Новости


Жаз жайлы

Сс, 25/06/2013 - 15:35 — Айжан К

Жаз – нағыз кітап оқитын мезгіл екені сөзсіз. Күн шуағы төгілген терезе алдына жайланып отырып алып кітап оқығанға не жетсін, не болмаса жұпар аңқыған көгалда сүйікті кітабыңмен уақыт өткізген қандай тамаша! Ендеше неге дәл қазір солай етпеске?...

Про Лето

Жадыраған жаздың жайдары әр күні шытырман оқиғаларға, жаңалықтарға, кездесулерге, ал түні болса тылсым құпияларға толы. Жаздың бұдан да басқа қызықтарын айтып тауысу мүмкін емес!... Мысалы, Кітапханада жаз мезгілі келісімен кітап оқуға деген құштарлық оянады, яғни түрлі жастағы оқырмандар кітапханаға қарай ағылады. Ал олар жазғы демалысты қалай қызықты және көңілді өткізу керек екенін бәрінен де артық біледі! Ендеше қосыл бізге!



Жазды бірге қарсы алайық!

Жм, 31/05/2013 - 14:41 — Айжан К

Жаздың ең алғашқы күнінде бүкіл әлем Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеді. Алда ұйқыдан ерте тұрмайтын, оқығын келген кітабынды оқитын, қанша жегін келгенше балмұздақ жейтін тамаша жазғы демалыс. Ендеше осындай ғажайып жазғы демалысты бірге қарсы алайық.

Жазды бірге қарсы алайық!

1 маусым сіздерді қызықты балалар мерекесіне шақырамыз. Басталуы сағат 12.00-де. Кітапхана ауласында, өткізіп алмаңыздар.



Почемукалардың ата-аналарына

Ср, 22/05/2013 - 14:34 — Айжан К

Құрметті ата-аналар, егер сіздің кішкентай почемучкаларыңыз өздерінің қияңқы сұрақтарымен сіздерді ыңғайсыз жағдайға қойса, мүмкін кітапханаға келіп, онымен бірге «Неге күзде жапырақтар сарғаяды?», «Кім құлағымен көреді?» (шынында да, ол кім болуы мүмкін?..), «Көк тіреген ғимараттардың құрылысын қалай жүргізу керек?», «Машиналар неден жасалған?» және көптеген басқа жөнсіз ұмытылған кітаптарды оқудың уақыты келген шығар? Әрине, өз сапалы мұқабасымен және түрлі-түсті суреттерімен сүйсіндіретін заманауи басылымдар өте тартымды, бірақ сырт жағынан елеусіз кітаптарды қолда ұстамау мүмкін емес, себебі білімқұмар кішкентай балалардың қолы тиген осы кітаптардың жаны бар шығар немесе сіз кішкентай кезіңіздегі сол балалық шаққа оралып, ең маңызды сұрақтарға жауаптарды бар жан тәнімен күтетін уақытқа оралғыңыз келетін шығар.

Почемукалардың ата-аналарына

Барлық уақытта балаларға арналған салалық әдебиеттердің ең жақсы үлгілері тек қана кітапханада және тек қана. Сіздер үшін!

height=



Почемучкалар кітапханада

Ср, 22/05/2013 - 14:31 — Айжан К

20 мамырда мектепке дейінгі оқушыларға және 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде № 22 орта мектебінің екінші сынып оқушылары сабақта болды. Сабақ?! Кітапханада??! Иә, дәл солай! Кітапханаларда да сабақтар болады. Бірақ бұл сабақтар күнделікті сабақтардан ерешеленеді. Біріншіден, бағалар қоймайды, ал екіншіден, сабақтарды әлемдегі ең мейірімді мұғалімдер – кітапханашылар жүргізеді.

Почемучкалар кітапханада

Библиограф Наталья Петровна Титовамен дайындалған «Почемучкалар кітапханада» атты кітапхана сабығында балалар кітаптар туралы көптеген өте қызықты деректерді таныды. Сонымен қатар, олар әлемдегі ең кішкентай және ең үлкен кітаптармен, көлемі бойынша ең қалың кітаптармен, пішіні бойынша өзгеше кітаптармен және де ойлап көріңізші – ыстық кітаппен танысты, себебі ғажап-кітапты оқымастан бұрын, оны жұқалтырға орап, бір кекс пісіруге болады :))

Ал кітап және жазу тарихына виртуалдық саяхат жасап, почемучкалар көңілді тапсырмалар алды. Бұл тапсырмаларда балалар бірде бір әріпті қолданбай, жазбаша хабарламалармен алмасты.

Балалар, біздің сабақтарға келіңіздер! Сендер кез келген кітапханаларда жөн таба аласыз, оның анықтама алу аппаратын қолдануды үйренесіз және ең бастысы – өмірде ең қажеттісі – ақпаратпен жұмыс жасауда өте керек, әрі пайдалы дағдасын аласыз.



Ата-аналар күліп жатыр.

Ср, 22/05/2013 - 13:44 — Айжан К

Үй – ол сені жақсы көретін және күтетін орын. Кейбір қостанайлық отбасыларға бір күні, Ы. Алтынсарин атындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы осындай орын болып қалды. Мұнда, міне, төрт жылдан бері «Жанға жайлы жүздесу» атты ата-аналар клубы әрекет етеді. Бұдан былай жылына төрт рет, 1-6 сынып оқушылары мен мектеп жасына дейінгі балаларына қызмет көрсету бөлімінде орын жоқ – кезекті ата-аналар жиналысы өтіп жатыр. Осындай кездесулердің біреуі өткен жұмада 1- 6 сынып оқушылары мен мектеп жасына дейінгі балаларына қызмет көрсету бөлімінде өтті және Халықаралық отбасы күніне арналған. Оқырмандарымыздың ата-аналары өзінің барлық шаруашылығын қалдырып, «Кәне, бірге күлейік» мейрам бағдарламаның қатысушысы болып, жайбарақат балалар әлеміне құштар болды. Ал олардың балалараы, көптеген көңілді сайыстарға қатысып, ойнап жүріп, ата-аналарын еркінше күлдіртті.

Ата-аналар күліп жатыр.

Н. Носовтың, В. Драгунскийдің, М. Дружининнің көңілді әңгімелері, өзі де еркін тілдесуді одан да жылытып, ата-аналарға өзің бала болуды сезімге және ішек-сілесінен күлүге әкеліп соқты. Сонында ешкімнің кеткісі келмегенін айту керек пе, өйткені мейрамның күн көзіндей қалпы, терезедегі бұлынғыр ауа райына қарамастан, бір тату және көңілді отбасыда болу сезімді тудырып барады. Бізге келгіңіз келе ме? Құрметті аналар мен әкелер, сізді кітапханада күтеміз!



Кәне, бірге күлейік

Ср, 15/05/2013 - 15:22 — Айжан К

Құрметті аналар және әкелер, сіздерді Халықаралық отбасы күнімен құттықтаймыз. Шаруа, іс бітпейді. Бірақ сол барлық істерді ысырып бейкүнәсіз балалық шаққа саяхат жасағыңыз келсе, 17 мамыр сағат 18.00-де өтетін «Кәне, бірге күлейік» атты мерекеге келіңіз. Мереке сіздерге қызықты ойындар мен өзара жарыстар және тамаша көңіл күй, сыйлайды. Өткізіп алмаңыздар!

Давайте вместе посмеёмся!



Шырағы сөнбейді

Сс, 14/05/2013 - 14:09 — Айжан К

Ұлы Отан соғысының тарихында көптеген батырлардың есімдері алтын әріппен жазылған, соның ішінде 19 жаңа ғана толған нәзік жанды орыс қызы мен 43 жылдары жау дзотын кеудесімен жауып, өзге қаруластарының шабуылға көтерілуіне жол ашқан батырларымыздың есімдері еш ұмытылмас.

Шырағы сөнбейді

Мереке қарсаңында мектепке дейінгі және 1-6 сынып оқушыларына арналған оқу залында Зоя Космодемьянскаяның туғанына 90 жыл және Сұлтан Баймағамбетовтің жасаған ерлігіне 70 жыл толуына орай еске алу сабағы өтті. Қатысқан 1 мектептің 3-сынып оқушылары бізге бейбітшілік сыйлаған батырларымыздың өмірбаяны мен ерліктері жайлы мәлімет алды. Кітапханашының қызықты әрі мағыналы етіп дайындаған әңгімесін балалар ден қойып тыңдады. Сонымен қатар оқушылар қосымша Ұлы Отан соғысы жайлы бейнетүсірілім көріп,соғыс жайында өлеңдер тыңдады. Дайындалған презентациядағы виктариналық сауалнамаларға балалар өте белсенді қатысып отырды. Ең бастысы өз Отаныңды сүю, сол Отанға деген жауапкершілікті түсініп,жақындағы туыс-туғандарың мен мен жолдастарыңды жасаған жақсылығын бағалау адамгершілік құңдылық екендігін түсіндірілді.

Ал біз кітапханамыздың барлық оқырмандарын Ұлы Отан Соғысының 68 жылдығымен құттықтаймыз.

Шырағы сөнбейді



жоқ


Кітапхана түні жақындап қалды…

Ср, 17/04/2013 - 16:36 — admin

23 сәуір бүкіл әлем Кітап күні мен авторлық құқық күнін атап өтеді.Міне сол күні сағат 20.00 Ы. Алтынсарин атындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы қызара батқан күннің тылсым сәулесіне бөленген кітаптардың ғажайып әлеміне енуді армандайтын барлық оқырмандарды құшақ жая қарсы алады. Бөгде дауыстар сыбыры мен кітап бетінің сылдыры ғана естілетін құпияға толы кітапхана бөлмелері, орталық және жасырын баспалдақтары, адастырып әкетер бұралаң өткелдері, жерасты әлемі сіздерді асыға күтеді. Біз қызықты әңгімелер мен жұмбақ оқиғалар іздеуге аттанамаыз. Кітаппен бірге кірпік ілмей таң атыратыныңа кәміл сенімдіміз!

Сіздерді 23 сәуір, сейсенбі 20.00-де күтеміз.



Ғажайыптар әлемі

Ср, 17/04/2013 - 16:25 — admin

Ы.Алтынсарин атындағы Облыстық балалар мен жасөспірімідер кітапханасының өнер секторына сенбі сайын келетін оқырмандар нағыз ғажайыптың куәсі болды: ертегілер кітабының беттерінен пайда болған басында ерекше бас киімі бар мейірімді сиқыршы қараса көз тойтайтын әсем заттарын ала келді. Бармағынан бал тамған шебер біз керексіз деп лақтырып тастайтын заттардан керемет бұйымдар жасап шыққанын көргенде шынында да таңдай қағасың.

Марина Маулина мен Татьяна Шелудьконың қолынан шыққан осындай әсем себеттер мен қобдишалардың неден тоқылғанын білесіздер ме, газеттерден, иә,иә кәдімгі ескі газеттеерден. Бұйымдарға қарап тұрып бұған сену қиын. Ал келген қонақтар балаларға арнап киізден, түрлі маталардан (Валентина Фёдоровна Дычко, Ирина Маметова), сабан мен моншақтан (Галина Владимировна Шмидт) жасалған, білтегішпен тоқылған қаншама ойыншықтар әкелді…

Ал Алина Лампартердің топиариялары немесе бақыт ағашы мен Ольга Буглактың моншақтан жасаған әшекейі қандай көркем десеңші! Нина Александровна Константинованың жылтыр моншақтан жасаған жапсырмасы бөлек әңгіме!

Айта кету керек, шеберлер басындағы керемет бас киімдер солардың бірі-біздің қайырымды танысымыз Елена Георгиевна Шелудьконың қолынан шыққан. Сүйкімді сиқыршыларымыз бізді таң қалдырудан жалыққан емес. Бұл жолы да балаларға арнап мереке ұйымдастырып, онда қызғылықты ойындар ойналды, жұмбақтар шешіліп, көңілді байқаулар өткізілді, соңынан тәтті нан ұсынылып, одан барлық бала ауыз тиді.

Мир сказочных увлечений

Мир сказочных увлечений

Балалар! Егер сіздер сиқыршыға айналып, әсем бұйымдарды өз қолдарыңызбен жасағыларыңыз келсе, сенбі күні өнер секторының «Бармағынан бал тамғандар» үйірмесінде күтеміз. Ал онда кездесетін қызғылықты және айрықша кітаптар сіздерді ертегілер әлеміне есік ашатын қайырымды серіктеріңе айналады.


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 123 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана