Новости


Шеберлі қолдың шуақты көңіл-күйі

Бс, 28/11/2013 - 08:24 — Айжан К

news_snour-1.jpg

Неткен керемет! Таңысыңыз, бұл керемет қолөнердің иесі Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер атындағы кітапхананың оқырманы – Матвеева Катя. Кішкентайынан өнер бөлімінің оқырманы атанған Катюша өнер жайындағы тамаша, ғажайып кітаптармен жақын танысып, осы өнерді бүкіл жан-тәнімен сүйіп, қолөнерін дамытуда. Содан бері қағаздан, ермексаздан, тұзды ащытқыдан жасалатын сәндік-қолданбалы шығармашылық өнерге арналған көрмелерде Катюшаның жұмыстары қалып көрген жоқ. …

news_snour-2.jpg

Қазіргі таңда Катя А. Горький атындағы гимназияның 3-сынып оқушысы. Катя жақындары мен туыстарын үздік бағаларымен қоса өз қолымен жасаған керемет туындылармен қуантуда. Қазір де Катяның «Шебердің қолы ортақ» атты қолөнер жұмысы шынында да кез-келген ауа райында адамға жақсы көңіл-күй сыйлайды. Ал достар сіздерді «Шебердің қолы ортақ» атты тамаша үйірмеге қатысуға шақырамын. Онда көп нәрсеге үйреніп, көп нәрседен хабардар бола аласың. Ал сіздердің жасаған қолөнерлерін кімде-кімге бахыт және жылылық сыйлайтын сыйлық болары еш күмән жоқ. Достар «Шебердің қолы ортақ» үйірмесі сіздерді күтеді.



Тұңғыш Президент күні қарсаңында

Сс, 26/11/2013 - 11:27 — Айжан К

Әулиекөл ауданының Новонеженка орта мектебінің оқушылары тәнертеңнен бастап Қостанай қаласынан келетін қоңақтармен кездесуді асыға күтті. Ыбырай Алтынсарин атындағы ОБЖК кітапханашыларын мектеп табалдырығынан өте жыл, жарқын жүзбен,құшақ жая қарсы алды. Қостанайлықтарда өз ретінде осы ауыл балаларын қуантуға асықты. Оларға кітапхана атынан Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған кітапханалық танымды іс шараны тарту етті. Оқушылар ірі қоғам қайраткері,еліміздің зор мақтанышына айналған елбасымыздың балалық шағы мен өмірі жайлы мәлімет алды.

ndpp-1.jpg

Тартымды және әсерлі презентациямен безендірілген, музыкалық бейнетүсірімдермен сүйемелденген екі тілде өткізілген ақпараттық сағат осы күннің ажарын ашты. Оған дәлел балалардан көптеп түскен сұрақтары мен әсер алған пікірлері болды. Ұйымдастырылға тамаша кітап көрмесін үзіліс арасында оқушылар қызығушылықпен тамашалады.

ndpp-2.jpg



Әдеби жұлдызнама

Дс, 04/11/2013 - 15:48 — admin

Жұлдызнамаға сенуші ме едіңіз? Не дегенмен өз шоқжұлдызыңызды білетін боларсыз? Қалай болғанда да бір шоқжұлдыз белгісінде туғандардың мінез-құлықтарында ұқсастықтар болатыны рас. Ал біздің ұқсастығымыз өзіміздің жеке тұлғамызға, тағдырымызға, болашағымызға деген қызығушылықта жатыр....

28 қазан күні Ы. Алтынсарин атындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында жыл сайын кітапхана қабырғасында бас қосатын кітапқұмарлардың дәстүрлі мерекесі – Жастар кітабының күні өтті. «Әдеби жұлдызнама» деген ғажайып ат берген ұйымдастырушылар – 7-11 сынып оқушылары мен жастарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары оқырмандарын аспан денелерінің құпиясын ашуға шақырды.

Мерекеге келгендерді сиқырлы салонның қожайыны сүйкімді Сандра қуана қарсы алып, барлық тілек білдірушілерді болашақтарына көз жіберуге шақырды. Балгердің айтуынша, оның сиқырлы қарттары болашаққа дәл болжам жасайды екен. Келгендер де бұған көз жеткізді ғой деп ойлаймыз: «Сені біреудің махаббаты жылытады», «Бүгін жолың болады», «Арман- тілегің орындалады» деген сөздер бәрінің көңілінен шығып жатты. Күздің сұрғылт күнінде бізге осындай жылы сөздер қажет екен ғой деген тоқтамға келдік.

Кітапханамыздың оқырмандарын күні бойы керемет тосынсыйлар мен жаңалықтар күтумен болды. Өздеріңіз ойлап көріңіздерші: қызықты ақпараттар сағатында балалар әсершіл, белсенді, намысқой және білуге құмар Егіздер белгісіндегілер Жюль Верн мен Льюис Кэрроллды оқу керек болса, өздеріне мығым және ар-намысын жоғары кейіпкерлер Тауешкілердің назарын аударады екен, ал тәуелсіз әрі құпия тылсымды ұнатататын Сарышаяндар детектив оқуға жаралған дерсің! Жұлдыздар кеңесін алған оқырмандар «Жұлдызнама бойынша кітаптар» көрмесін талап әкетті.

Ал жаңалыққа жаны құмар жандар кәсіби суретші жасаған арнайы «татушкадан» бас тарта алмады, өздері де авторлық үлгіде ..кітап белгібетін жасап шығарды :)

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсақ, оқырмандар керемет әсер алып қайтты! Тіпті аспандағы жұлдыздар да жақындай түскен сияқты. Тек жоғарыға көз салсаңыз болғаны өз шоқжұлдызыңызды тауып алуға болады.…



Қызықтырар әлем

Дс, 28/10/2013 - 15:23 — Айжан К

Біздің өміріміз қызыққа толы. Ойлап қарасаң, өмірден ләззат алу мүмкіндігі өте көп. Өмірді қаншалықты қызықты өткізсең, соншалық өмірін көңілді, тартымды және өз алдына айтарлықтай жеңіл болады. Міне осы жайлы «Өмір мектебі» атты еткіншектерге арналған іс-шара топтамасының ашылу барысында «Қызықтырар әлем» деп аталатын әдебиеттерге шолу жасау ойынында сөз қозғалып, ортаға салында. Қазанның 23, 24, 25 күндері нашар еститіндерге арналған интернаттың жоғары сынып оқушылары осы іс-шараның қатысушылары болды. Балалар сурдоаудармашының көмегімен «тәуелділік» жайында пікір алмасып, тәуелділік ең алдымен күш пен денсаулықты құртатынын, бұндай тәуелділікке ерік бермей, өмірге деген құштарлық сезімді жоғары бағалай білу керек екендігі әңгімеленді. Тәуелділік сенің алдағы өміріне, денсаулығына, отбасына жақсылық әкелмейтіні сөзсіз.



Кітапханаға психологиялық көмек

Жм, 25/10/2013 - 14:22 — Айжан К

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы көптеген қостанайлық отбасылар үшін екінші үйге айналды. Достық қарым-қатынаста бір-бірінің жанын жақсы түсінетін ата-аналар бала тәрбиесіне байланысты кез келген сұрақты талқылап, психология мен медицина саласындағы мамандар пікірін тыңдады, отбасы мерекесінде көңіл көтеріп, баламен бірге оқуға болатын қайырымды және қажетті кітаптармен танысты.

Осылай, 18 қазанда «Жанға жайлы жүздесу» ата-аналар клубының аясында ата-аналардың көптен күткен Вера Андреевна Гаанмен кездесуі өтті. Бұл жолы Вера Андреевна мейірімді аналар мен әкелерге баланың мектепке бейімделуіне қалай көмек қолын ұсыну керектігі жайлы айтып өтті, балалары өсіп қалған ата-аналарды да әңгімеге тарту мақсатында сынып ішіндегі қарым –қатынаста кездесетін қиындық туралы, оқудағы қиындықтар мен мұғалім мен оқушы арасындағы түсінбестік туралы да әңгіме қозғады.

Клуб мүшелері бұл кездесуден көптеген қызықты мәліметтер, құнды кеңестер алды.

Ал психолог ұсынған тренингтер ата-аналарға ата-аналардың жағымды әсер алып, өздерін бір отбасының мүшелеріндей сезінуге мүмкіндік берді.

Ал біз болсақ, Вера Андреевнаны немересінің дүниеге келуімен және мектеп психологтарының облыстық байқауында жеңіске қол жеткізуімен құттықтаймыз! Сізге Мол Бақыт, Денсаулық және Махаббат тілейміз!



Халықтар достығы – ұлы күш

Дс, 21/10/2013 - 14:58 — Айжан К

1992 жылдың 18 қазан күні Алматы қаласында алғаш рет Дүниежөзілік рухани келісім конгресі өтіп, онда түрлі дін конфессиялары, халықтар, ұлттар мен ұлыстар өкілдері бас қосты. Форумға қатысушылар қабылданған манифесте осы күнді келіспеушіліктер мен қақтығыстарға жол бермеу күні, тіл табысу күні, қайырымдылық күні және өзгеге қол үшін беру күні деп жариялауды ұсынды. Олар ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасында бірлік пен ынтымақтастықта, достық қарым-қатынаста өмір сүрейік деген тілек білдірді.

Осы айтулы күн Халықаралық рухани келісім күні деген атпен тарихта қалды. Кеше осындай жарқын мерекеге орай 1-6 сынып оқушылары мен мектепке жасына дейінгі балаларға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Халықтар достығы – ұлы күш» атты ой толғау сағаты өтіп, оған №25 мектептің 5-сынып оқушылары қатысты. Балалар әңгімеге белсене араласып, қайырымдылық пен сыйластық, шыдамдылық пен кешірімділік, кең пейілділік пен әдептілік, қамқорлық пен мейірімділік қана ауызбіршілікте өмір сүруге ықпал етеді деген тоқтамға келді.



Ата-аналар клубы сіздерді күтеді.

Ср, 16/10/2013 - 12:19 — Айжан К

Құрметті ата-аналар! Сіздерді 18 қазан сағат 18.00-де «Жанға жайлы кездесу» атты ата-аналар клубының кезекті кездесуіне шақырамыз.

Сіздің балаңыз бірінші сыныпқа барды ма? Жас баланы жаңа ортаға үйрету, үрей мен қорқыныш сезімін жеңу, қандай жағдай болмасын әрдайым қолдау көрсету және т. б. көптеген сұрақтарға кітапхананың жақын досы тамаша психолог Гаан Вера Андреевна жауап береді.



Кітаппен саяхат

Сн, 12/10/2013 - 15:38 — Айжан К

11 қазан Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхананың балаларға арналған ең жақсы кітаптары 50 шақырым қашықтықтағы Большая Чураковка ауылының кішкентай оқырмандарымен кездесіп жолықты. Алыстан жол арттырып келген кітаптар бәрінің көз жанарын қуантып, тамсандырып, кітапхананың кіре берісіндегі басталған кітап сөрелеріне жайлы орналасты. Баспалдақ секілді орналасқан сөрелерде балаларды күлкілі және аянышты, қызықты да қорқынышты таңғаларлық оқиғалы кітаптар күтуде. Баспалдақ сатысымен көтерілген сайын жаңа-жаңа керемет ашылымдар мен қызықты оқиғаларға саяхат жасауға болады.

Ауылдық балаларға ОБЖК кітапханашысы Васильчишена Наталья Евгеньевнаның осы тамаша кітаптарды қызықты таныстырғаны соншалық балалар кітаптарды тезірек оқуға асықты.

Ал кітаптар болса Большая Чураковка ауылынан кейін «Кітаппен саяхат» жобасы бойынша біздің облысымыздың басқа да ауыл, аудандардағы көптеген кітап сүйер оқырмандарына жол тартады.



Мәдениет және өнер қызметкерлері мерекелеріңіз құтты болсын!

Жм, 27/09/2013 - 15:25 — Айжан К

Құрметті әріптестер! Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, мына жылы лебіздерді қабылдауларыңызды сұраймыз. Сіздерге болашаққа сенімді қадам, шығармашылық идея және осы бағытта жұмысты іске асыру, шабыт, қажымас қайрат, биік шыңдардан көріңе берулеріңізге тілектеспіз. Дендеріңізге саулық, өмірлеріңізге жетерлік байлық, береке берсін.

С Днём работников культуры и искусства!



Бәрін білгім келеді

Жм, 09/08/2013 - 14:05 — Айжан К

На свете много есть того, во, во,

Про что не знают ничего, во, во,

Ни взрослые, ни дети.

Конечно, ни взрослые, ни дети!

И это вовсе не секрет, рет, рет,

Когда секрета вовсе нет, нет, нет,

Скучают все на свете.

Но почему? Да потому, что!..

8 тамыз мектепке дейінгі және 1-6 сынып оқушыларына арналған бөлімде №14 мектептің жазғы алаңға қатысушы оқушылармен экологиялық сағат өтті. Балалар біздің планетамызда мекендейтін приматтар құрамына кіретін қызықтыда, сүйкімді жануарлар-маймылдармен танысып, өте қызықты мәліметтермен танысты. Негізінен бұл бейбіт жануарларлар балалар секілді жүгіріп, секіріп, лақтырып ойнағанды және көп балалар секілді банан жемісін ұнатады. Сонымен қатар тамақ үстінде өздерің қалай ұстауды, таза және жып-жинақы қылықтарын кейбір балаларға осы жануарлардан үйренген жөн.

Ужасно интересно всё то, что неизвестно

Барлығы жайында білгің келсе, кітапханаға кел!


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 575 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана