Новости


Сурет салып үйренеміз.

Жм, 07/12/2012 - 14:32 — admin

Балалар! Сурет салып үйренгілерің келе ме? Олай болса, Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхананың өнер бөліміне әр сенбі, сағат 14.00-де Юлия Мирошниченко өткізетін қызықты сурет сабағына шақырамыз. Ол әрдайым кішкене оқырмандарға өзінің сиқырлы да, шебер білімімен бөлісетін талантты суретші және жай ғана керемет жан.

news-12-12-07-2.jpg

Енді кішкентай суретшілер кез-келген суретті сала отырып, оны өнер туындысына айналдыруға болатынын білетін болады.

news-12-12-07-2.jpg



Тұңғыш Президент Күні

Ср, 28/11/2012 - 10:51 — Айжан К

Әр адамның өз алар асуы болады. Дегенмен, әрқайсысы ол туралы терең ойлана бермейді, тек өмір жолының соңында ғана өткенге көз салып, босқа кеткен уақыт үшін өкініш білдіреді. Өз ісіне бар ғұмырын арнап, аянбай еңбек ететіндер де болады. Сондай адамдардың бірі... Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Сондықтан да осындай елбасымызды біздер, қазақстандықтар мақтан тұтамыз, елін болашаққа сеніммен бастайтын, біртұтастықты, татулықты ту етіп, халық тәуелсіздігін ту етіп көтерген тұлғаның беделін Қазақстаннан басқа елдер де мойындап отыр.

День Первого Президента

Ы. Алтынсарин атындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында апта бойы Тұңғыш Президент Күніне арналған іс-шаралар өтуде. 26, 27, 28 қарашада Қостанай медициналық колледж студенттері, № 1, 2, 14, 21 мектептерінің жоғары және 6-7 сынып оқушылары Тұңғыш Президент Мұражай бойынша виртуалды саяхат жасап, «Тұлға және саясат келбеті. Ұлт көшбасшысы» портрет кеші мен «Елбасы және тәуелсіздік» кешіне қатысты, оның ел басқаруда қол жеткізген жетістіктері туралы сөз қозғады. Әрине, балалар елбасының қарапайым өмірде, жақын туыс-туғандарының ортасында қандай екенін білгісі келіп қызығушылық білдірді. Себебі, ол біреулер үшін Президент болса, кейбіреулер үшін қуана да, уайымдай да білетін, алға жетелер арман-мақсаты бар қарапайым адам. Қалай десек те, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты миллиондаған адам жақсы көреді, оның қолын қысуды армандап, еліміздің кемел болашағын елбасы есімімен байланыстырады.

День Первого Президента



Қыздар – қандай-ай?..

Сс, 27/11/2012 - 12:27 — Айжан К

Қыз баланы қалай тәрбиелеу керек? Қыз баланың тәрбиесі ұл баланың тәрбиесінен несімен ерекшеленеді? Қыз бала болашақта жақсы отбасы құрып, жақсы келін атануы үшін не істеу керек? Бұл сұрақтарға балалар психологынан немесе отбасы мен неке маманынан жауап алуға болатын шығар. Дұрысы, озық балалар әдебиетінен жауап іздеген жөн. Сонда ғана бала қылығының себебін түсініп, жасөспіріммен арада болатын түсініспеушіліктердің алдын аласыз, ересек қыз баламен жылы қарым - қатынас орнатасыз. «Жанға жайлы жүздесу» клубы аясында өткен «Қыздар, қыздар-ай!» кездесуінде сүйікті қыздарымыз, сүйкімді немере, жиен қыздарымыз, тіпті ана болып бір шаңыраққа ие болып отырған қыздарымыз жайлы да сөз болды.

Қыздар – қандай-ай?..

Ата-аналар назарына ұсынылған кітаптардың басты кейіпкерлері әртүрлі: кішкентай қыз бала, бойжеткен, махаббат сезіміне бөленген қыз, анасының еркесі, оңашада жастыққа көз жасын көлдетін тентек қыздар. Олар: В. Осееваның «Динка», Й. Спиридің «Хайди», және бәріне қатты ұнап қалған Э. Портердің «Поллианна», Л. Будогоскаяның «Повесть о рыжей девочке», Ф. Бернеттің «Маленькая принцесса или история Сары Кру», К. Патерсонның «Великолепная Гилли Хопкинс» кітаптарының кейіпкерлері. Бұл қыздардың бойынан өз қыздарының мінез-құлқын танып қатты таңғалған ата-аналар болашақта туындап жататын кей жағдайларда өздерін қалай ұстау керек екенін ұғынды, өздерінің ата-ана ретінде жинақтаған тәжірибелерін молайтты. Кітап сөрелерінің тез босауы да осыған дәлел болары анық :)



Айвазовское теңізі

Бс, 22/11/2012 - 16:47 — Айжан К

В природе есть море Азовское,

Балтийское, Черное, Красное,

А в живописи – «айвазовское»,

Живое, красивое, страстное,

Глубокое, как настоящее,

С большою сердитою тучею,

И даже немного рычащее,

И даже порою брызгучее.

                         Галина Дядина

Ы. Алтынсарин атындағы Облыстык балалар мен жасөспірімдер кітапханасына келіп «Айвазовское» теңізі қандай екеніне көз жеткізгіңіз келе ме? Онда сізге өнер бөлімі шын оның әдемілігі мен дүлей күшін, қуанышын ашады... Суретшінің суреттегі бейнеленген теңіздің күшті толқындарын қарап отырып, сезімдердің сан алуандылығы сезінуге болады. Сонымен қатар сенбестік қуаныш пен таңқаларлық алаңсыз тыныштыққа кенелесін. Бір білетінім - бұл көрме кез-келгендеріңіздің көңілдерінен шығатынын. Өйткені ол аты әлемге танылған суретші - Иван Константинович Айвазовскийдің қылқаламынан туған туындылар.

Айвазовское теңізі



Темекі — асықпай әлу

Бс, 22/11/2012 - 12:55 — Айжан К

Жыл сайын қараша айының үшінші бейсенбінде әлемдік қоғам Халықаралық темекіден бас тарту күнін атап өтеді. Сендер білесіңдерме, дүние жүзінде 13 секунд сайын темекі зардабынан адам өлетінін және жыл сайын зиянды жаман әдет шамамен бес мың қазақстандықтардың өмірлерін үзеді.

Темекі — асықпай әлу

Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖК-сында «Темекі — асықпай әлу» деп аталатын қалалық мектептердің жоғары сынып оқушылардың қатысуымен әңгімелесу сағаты өтті. Балалар темекі шегі тарихынан қызықты деректер біліп қана қоймай сонымен қатар осы зиянды зат жайында әсер қалдыратын бейне түсірілімді көре алды. Әңгімелесу барысында да белсенділік танытты. Осындай ақпарат алғаннан кейін қатысушылардың ішінде ертеңіне темекіден мүлдем бас тартатындары болар деп үміттенеміз. Әркімнің өз бойынша...



Скрипка жайлы аңыз

Ср, 14/11/2012 - 16:22 — Айжан К

Өткен аптада кітапхана қабырғасында «Скрипка жайлы аңыз» - атты сазды сағаты өтіп, скрипка үні естілді. Бұл әсем де, сырлы аспапты «періште үні», «жан әуені», «оркестр патшайымы» деп те атайды. Оның ойландыратын, толғандыратын тембрі - жарқын, жарық, кейде ақырындатылған сабырлы үні, қашанда дірілдеген жылы үні алыс жаққа апаратындай-өзіндік жасырын сыры мол. Скрипка сырын шын мәнінде таза да, әсем әуенді сүйетін жан ғана ұға алар.

Скрипка жайлы аңыз

Біздің кішкентай оқырмандарға демалыс кезінде ұйымдастырылған бұл сазды сағат музыка әлеміне саяхат жасатып ғана қоймай, сонымен қатар скрипка аспабын жасау мәдениетімен таныстырды. Дәлірек айтқанда ұлы шебер Страдивари құпиясын ашайын деп қалды. Ән-күй аспаптарының патшайымы әуенін, бізге №1 Костанай музықалық мектебінің скрипкашыларының орындауында көрермендер осы бір тамаша әуенге қаңық болды.

Скрипка жайлы аңыз



Басты назарда: кітапхана қорын ұйымдастырудағы өзекті мәселелер

Дс, 12/11/2012 - 13:08 — Айжан К

Қазіргі таңда ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуына байланысты кітапхана бірлестіктерінің алдында кітапхана қорына қатысты өткір сұрақтар туындап отыр: заманауи кітапхана қоры дегеніміз не, ол неден құралады, жаңа деңгейде оны қалыптастыру керек, тиімді құрамы мен таңдаудың басты көрсеткіштері қандай, кітапхана қорына не және қандай тасымалдау құралдарында енгізілуі керек, қалай оны есепке енгізіп, қолдану керек және қолданукерек? Қостанай облысының кітапхана мамандары Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖК 7-қарашада өткен «Басты назарда: кітапхана қорын ұйымдастырудағы өзекті мәселелер» семинарында осы сұраққа жауап табуға тырысты.

Жыл сайын өтетін кітапхана ісінің жайы мен мәселелеріне арналған кәсіби іс – шараға Алтынсарин, Әулиекөл, Қарабалық, Меңдіқара, Сарыкөл, Фёдоров және басқа аудандардан, Рудный, Лисаков қалаларынан, Қостанай ОБК 26 маман қатысты. Облыстық мәдениет басқармасының бас маманы Шевко И. В. құрметті қонағымыз болды.

Семинар - 2012

Семинар - 2012

Негізгі сұрақтарды талқыламас бұрын әріптестіріміз әдіскер Алексеева О. А. дайындаған әдеби викторинаға қатысып, балалар әдебиеті саласы бойынша өз білімдерін көрсетті. Балалар кітапханашылары талай қитұрқы сұрақтардан сүрінбей өтіп, намысқа тырысып бақты, ал Лисаков қ. кітапханашылары жоғары ұпайға ие болып, өз оқырмандарына бірнеше жаңа кітапша алып кетті.

Семинар - 2012

Бұдан кейін Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының облыстағы балалар кітапханаларының әдістемелік орталығы ретінде атқарған жұмыс тәжірибесі сөз болды. Әдебиетпен жабдықтау және өңдеу бөлімінің меңгерушісі И. М. Кошкина «Балаларға арналған кітапхана қоры: қалыптасу ерекшелігі мен жолдары» тақырыбында баяндама оқып, ОБЖК қорының құрамы, құрылымы, жабдықталуы жайлы сөз қозғады және кітапханашылардың қормен жан – жақты әрі үздіксіз жұмыс істеуінің арқасында ғана қор тиімді жабдықталып, қолданыста болатынына тоқталып өтті.

7-11 сынып оқушылары мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі С. В. Сушкова жасөспірім оқырмандарға арналған қорды ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті, кітап сөрелеріне балалардың назарын қалай аударуға болатынын айтып өтті.

Қостанай облысындағы балалар кітапханаларының қорының жай – жапсарын Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖК ғылыми-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Байгенжина С. М. сандар тізбегі арқылы оңай жеткізе білді.

Семинар - 2012

Содан кейінгі әдіскер А. Л. Видершпан көмегімен дайындалған «Кітапхана қорлары: жағдайы мен келешегі» атты әдеби шолу заманауи кәсіби баспа ұсынған көлемді ақпаратты меңгеруге мүмкіндік берді.

Сөйлеушілер теориялық бөлігімен қатар практикалық жағын да назардан тыс қалдырмады. Нақты практикалық тәжірибелер мен сандар тыңдаушылардың қызығушылығын оятып, оларды өз тәжірибелерімен бөлісуге итермеледі, сұрақтар туындатты да осының бәрі тұтасып келіп «Кітапхана қоры: мәселелер, шешімдер, ізденістер» атты дөңгелек үстелде кеңінен көрініс тапты.

Семинар - 2012

Кітапхана қорын ұйымдастыру сияқты күрделі тақырыпты көтерген семинардың қортындысын жасай келе, негізінен өз кітапханасының қорын үнемі зерттеп сараптауға, ақпаратқа жол ашатын жаңа құралдарды қолдану мүмкіндіктерін ескере отырып, балалар әдебиеті саласындағы білімдерін жетілдіріп, жаңартуға және өз кітапханасының ғана емес, ауданның жалпы кітапханалық жүйесіндегі балалар әдебиетімен жабдықтауға байланысты сұрақтарды назардан тыс қалдырмауға қатысты нақты нұсқаулар қатары анықталды.



Танысыңыз: Анастасия Ягудина

Дс, 05/11/2012 - 14:48 — Айжан К

1 қарашада, қандайда бір тылсымның арқасында Хэллоуин түнін өткізіп, И. Никифоров атындағы мамандандырылған көркемөнер мектебінің дарынды түлегі, ал қазіргі уақытта Қостанай мемлекеттік педагогикалық инстиутының «Бейналау өнері» мамандығы бойынша І курс студенті қостанайлық жас суретші Анастасия Ягудинаның шығармашылығымен танысу үшін көркемдікті сүйіп, бағалайтын көпшілік Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапхананың өнер секторында жиналды.

Танысыңыз: Анастасия Ягудина Танысыңыз: Анастасия Ягудина

Анастасия да басқа өнерпаздар сияқты үнемі ізденіс үстінде және эксперименттер өткізуден қорықпайды. Паперкрафт және скрапбукингпен айналысуы, басқаларға ұқсамайтын ұсақ-түйектер мен шытыра-мойыншақтардан әшекейлер жасауы, жіптерден өрлген бідезіктері оның жақындары мен достарын қуантып тұрады. Әрине, сол сияқты Настя өз өмірін кітаптарсыз елестете алмайды – олар басында өзіндік, қайталанбас бейнелер тудыратын детективтер, фэнтези және жүрекке жылы комикстер:

Танысыңыз: Анастасия Ягудина Танысыңыз: Анастасия Ягудина Танысыңыз: Анастасия Ягудина Танысыңыз: Анастасия Ягудина

Міне осындай дарынды және керемет адамдарымен біздің қаламыздың аты шықты. Ал біз өз кезегімізде Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапхана қабырғаларында осындай тұлғалармен сіздерді таныстыруға әрдайым қуаныштымыз. Келесі кездескенше!



Қыздар, қыздар қыздар – ай!

Дс, 29/10/2012 - 10:22 — Айжан К

Қымбатты біздің ата-аналарымыз!

Сіздер сүйкімді де көрікті сәнқойдың, бет моншағы үзілген нәзік жанның, не болмаса, тентек те еркетотай қыздың бақытты ата-аналары шығарсыздар? Олай болса,

«ҚЫЗДАР, ҚЫЗДАР ҚЫЗДАР – АЙ!»,

атты ата-аналар клубының танымдық-ойын сауық бағдарламасына қатысуға міндеттісіз. Бұнда сіздер «қыздар» тәрбиесінің қыр-сырын меңгеріп, «үш қамқор анамен» сыр шертесіз, психологтың ақыл-кеңесін тыңдап, қыздарды тәрбиелеу барысында көп көмек көрсететін ең жақсы кітаптармен танысасыздар.

Ох уж эти девчонки!

Сүйікті қызыңыздың ең жақсы фото суретін беріп жіберсеңіз, ол тұсаукесер бетінде жарық көріп, кешіміздің көркіне айналады. Фото сурет дәл қазір жіберілсе дейміз!

Желтоқсанда кездесеміз, жаңалықтан құр қалмаңыздар.



Жастар кітабы фестивалінің жабылуы

Бс, 25/10/2012 - 15:30 — Айжан К

Қазанның 23-ші жұлдызы күні Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханада «Оқу - қиялға қанат бітіреді!» атты Жастар фестивалі аяқталды, ол фестивальдің шегінде бірқатар қызықты іс-шаралар өткізілген болатын. Біздің оқырмандарымыздың осы күні онсыз да жақсы көңіл-күйлері кітапханаға келген жаңа жұмыскермен тануса отырып одан да көтеріле түскенінен басап кетейік. Ол кісінің айрықша бет бейнесі естелік суретке түсуге тартқандай:

Жастар кітабы фестивалінің жабылуы

Саған 14.00-де, арасында ҚМПИ мен педагогикалық колледж студенттері бар жастар «Оқу керек пе әлде қажеті жоқ па?» тақырыбындағы пікірталасқа қатысты. Оқырмандар кітап пен оқудың өмірдегі мәні, кітапханалардың келешегі, сонымен қатар үйреншікті қағаз кітаптар балшық тақта немесе пергамент орамы сияқты мұражай экспонаты болып қала ма деген сияқты тақырыптарға пікір таластырды.

Саған 14.00-де, арасында ҚМПИ мен педагогикалық колледж студенттері бар жастар «Оқу керек пе әлде қажеті жоқ па?» тақырыбындағы пікірталасқа қатысты. Оқырмандар кітап пен оқудың өмірдегі мәні, кітапханалардың келешегі, сонымен қатар үйреншікті қағаз кітаптар балшық тақта немесе пергамент орамы сияқты мұражай экспонаты болып қала ма деген сияқты тақырыптарға пікір таластырды.

Жастар кітабы фестивалінің жабылуы

ТОл уақытта кітапханашылар уақытты босқа кетірмей, фототаспаны қолға алып, қақпаның сыртына шықты. Олар қала тұрғындарына «Кітапхана қайда орналасқан?» деген бір сұрақты ғана қоймақшы еді. Бұл сұрақтың жеңілдігіне қарамастан көп адамдар не деп жауап берерін білмей, біраз абдырап қалғанын мойындау керек (!) Дымбілместерге кітапхана координаттары салынған визиткалар мен естелікке кішкене сыйлықтар үлестірілді.

Жастар кітабы фестивалінің жабылуы

Ал осы күні кітапханаға келген оқырмандардың барлығы «Сыйлыққа кітап» атты науқынның бақытты қатысушылары болды, және кеш батқанға дейін интернетті тегін пайдаланды.


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 146 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана