Новости


Орман әншісі

Сс, 24/01/2012 - 14:47 — admin

25 қаңтарда орыс суретшісі, пейзаждың хас шебері, отанға деген сүйіспеншілігін, орыс табиғатының сұлулығын ғасырдан ғасырға жеткен керемет туындыларында паш еткен Иван Иванович Шишкиннің туғанына 180 (!) жыл.

«Дубовая роща», «Утро в сосновом лесу», «На севере диком…», «Рожь» туындыларын бір көргеннен кейін күзгі егістіктің, күміс қар жамылған орманның жанынан бейғам өту мүмкін емес. Ал табиғат сұлулығын жанымен түйсінген адам қашан да жақсылыққа жақын болады.

На севере диком

Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК өнер секторының кітапханашылары кесіндеме өнерінің табынушыларын ұлы орыс суретшісінің репродукциясын тамашалауға шақырады.



Қолғап мерекесі

Сс, 17/01/2012 - 11:10 — admin

Жаңа жылдық демалысты көңілді өткізу керек! Рождество қарсаңы 6 қаңтарда өнер секторында қызыққа толы Қолғап мерекесі өтті. Осы мерекеде оқырмандарымыз бұрыннан келе жатқан қолғапты сәнді бес саусақты басқа қолғаптардан жақын тартатынына куә болдық.

Мерекеде болған балалар қолғапты тоқу тұтас бір өнер екеніне көз жеткізді. Сонымен қатар бұл қолғаптың 30 дан астам түрі бар екен, ал тарихы мыңдаған жылдан бастау алады. Аязды күндері жылу беретін де осы қолғап емес пе?

P.S. Айтпақшы, Николай Носов қолғапқа «Қолғаптар күні» әңгімесін арнаған, онда Күн қаласындағы Дымбілместің кішкентай достарын қолғаппен достастырады. Басты оқиға Күн қаласы тұрғындарының шатырдан өз қолғаптырын лақтырып, екі қолғаптың жұптарын іздеуден басталады. Ал тапқанда қолғаптарымен алмасып, «Күн ағайындары» атанады.



Жақсылық жасаған көптік етпейді

Сс, 17/01/2012 - 10:54 — admin

Дәстүр бойынша, жыл басталысымен Облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханасы балалардың асыға күтетін өткен жылдағы кітапханалық түрлі сайыстардың, акция жеңімпаздарын және аязды қыс та, ыстық жазда да бізге адал да, сенімді оқырмандарымыздың белсенділеріне сыйлықтар беретінін хабарлайды.

Сонымен қатар жаңа жылдың қарсаңында мектепке дейінгі және 1-6 сынып оқушыларына арналған қызмет көрсету бөлімінде «Өткен жылда жасаған жақсылығым» деп аталған пошталық жәшік пайда болды. Кей балалар өздерінің қандай жақсылық жасағанын еске түсіргенше, аталмыш жәшік толуға жақындап қалды. Соңында өткен жылда ең маңызды жақсылық жасағандар табылды. Бірінші орынға ие болған №14 мектеп оқушысы - Медяник Аня. Ол аязды қыста аштан өлейін деп жатқан мысықтың баласы аман алып қалғаны, оның ақжүрек екенін көрсетті. Аняны шын жүректен құттықтаймыз.

Достар кішкентай болса да жақсылық жасап, әлемді жақсартуға асығыңыздар. Жақсы істі-кейінге қалдыруға болмайды, оны қазір жасау керек.



Бабка-Ёжкамен бірге болған Жаңа жыл

Сс, 17/01/2012 - 10:31 — admin

Жаңа жылдық мерекелер артта қалды ма? Жоқ. Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханада әлі де жалғасуда. 4-6 қаңтар аралығында біздің кішкентай оқырмандарымыз «Ойлан да, ойна» атты ойын бағдарламасында шынайы Бабка-Ёжкамен кездесіп, анекдоттар еліне саяхат жасап, жаңа кітаптардың нұршашауының куәгері бола алды.



Жаңа жылыңызбен!

Бс, 29/12/2011 - 17:03 — admin

Жырмен өтсін күнің,
Таусылмасын сырың.
Батқан күнмен кетсін,
Мұңың болса бұрын.

Атқан таңмен атсын,
Ақ арманың гүлің.
Жүзің жарық болып,
Шалқып шықсын нұрың!
Жаңа жылдық тілек,
Осы болсын бүгін!




Аяз ата достарың шақырады

Бс, 29/12/2011 - 16:32 — admin

26 қаңтарда Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханада оқырмандар мен кітапхана қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық ертеңгілік өтті.

Бұл жолы да Аяз ата балаларға арнап көңілді де қызықтар ұсынды. Сонымен қатар ертеңгілікте бәрін бүлдіргіш Злючка, Қар ханым және бәріміздің сүйікті Ақшақарымызда қонақта болды. Мерекеде балалар қызықты ойындарды ойнап, көңілді сайыстарға қатысып,сиқырлы көріністерді тамашалады. Ғажайып жаңа жыл мерекесіндегі балаларға арналған ең басты қуаныш – ол Аяз атаның сиқырлы қапшығындағы тәтті сыйлықтар болды.



Ертегі елінде қоңақта

Сс, 13/12/2011 - 14:52 — admin

Жаңа жыл сөзін естігенде көз алдына не елестетер едіңдер? Шырша? Мейірімді Аяз ата? Балалардың бақытты күлкісі? Сендердің сүйікті мерекелеріңізге аз күндер қалды. Секунд, минут санап күтудесіңдер. Ал Облыстық балалар мен жасөспірімдер арналған кітапхананың өнер бөлімінде жаңа жылдың бастамасы басталып та кетті.

Әртүрлі заттардан жасалынған түрлі-түрлі шыршалар көз тойдырар емес. Бұл біздің кішкентай оқырмандарымыздың өздерінің сүйікті бұрыштарын нағыз ертегілер орманы етіп безендіргендері.

Ал бұл орманда адасып кетпеу үшін, жұлдызшалар тәрізді қар бүршігі нағыз керемет жаңа жылдың жолын табуға көмектеседі:



Кітапхана өз достарын жинайды

Сс, 13/12/2011 - 14:40 — admin

Тамаша мейрамдарды қарсы алуға санаулы күндер қалды.Қазіргі кезде Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханасында көңілді мерекелердің қызған кезі. Желтоқсанның тоғызы күні Алтынка өзінің сенімді оқырмандары №14 мектептің төртінші сынып оқушыларын мерекелі достық дастарқанына шақырды. Балалар біздің елімізде тұратын әр ұлттардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары жайында білімдерін толықтырып, сонымен қатар «Әуенің тап» ойының ойнап, дәмді бауырсақтан дәм татты.

Келген кішкентай қонақтарымыз жылулық сезім білдірген дастарқанда өздерің үлкен және тату-тәтті отбасының бір бөлшегі ретінде сезінді. Шара Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балалар мектебінің жоғары сынып оқушылары дайындаған мерекелік концерттімен жалғасты. Жас таланттар өнерлерімен келер аптаға тамаша көңіл күй сыйлады.



«Саламатты Қазақстан» sport-марафоны.

Сс, 06/12/2011 - 16:46 — admin

2011 жылдың 4 желтоқсанындағы жайма шуақты жексенбі күні Ы.Алтынсарин атындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Саламатты Қазақстан» sport-марафонына қатысуға тілек білдірген спортсүйер қауымға есігін айқара ашты.

Спорт – барлық балалардың шымыр болып шынығуына, сайысқа түсіп, жеңіске ұмтылуына мүмкіндік береді. Ал үздіктер, әрине, жүлделерге ие болып жатады! Міне, біз де кішкентай қатысушылар үшін кітапхана бөлімдері ұйымдастырған «Жылдамырақ! Биігірек! Күштірек!», «Ақыл – ой гимнастикасы», «До, Ре, Ми» атты үш спорт клубын дайындадық. Балалар еш қиындықсыз бірнеше кедергілерден, қараңғы шытырмандардан өтіп, бұралаңы көп баспалдақтармен түсіп-көтерілді. Түрлі спорттық сайыстардың арқасында ең жылдам, ең күштілерді анықтадық. Ал спорттық марштарды бір кісідей болып орындау керектігіне балалар осы сайыста көз жеткізді ғой деп ойлаймыз.

Бар ынталарымен күш сынасып, тарту -таралғыларға қол жеткізген жас спортшылар сүйікті кітапханаларына мынадай керемет суретті естелікке қалдырды:



«БЕЙБІТ АТОМ»

Бс, 01/12/2011 - 15:45 — admin

29 қараша күні Ы.Алтынсарин атындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының акт залында «Тәуелсіздіктің Жиырма шыңы» жиырма жұлдызды күнінің аясында қарашаның 1 мен 25-і аралығында өткен Облыстық «БЕЙБІТ АТОМ» балалар суреті байқауының жеңімпаздары мен қатысушылары марапатталды. Бұл «Бейбітшілік белдеуі» деп аталған бүгінгі күннің айтулы оқиғасы болды.

Қазақстанның заманауи қоғамда бейбітшілікті жақтайтын мемлекет ретінде танылғаны бәрімізге мәлім. Жиырма жыл бұрын Семей полигонын жауып, еліміздің ядролық қарудан бас тарту туралы шешім қабылдауы алғашқы жасалған қадам болатын. Осы тақырыптар байқауға ұсынылған балалар суреттерінде көрініс тапты.

Байқауға облыс қалалары мен аудандарынан барлығы 177 шығармашылық жұмыс ұсынылды. Нәтижесінде,

III орынға Кабанова Диана (Таран ауд.), Найдёнова Валерия (Жітіқара қ.);

II орынға Барлымбаева Алмаш (Алтынсарин ауд.) Ганбихнер Евгений (Қостанай қ.);

I орынға Плющева Дарья (Қостанай қ.), Цай Виктория ( Жітіқара қ.) ие болды.

Ы. Алтынсарин атындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұжымы балаларға қатысқандары үшін алғыс білдіріп, алдағы келе жатқан Тәуелсіздік Күнімен құттықтайды.


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 101 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана