Новости


Кәне, бірге күлейік

Ср, 15/05/2013 - 15:22 — Айжан К

Құрметті аналар және әкелер, сіздерді Халықаралық отбасы күнімен құттықтаймыз. Шаруа, іс бітпейді. Бірақ сол барлық істерді ысырып бейкүнәсіз балалық шаққа саяхат жасағыңыз келсе, 17 мамыр сағат 18.00-де өтетін «Кәне, бірге күлейік» атты мерекеге келіңіз. Мереке сіздерге қызықты ойындар мен өзара жарыстар және тамаша көңіл күй, сыйлайды. Өткізіп алмаңыздар!

Давайте вместе посмеёмся!



Шырағы сөнбейді

Сс, 14/05/2013 - 14:09 — Айжан К

Ұлы Отан соғысының тарихында көптеген батырлардың есімдері алтын әріппен жазылған, соның ішінде 19 жаңа ғана толған нәзік жанды орыс қызы мен 43 жылдары жау дзотын кеудесімен жауып, өзге қаруластарының шабуылға көтерілуіне жол ашқан батырларымыздың есімдері еш ұмытылмас.

Шырағы сөнбейді

Мереке қарсаңында мектепке дейінгі және 1-6 сынып оқушыларына арналған оқу залында Зоя Космодемьянскаяның туғанына 90 жыл және Сұлтан Баймағамбетовтің жасаған ерлігіне 70 жыл толуына орай еске алу сабағы өтті. Қатысқан 1 мектептің 3-сынып оқушылары бізге бейбітшілік сыйлаған батырларымыздың өмірбаяны мен ерліктері жайлы мәлімет алды. Кітапханашының қызықты әрі мағыналы етіп дайындаған әңгімесін балалар ден қойып тыңдады. Сонымен қатар оқушылар қосымша Ұлы Отан соғысы жайлы бейнетүсірілім көріп,соғыс жайында өлеңдер тыңдады. Дайындалған презентациядағы виктариналық сауалнамаларға балалар өте белсенді қатысып отырды. Ең бастысы өз Отаныңды сүю, сол Отанға деген жауапкершілікті түсініп,жақындағы туыс-туғандарың мен мен жолдастарыңды жасаған жақсылығын бағалау адамгершілік құңдылық екендігін түсіндірілді.

Ал біз кітапханамыздың барлық оқырмандарын Ұлы Отан Соғысының 68 жылдығымен құттықтаймыз.

Шырағы сөнбейді



жоқ


Кітапхана түні жақындап қалды…

Ср, 17/04/2013 - 16:36 — admin

23 сәуір бүкіл әлем Кітап күні мен авторлық құқық күнін атап өтеді.Міне сол күні сағат 20.00 Ы. Алтынсарин атындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы қызара батқан күннің тылсым сәулесіне бөленген кітаптардың ғажайып әлеміне енуді армандайтын барлық оқырмандарды құшақ жая қарсы алады. Бөгде дауыстар сыбыры мен кітап бетінің сылдыры ғана естілетін құпияға толы кітапхана бөлмелері, орталық және жасырын баспалдақтары, адастырып әкетер бұралаң өткелдері, жерасты әлемі сіздерді асыға күтеді. Біз қызықты әңгімелер мен жұмбақ оқиғалар іздеуге аттанамаыз. Кітаппен бірге кірпік ілмей таң атыратыныңа кәміл сенімдіміз!

Сіздерді 23 сәуір, сейсенбі 20.00-де күтеміз.



Ғажайыптар әлемі

Ср, 17/04/2013 - 16:25 — admin

Ы.Алтынсарин атындағы Облыстық балалар мен жасөспірімідер кітапханасының өнер секторына сенбі сайын келетін оқырмандар нағыз ғажайыптың куәсі болды: ертегілер кітабының беттерінен пайда болған басында ерекше бас киімі бар мейірімді сиқыршы қараса көз тойтайтын әсем заттарын ала келді. Бармағынан бал тамған шебер біз керексіз деп лақтырып тастайтын заттардан керемет бұйымдар жасап шыққанын көргенде шынында да таңдай қағасың.

Марина Маулина мен Татьяна Шелудьконың қолынан шыққан осындай әсем себеттер мен қобдишалардың неден тоқылғанын білесіздер ме, газеттерден, иә,иә кәдімгі ескі газеттеерден. Бұйымдарға қарап тұрып бұған сену қиын. Ал келген қонақтар балаларға арнап киізден, түрлі маталардан (Валентина Фёдоровна Дычко, Ирина Маметова), сабан мен моншақтан (Галина Владимировна Шмидт) жасалған, білтегішпен тоқылған қаншама ойыншықтар әкелді…

Ал Алина Лампартердің топиариялары немесе бақыт ағашы мен Ольга Буглактың моншақтан жасаған әшекейі қандай көркем десеңші! Нина Александровна Константинованың жылтыр моншақтан жасаған жапсырмасы бөлек әңгіме!

Айта кету керек, шеберлер басындағы керемет бас киімдер солардың бірі-біздің қайырымды танысымыз Елена Георгиевна Шелудьконың қолынан шыққан. Сүйкімді сиқыршыларымыз бізді таң қалдырудан жалыққан емес. Бұл жолы да балаларға арнап мереке ұйымдастырып, онда қызғылықты ойындар ойналды, жұмбақтар шешіліп, көңілді байқаулар өткізілді, соңынан тәтті нан ұсынылып, одан барлық бала ауыз тиді.

Мир сказочных увлечений

Мир сказочных увлечений

Балалар! Егер сіздер сиқыршыға айналып, әсем бұйымдарды өз қолдарыңызбен жасағыларыңыз келсе, сенбі күні өнер секторының «Бармағынан бал тамғандар» үйірмесінде күтеміз. Ал онда кездесетін қызғылықты және айрықша кітаптар сіздерді ертегілер әлеміне есік ашатын қайырымды серіктеріңе айналады.



Кітапханада өтетін шляпалар парады

Жм, 05/04/2013 - 15:39 — Айжан К

Егер күнтізбеде мерекелік күндер болмаса, біз оны өзіміз жасаймыз, – деп өнер бөлімінің кітапханашылары Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналаған облыстық кітапханасының оқырмандарын таңғаларлық әсем қолөнерімен қуантатын шебер әйелдерді шақыруды шешті. Шынында да, әлемді өз өнерімен көркемдететін сиқыршы әйелдермен кездесуге не жетсің?

Ал мерекеге тамаша қосымша ретінде шляпалар парады өтеді. Кітапханада мұндай әлі болған емес, жіберіп алмаңыз! 6 сәуірде сағат 15.00 кездесеміз!

Парад шляпок в библиотеке



Кірпі және оның достары кітап мерекесінде

Ср, 03/04/2013 - 14:59 — Айжан К

Кірпі және оның достарымен өткізілген кітап мерекесі өте тамаша дәрежеде өтті. Кім болды дегенше, кім болмады деп сұраған дұрысырақ шығар. Ержүрек батыр мен кіп-кішкентай қызыл қоңыз, қарақшы салақ мысық және беймәлім басқа планеталықтар кейіпкерлерін сомдаған балалар өз қатысуларымен балаларды қуантып тастады. Кірпінің достары әртүрлі. Сонымен қатар Кірпінің ең жақын достары Қостанай қаласында тұратын нағыз балалар жазушылары. Олар балаларға арнап тамаша кітаптар жазып,бізге дәл осындай кейіпкерлерін көптеген ұл-қыздарға өлеңдері арқылы таныстырады. Көктемгі демалыс кезінде Ы. Алтынсарин атындағы балалалар мен жасөспірімдерге арналған киелі шаңырақта қызықты да,көңілді кештерде Кірпі өз достарының басын қосты.

Ёжик и компания на Книжкиных именинах

Ақындар өз өлеңдерін оқыды,ал балалар болса солардан тез үйреніп өленің ұйқасын тауып, өздері де өлең шығаруға тырысты. Олар тек қана өлең шығарып қана қоймай, қостанайдың атақты суретшісі - Нина Коровина безендірген «Давай дружить» атты А. И. Суслованың кітабы бойынша суреттер салып,оны суретші суретімен салыстырып, бәсекеге түсті.

Ёжик и компания на Книжкиных именинах

Ал Татьяна Алексеевна Кайгородцева әр балақайдың жүрегінің сиқырлы кілтін сақтай біледі,өйткені бала бақшасында тәрбиеші болып қызмет атқарады. Сол себептен оның өлеңдерінде басты кейіпкерлер Анжелика мен Айсұлу, Вика, Настя және Ванюшалар…

Ёжик и компания на Книжкиных именинах

Ал келесі кездесуіміздің басты қоңағы Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет ағамызға кішкентай оқырмандар ақынның өлеңдерін жатқа айтып қуанып тастады. Ал Ақылбек ағамыздың айтуынша, балалар ақынның өлеңін жоғары дәреже орындап берді. Балаларға арналған өлеңді балалардан әлдеқалай артық ешкім оқымайтыны да ескеріліп, айтылды. Ниет білдіріп өлең айтам деушілер өте көп болды.

Ёжик и компания на Книжкиных именинах

Біз сөзбен айтқанда Кірпі де және оның достары да осы күндері кітапханадаға келген қоңақтармен уақыттарын қызықты да, көңілді өткізді.

Ёжик и компания на Книжкиных именинах

Ёжик и компания на Книжкиных именинах



Қағаздан жасалған... алтын балық

Дс, 01/04/2013 - 16:15 — Айжан К

Қағаз адамзаттың ойлап тапқан ең керемет заты екенін айтпаса да белгілі. Оның шын екені Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының өнер бөлімі оқырмандарына мәлім. Қағазды алып,қиып, бояп бір-біріне жапсырып көлем берсең керемет затқа айналады. Осындай керемет нәрселерді жасауға әуес қыздар мен ұлдар «Шебердің қолы ортақ» сәндік қолданбалы өнер үйірмесіне бірнеше жылдан бері қатысуда.

Міне осы жолы да балалар қағаздың үш түрлі композицияға айналып өнер туындысына айналғанына көздері жетті. Бұл техниканы орындауға А. Никифоров атындағы ОКДБМ оқушыларының көлемді тамаша суреттер көрмесі шабыттандырды.

Қағаздан жасалған... алтын балық Қағаздан жасалған... алтын балық

Кәсіби суретші Т. Изюмованың үйретуі бойынша балалар қағаздан нағыз алтын балық жасап,осы тамаша өнердің қыр-сырын танып, оны жан тәнімен сүюге үйретті.

Қағаздан жасалған... алтын балық

Кім білед, біздің қол өнерімен шұғылданып жүрген шеберлеріміздің қағазды бүктемелеу өнері құпия болып қалмау күні жақын шығар :)



«Кірпі мен достары» балалар кітабы апталығы

Сс, 19/03/2013 - 16:43 — Айжан К

Міне қыста аяқталды, онымен бірге ең қиын оқу тоқсаны да аяқталды. Алда көп күткен демалыс, оның әр бір күні ыстық күн сәулесіне, толқулы оқиғалар мен мерекені күтудегі қуанышты сезімдерге толы. Сонымен бірге, осы тамаша күндері Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық кітапханасы Кірпі мен оның керемет достарына және де жалпы апта бойы жалғасатын «Бала кітабы апталығы» немесе жай ғана «Кітаптың туған күні» деп аталатын кітап оқуды сүйетін балаларға өз есігін ашады.

Қымбатты оқырмандарымыз! Сіздерді 26, 27, 28, 29, 30 наурызда «Кірпі мен достары» атты балалар кітабы апталығына шақырамыз, онда сіздерді қаламыздың балалар ақындарымен кездесулер, қызықтыратын ойындар және жұмбақтар, тәтті сыйлықтар күтеді. Барлық іс-шаралардың басталуы 12.00-де, кешігіп қалмаңыздар!

«Кірпі мен достары» балалар кітабы апталығы



Қысты шығарып салу

Сс, 19/03/2013 - 16:32 — Айжан К

Міне көктемде келді! Наурыздың күннің көзі бізге өз жылуын, сыңғырлаған тамшылар мен құстардың таңертенгі сайрауын сыйлайды, орманда алғашқы бәйшешектер шыға бастайды. Қысты шығарып салу уақыты жетті! Бейсенбі күні Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық кітапханасында қысты салтанаты шығарып салу болды. Ал қарлы сұлу қайтсе де балаларды қалдырғысы келмеді: оларға жұмбақтар жасырды және қармен ойнауға шақырды және қолғаптарын қиюді иландырды, бірақ бәрі де бос болды. Ол кетуге мәжбүр болды, бірақ ол ашуланған жоқ, керсінше балаларған көңілді ән сыйлады, олар онымен бірге ән салды. №3 музыка мектебінің балалар фольклорлық ансаблінің кішкентай әртістерінің арқасында осы күні әндер көп айтылды. Әрине сый-сыяпатсыз болған жоқ- дәстүрлі құмақ және керемет өрік тосабымен мерекелік шай ішу болды.

Қысты шығарып салу


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 578 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана