Новости


Виртуалды ArtГалерея "Мен Қазақстанды бейнелеймін"

Ср, 02/12/2020 - 13:17 — Ольга А

Қазақстаным - отаным менің, жайнаған,

Туған жерім, бас иемің мен саған.

Өзіңде өсіп, ер жетіп мен келемін,

Мақтан етіп,Туған елім- Қазақстан!

Достар!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы  "Мен Қазақстанды бейнелеймін"виртуалды Artгалереясының ашылуы туралы хабарлайды.

Галерея 10-21 желтоқсан аралығында кітапхананың Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жұмыс істейді.

Виртуалды галереяның мүшесі болу үшін сізге электрондық пошта қажет abibliotechnaya@mail.ru немесе WhatsApp нөміріне 8 777 143 96 35 туған өлкеміздің таңғажайып табиғатына немесе қаламыздың жайлы бұрышына арналған өз суретіңізді жіберуіңіз қажет!

Сіздердің жұмыстарыңыз "Мен Қазақстанды бейнелеймін" виртуалды Artгалереясында лайықты орын алады!

Барлық ниет білдірушілерді шақырамыз!!!

#Мен_Қазақстанды_бейнелеймін #тәуелсіздік_күні #ArtГалерея #Ы.Алтынсарин_атындағы_кітапхана



Назарбаев - дәуір адамы

Жм, 27/11/2020 - 18:20 — Ольга А

Тұңғыш Президент күні қарсаңында біздің жас оқырмандарымызға "Назарбаев – дәуір адамы" атты Президенттік сағат ұсынылды. Бейне-презентацияның көмегімен Президенттің тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы маңызды рөлін ашып, еліміздің дамуы мен қалыптасуының тарихи оқиғаларымен таныстыра отырып, оның мақсаты Н. Ә.Назарбаевтың рөліне баса назар аудару, оқушылардың санасында мемлекеттілік құндылықтарын нығайту, ұлтаралық бейбітшілік пен келісім құндылықтарын насихаттау болды.



"Оқуды ілгерілету: дәстүрді сақтаймыз, жаңаны іздейміз"

Жм, 27/11/2020 - 18:00 — Ольга А

27 қарашада Қостанай облысының балалар кітапханалары мен аудандық және қалалық ОКЖ кітапханашылары үшін "Оқуды ілгерілету: дәстүрді сақтаймыз, жаңаны іздейміз" атты облыстық семинар өтті. Семинар онлайн форматта, ZOOM платформасында өтті.

Кәсіби мамандар арасында оқу туралы әңгіме өте мазмұнды болды.

Ол Ы.Алтынсарин ат. ОБЖК кітапханашысы Бек Маргарита  Абдулаевна дайындаған "Балалар мен жасөспірімдердің оқу белсенділігін ынталандыру жүйесіндегі ұрпақтардың өзара байланысу мәселелері" баяндамасынан басталды.

Педагогика ғылымдарының кандидаты, РФ, Челябинск қ. ОКДБ МКБК ғылыми жұмыс жөніндегі бас кітапханашысы Наталья Константиновна Сафонова, тақырыпты жалғастырып, қазіргі балалар және олардың ақпаратқа, атап айтқанда оқуға деген көзқарасы, сондай-ақ жаңа балалар әдебиеті туралы айтып берді.

Мария Валяева, "OYLA" ғылыми-көпшілік журналының шеф-редакторы, Алматы қ., өзінің "Ғылымды насихаттау: жақсы, нашар, қатыгез. Шешімі қандай?" баяндамасында танымал ғылыми әдебиеттер әлеміндегі жаңалықтар туралы және жалған танымал ғылыми әдебиеттердің желісіне қалай кірмеу туралы айтты.

Семинар белгілі қазақстандық прозашы, балалар жазушысы және Алматы қаласындағы ашық әдебиет мектебінің оқытушысы Елена Георгиевна Клепикованың қатысуымен аяқталды, ол ашық әдебиет мектебінің жұмысы туралы айтып, Қазақстан әдебиетінде жаңа есімдерді атап өтті.

Семинар, қатысушылардың өздері атап өткендей, бір деммен өтті.

Ал біз бұл жоба Қостанай облысының кітапхана қауымдастығының кәсіби өміріндегі жаңа кезеңде ынталандыру болады деп үміттенеміз.

Фото



Темекі шегу сәнде емес, салауатты өмір салты сәнді.

Жм, 27/11/2020 - 09:53 — Ольга А

Жыл сайын, қырық жылдан астам уақыт бойы бүкіл әлемде Халықаралық темекі шегуден бас тарту күніне арналған акциялар өткізіліп келеді. Жыл сайын темекіге тәуелділіктен және одан туындаған аурулардан кемінде 1 млн.адам қайтыс болады. Есте қаларлық күннің мәні -темекі шегу - жаман әдетінің таралуын азайту. Темекіні тұтыну әлемдегі өлімнің басты себебі болып саналады. № 2 емхананың психологы Круглова Лилиана Дмитриевна "Темекі шегу сәнді емес, салауатты өмір салты сәнді" темекі шегудің алдын алу бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге шақырды.



Сурет салу сабағы: Қар қиыршығы

Жм, 27/11/2020 - 09:50 — Ольга А

Сәлем! Бүгін бізде жаңа жылдық сабақ. Қыс жақындап келеді, барлық жерде дерлік қар жатыр, ал Оксана мен Костик кішкентайлар үшін қар қиыршығын жасау бойынша сабақ дайындады. Сабақ үшін бізге қажет: фломастерлер, қағаз парағы, қарындаштар немесе қылқаламы бар бояулар. Мұның бәрі сіздің қиялыңызға байланысты. Барлығына сәттілік!



Шеберлік сыныбы: күлтелі гүл

Жм, 27/11/2020 - 09:48 — Ольга А

Бүгінгі таңда барлық тілек білдірушілер үшін, атап айтқанда балалар үшін біздің тұрақты шеберіміз Анастасия гофрленген қағазбен жұмыс жасау техникасын үйретеді. Бұл қызықты әдіс сізге қағаздан "ковер түсіруге" мүмкіндік береді. Сонымен, бізге қажет: түрлі-түсті гофрленген қағаз (жұқа, қалың айырмашылық жоқ), тіс шұқығыш таяқша немесе сіріңкелер, үлгі шаблоны (біз оны кішкентайдан бастағанымыз жөн), ПВА желімі, қайшы, картон және сансыз шыдамдылық пен табандылық!



Егемен Қазақстанның тұңғыш Президенті

Бс, 26/11/2020 - 16:16 — Ольга А

Онлайн форматтағы тарихи саяхат

26 қарашада "Жанұя" отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін онлайн-форматта іс-шара өтті. Балалар "Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті" тарихи саяхатын жасады. Біздің еліміз бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде өзінің Тұңғыш Президентін таңдаған 1991 жылдың 1 желтоқсанынан бастау алатын мерекенің тарихымен танысты. 1991 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Тәуелсіз Қазақстанның тарихы басталды.

Іс-шараның соңында балаларды Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітаптармен таныстырды, сондай-ақ еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жазған кітаптар туралы әңгімеледі. Барлығы 7 кітап ұсынылды.



Әжемнің ертегілері: Ырыс алды - ынтымақ

Бс, 26/11/2020 - 08:09 — Ольга А

Балалар қалай ойлайсыңдар, буылған бір құшақ тобылғыны не ағаш бұтағын топпен сындыру оңай ма, әлде бір-бірден сындырған оңайма? Әрине, «бір-бірден» - деп жауап бересіңдер. Бірақ балалар сендерде достарынмен, сыныптастарынмен буылған тобылғыдай бірлікте болсаңдар, сендерді ешкім сындырмақ түгіл, майыстыра да алмайды. Ал біздің ертегімізде де басты кейіпкерлер керісінше оңай жағын алып, бір-бірден сындырып, өз бірліктерін жоғалтып ала жаздады. Бірақ ақылды қария әкелері олардың кемшіліктерін бастарына басып, бір-бірлерінмен әрқашанда «Ырыс алды - ынтымақта» болып, өмір сүрсеңдер, сендердің қамалдарынды ешкімде бұза алмас деп түсіңдірген екен.



Оқуды ілгерілету: дәстүрді сақтаймыз, жаңаны іздейміз

Ср, 25/11/2020 - 10:05 — Ольга А

27 қарашада Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

"Оқуды ілгерілету: дәстүрді сақтаймыз, жаңаны іздейміз" онлайн семинарын өткізеді.

Семинар бағдарламасындағы баяндамалар:

  • «Балалар мен жасөспірімдердің оқу белсенділігін ынталандыру үрдісінде ұрпақтардың өзара қарым-қатынас мәселелері»

Бек М. А., автоматтандыру бөлімінің кіапханашысы.

  • «Заманауи балалар: кездесу орны», «Жаңа балалар әдебиеті, даму тренді»

Сафонова Н. К.,  педагогика ғылымдарының кандидаты,

РФ, Челябі қ. ОКДБ БКОЖ ғылыми жұмыс бойынша бас кітапханашысы.

  • «Ғылыми дәріптеу: жақсы, нашар, қатыгез. Шешімі қандай?»

Валяева М., «OYLA» ғылыми-көпшілік журналының шеф-редакторы,  Алматы қ.

  • "Алматының ашық әдеби мектебі және әдеби кеңістікті қалыптастыру" прозашы, балалар жазушысы, ААӘМ әдеби мектебінің оқытушысы

 Клепикова Е. Г. кездесу. Алматы қ.

Онлайн семинар ZOOM платформасында өткізіледі.

Басталуы 9.20



Ойла: Бейне-блогер бол

Ср, 25/11/2020 - 07:52 — Ольга А

Танымал бейне блогер болғыңыз келе ме? Нағыз кәсіпқой ма? У. Путнэмнің 2019 жылы жарық көрген "Стань видео-блогером: подробное руководство" кітабы сізге көптеген пайдалы лайфхактарды ұсынады, сапалы контент жасауға үйретеді, түсірілім мен орнатудың құпиялары туралы айтады. Сен мақсатты аудиториямен сауатты қарым-қатынас жасауды, жарнамамен жұмыс істеуді, бейне монтажды және т. б. біле аласың!


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 106 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана