Новости


Жан жылуы

Ср, 15/02/2012 - 16:57 — Айжан К

Қыстың қаһарлы күндерінде табиғатта қатты ұйқыға кетіп, жарық күндерде қысқарады. Сол себептен шамның көмегіне көп жүгінеміз.

№21 орта мектебінің жоғары сынып оқушылары 10 ақпан күні «Жан жылуы» атты әдеби-музыкалық шараның қоңақтары болды. Балаларды шарадағы сиқырлы және романтикалық жағдай таң қалдырып, олар өздеріңе көп мәлімет ала алды. Мысалы, туған күн кешіндегі тәтті пирог үстіндегі шамның қойылу тарихын, сонымен қатар шамның көмегімен болашағына көз жүгіртуіңе болатынын және шаруашылықта шам қалай дайындалатыны жайында біле алды. Айтпақшы келіп қалған Валентина күніңе өз қолдарыңмен безендірілген шам тамаша сый болар еді. Егер біздің ақыл кеңесімізге жүгініп, шамды жақсылап жасаймын десең, оны безендіруге «Шам туралы кітап» атты кітабы сізге көмектесе алады.

Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК кітапханашылары Тыщенко Раиса Кирилловна және Третьяк Нина Григорьевнада шамды ерекше сәнді етіп жасауға көмектеседі.



Өнер секторында кездескенше!

Сс, 24/01/2012 - 16:12 — admin

Құрметті оқырмандар!

Ұлы суретшілермен, танымал сахна тарландарымен, әншілермен танысқыларың келе ме; ұлы классикалық туындылармен, заманауи музыкамен сусындағыңыз келе ме; өнер мен сәулет тарихының білгірі болғыңыз келе ме?.. Мүмкін, сіз сән әлемін қадағалап, боди-артпен айналысатын боларсыз немесе гитара тартып үйренуге талпынып, шығыс биін билеуге қызығушылығыңыз оянған болар...? Онда Ы. Алтынсарин атындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының өнер секторына келіңіз. Біз сізге көмек көрсетеміз!

Студенттер мен оқушылар әлемдік кескіндеме, графика, сәулет пен мүсін, музыка, театр және кино тарихы мен теориясы бойынша әдебиеттің мол қазынасына кездеседі.

Сәндік-қолданбалы өнер табынушыларының біздің кітапханамызда іштері пыспайтынына сөз береміз. Квиллинг, изонить, киригами техникасының шеберлері олармен тың ойларымен, ақыл-кеңестерімен бөліседі, шеберлік сабақтарын өткізеді.

Жаңа жылда сіздер, әдеттегідей, өнер әлемінің ғажап туындыларымен танысып, білім шыңын бағындыруға ұмтыласыздар. Бір сөзбен айтқанда, уақыттарыңызды тамаша өткізесіздер.



Орман әншісі

Сс, 24/01/2012 - 14:47 — admin

25 қаңтарда орыс суретшісі, пейзаждың хас шебері, отанға деген сүйіспеншілігін, орыс табиғатының сұлулығын ғасырдан ғасырға жеткен керемет туындыларында паш еткен Иван Иванович Шишкиннің туғанына 180 (!) жыл.

«Дубовая роща», «Утро в сосновом лесу», «На севере диком…», «Рожь» туындыларын бір көргеннен кейін күзгі егістіктің, күміс қар жамылған орманның жанынан бейғам өту мүмкін емес. Ал табиғат сұлулығын жанымен түйсінген адам қашан да жақсылыққа жақын болады.

На севере диком

Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК өнер секторының кітапханашылары кесіндеме өнерінің табынушыларын ұлы орыс суретшісінің репродукциясын тамашалауға шақырады.



Қолғап мерекесі

Сс, 17/01/2012 - 11:10 — admin

Жаңа жылдық демалысты көңілді өткізу керек! Рождество қарсаңы 6 қаңтарда өнер секторында қызыққа толы Қолғап мерекесі өтті. Осы мерекеде оқырмандарымыз бұрыннан келе жатқан қолғапты сәнді бес саусақты басқа қолғаптардан жақын тартатынына куә болдық.

Мерекеде болған балалар қолғапты тоқу тұтас бір өнер екеніне көз жеткізді. Сонымен қатар бұл қолғаптың 30 дан астам түрі бар екен, ал тарихы мыңдаған жылдан бастау алады. Аязды күндері жылу беретін де осы қолғап емес пе?

P.S. Айтпақшы, Николай Носов қолғапқа «Қолғаптар күні» әңгімесін арнаған, онда Күн қаласындағы Дымбілместің кішкентай достарын қолғаппен достастырады. Басты оқиға Күн қаласы тұрғындарының шатырдан өз қолғаптырын лақтырып, екі қолғаптың жұптарын іздеуден басталады. Ал тапқанда қолғаптарымен алмасып, «Күн ағайындары» атанады.



Жақсылық жасаған көптік етпейді

Сс, 17/01/2012 - 10:54 — admin

Дәстүр бойынша, жыл басталысымен Облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханасы балалардың асыға күтетін өткен жылдағы кітапханалық түрлі сайыстардың, акция жеңімпаздарын және аязды қыс та, ыстық жазда да бізге адал да, сенімді оқырмандарымыздың белсенділеріне сыйлықтар беретінін хабарлайды.

Сонымен қатар жаңа жылдың қарсаңында мектепке дейінгі және 1-6 сынып оқушыларына арналған қызмет көрсету бөлімінде «Өткен жылда жасаған жақсылығым» деп аталған пошталық жәшік пайда болды. Кей балалар өздерінің қандай жақсылық жасағанын еске түсіргенше, аталмыш жәшік толуға жақындап қалды. Соңында өткен жылда ең маңызды жақсылық жасағандар табылды. Бірінші орынға ие болған №14 мектеп оқушысы - Медяник Аня. Ол аязды қыста аштан өлейін деп жатқан мысықтың баласы аман алып қалғаны, оның ақжүрек екенін көрсетті. Аняны шын жүректен құттықтаймыз.

Достар кішкентай болса да жақсылық жасап, әлемді жақсартуға асығыңыздар. Жақсы істі-кейінге қалдыруға болмайды, оны қазір жасау керек.



Бабка-Ёжкамен бірге болған Жаңа жыл

Сс, 17/01/2012 - 10:31 — admin

Жаңа жылдық мерекелер артта қалды ма? Жоқ. Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханада әлі де жалғасуда. 4-6 қаңтар аралығында біздің кішкентай оқырмандарымыз «Ойлан да, ойна» атты ойын бағдарламасында шынайы Бабка-Ёжкамен кездесіп, анекдоттар еліне саяхат жасап, жаңа кітаптардың нұршашауының куәгері бола алды.



Жаңа жылыңызбен!

Бс, 29/12/2011 - 17:03 — admin

Жырмен өтсін күнің,
Таусылмасын сырың.
Батқан күнмен кетсін,
Мұңың болса бұрын.

Атқан таңмен атсын,
Ақ арманың гүлің.
Жүзің жарық болып,
Шалқып шықсын нұрың!
Жаңа жылдық тілек,
Осы болсын бүгін!




Аяз ата достарың шақырады

Бс, 29/12/2011 - 16:32 — admin

26 қаңтарда Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханада оқырмандар мен кітапхана қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық ертеңгілік өтті.

Бұл жолы да Аяз ата балаларға арнап көңілді де қызықтар ұсынды. Сонымен қатар ертеңгілікте бәрін бүлдіргіш Злючка, Қар ханым және бәріміздің сүйікті Ақшақарымызда қонақта болды. Мерекеде балалар қызықты ойындарды ойнап, көңілді сайыстарға қатысып,сиқырлы көріністерді тамашалады. Ғажайып жаңа жыл мерекесіндегі балаларға арналған ең басты қуаныш – ол Аяз атаның сиқырлы қапшығындағы тәтті сыйлықтар болды.



Ертегі елінде қоңақта

Сс, 13/12/2011 - 14:52 — admin

Жаңа жыл сөзін естігенде көз алдына не елестетер едіңдер? Шырша? Мейірімді Аяз ата? Балалардың бақытты күлкісі? Сендердің сүйікті мерекелеріңізге аз күндер қалды. Секунд, минут санап күтудесіңдер. Ал Облыстық балалар мен жасөспірімдер арналған кітапхананың өнер бөлімінде жаңа жылдың бастамасы басталып та кетті.

Әртүрлі заттардан жасалынған түрлі-түрлі шыршалар көз тойдырар емес. Бұл біздің кішкентай оқырмандарымыздың өздерінің сүйікті бұрыштарын нағыз ертегілер орманы етіп безендіргендері.

Ал бұл орманда адасып кетпеу үшін, жұлдызшалар тәрізді қар бүршігі нағыз керемет жаңа жылдың жолын табуға көмектеседі:



Кітапхана өз достарын жинайды

Сс, 13/12/2011 - 14:40 — admin

Тамаша мейрамдарды қарсы алуға санаулы күндер қалды.Қазіргі кезде Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханасында көңілді мерекелердің қызған кезі. Желтоқсанның тоғызы күні Алтынка өзінің сенімді оқырмандары №14 мектептің төртінші сынып оқушыларын мерекелі достық дастарқанына шақырды. Балалар біздің елімізде тұратын әр ұлттардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары жайында білімдерін толықтырып, сонымен қатар «Әуенің тап» ойының ойнап, дәмді бауырсақтан дәм татты.

Келген кішкентай қонақтарымыз жылулық сезім білдірген дастарқанда өздерің үлкен және тату-тәтті отбасының бір бөлшегі ретінде сезінді. Шара Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балалар мектебінің жоғары сынып оқушылары дайындаған мерекелік концерттімен жалғасты. Жас таланттар өнерлерімен келер аптаға тамаша көңіл күй сыйлады.


Синдикатты контент

Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 90 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана