақырамыз. Біздің кеме ертең сағат 11.00 де аттанады!



Жаңа жылдық оқиғалар жалғасуда...

Дс, 24/12/2012 - 15:23 — admin

Жауыздық жасаушы Кикимораның ойы жүзеге асты ма? – деп сұрасаңдар, орындалған жоқ дер едім. Өйткені бұл оқиға Жаңа жыл қарсаңында болғандықтан сиқырлы ғажайыптар жамандықты жеңе білді. Балалардың жайдарлы жүздерің көрген Кикимора оларға жамандық істей алмады. Керісінше балалармен көптеген ойындар ойнап, өлеңдер айтып, билеп көңіл көтерді. Ал Аяз ата мен Ақшақар уақытылы келіп балаларды нағыз жаңа жылдық ертегілер әлеміне шақырды.

Ал осы қызықты оқиғаның жалғасын 3, 4, 5-ші қаңтарда Алғашқы оқырман мерекесінде жалғастырып, сүйікті кейіпкерлеріңмен қайтадан жүздесе аласыңдар. Ең бірінші оқырман мерекесінде Күлкістан деген керемет елге саяхат жасайсыңдар. Онда су жаңа кітаптарды парақтап, «Ойлан, Тап, Ойна» ертегілік бағдарламасына қатысып, күштеріңді дүлей-күшпен сынға түсе аласыңдар. Күш сынасуға дайынсыңдар ма? Әрине...

Балалар барлықтарыңды келе жатқан Жаңа Жыл мерекесімен құттытаймын!



Жаңа жылдық шытырман оқиға

Сс, 11/12/2012 - 16:14 — admin

Құрметті балалар! Сіздерді 21 желтоқсан күні Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫТЫРМАН ОҚИҒАЛАР

күтеді, онда кіммен кездесетіндеріңізді білесіздер ме? Батпақты Кикиморо! Батпақтағы бақа – шаяндарымен уақыт өткізуден жалыққан Кикиморо Қостанай қаласына келіп, өз бизнесін ашуды ойлапты. Ал оған қаражат қайда? Сондықтан да біз асыға күтетін Аяқ Ата қапшығындағы құнды заттарды ұрлауды жоспарлапты!!! Әрине, көмекші ретінде тәртібі нашар қазды алуға тырысып бағады ғой?... Енді не болар екен? Бір білетініміз – бос уақытымыз болмайды! Сиқырлы тосынсыйлар, қызықты ойындар мен байқаулыр, тәттілер, керемет билер және көтеріңкі көңіл күйді сүйікті кітапханамыздан табамыз.

21 желтоқсанда сағат 11.00-де мерекеге келіңіздер,

ал жағымды әсер қалдыратын жақсы кітаптар алу үшін кез келген күні келулеріңізге болады.

Сіздің кітапханаңыз


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 130 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана